Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммерциялық емес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
425.83 Кб
Скачать

8.5 Сурет– Абоненттік қатынаудың цифрлық желісі

 

9 дәріс. Қатынаудың оптикалық желісі

Дәрістің мақсаты: V.5 және FTTx технологиясының оптикалық қатынау жүйесі, оның сипаттамалары мен құрылымын студенттің меңгеруі.

Мазмұны:

   V.5 протоколы, V.5.1 және V.5.2 интерфейстері, олардың ерекшеліктері. Тасушы арна протоколдарының тағайындалуы;

   FTTx технологиясы. Олардың  ерекшеліктері, параметрлері, мысалдары.

   Қатынаудың оптикалық жүйесі.

V.5 протоколы, V.5.1 және V.5.2 интерфейстері, олардың ерекшеліктері. Тағайындалған тасушы арна протоколдары

Интерфейстің екі типін құрайтын V.5 аталған, абоненттік қатынас жүйесі үшін құралған жаңа цифрлық стандарт ETSI және  ITU спецификациясы V.5 V.5.1 V.5.2 интерфейстерінің 2 әртүрлі  көрсетілуін табатын, арналарды қосу тәсілі.

V.5.1 стандартты (протокол, интерфейс) арналардың динамикалық концентрациясыз (тек қана статикалық мулбтиплексорлау рұқсат етіледі.)  2048 кбит/с өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оны техникалық түрде   СТОП немесе ISDN BRI арналары көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұл стандарт тіреуіш желіге түйіні  қызметін және қатынау желісі арасында басқарушы ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін арна, сонымен қатар деректерді таратуды анықтайды. Осы арна көмегімен ISDN BRI порты босатылады немесе белгіленеді(порт ретінде бұл жағдайда UNI интерфейсін қамтамасыз ететін көрсету түйінінің ресурстары алынады), сонымен қатар олардың блокировкасы іске асырылуы.

 V.5.2 стандарты (протокол интерфейс) арналарының динамикалық концентрация  мүмкіндігін қарастырады. Онда әрқайсысы 2048 кбит/с өткізу мүмкіндігі мен 16 ағынға дейін қолдануға мүмкіндік беретін құрама интерфейс сипатталған. Сонымен қатар V.5.2 стандарты СТОП немесе ISDN BRI порттарының белгіленуі ғана емес, сондай-ақ ISDN РRI –да мүмкіндік береді. Сигнализация немесе басқаруға қатысты осы стандарттың спецификациясы V.5.1 деп ерекшеленбейді, бірақ V.5.2 қатынау түйіні қажетті UNI қосылуы өзі инициализация  жасай алатын , байланысты басқару арнайы арнасын белгілеуді де қарастырады.

Тағайындалған тасушы арна протоколдары

Бұл прооколдың мүмкіндіктері V.5.2 интерфейсінің басты артықшылықтарын анықтайды және қазіргі заманғы коммутация түйінінің құрылымын революциялауға мүмкіндік береді.  ВСС протоколы көмегімен АТС абоненттік құрылғысының физикалық өлшемдерін кенет азайтуға болады, осындай үлкен емес түйіндердің санынан тұратын барлық телекоммуникациялық жүйені үлкен деңгейде  бірнеше V.5.2 интерфейстерін ауыстыру арқылы жасалады.

V.5.1 интерфейсінің тасушы арналары цифрлық арна қолданушы тракттарына бекітілген,яғни әр интерфейстің қолданылатын тасушы арнасы және сәйкес қолданушы порт арнасы арасында әр кезде байланыс болады. V.5.2 интерфейсіммен тасушы арналардың қолданушы порт арналарына қатаң бекітілуі жоқ. V.5.2  интерфейсінің  тасушы арнасы тек осы қызметті қолдану уақытына ғана талап етілетін байланыс қызметі үшін қолданушы порт  арнасына ғана арналған. Сондықтан кез-келген интерфейс тасушы арнсының қолданушы порт арнасымен байланысы оперативті коммутирленген болып келеді.  Осындай оперативті коммутирленген байланыстары В байланыстары деп атайтын боламыз.

FTTx технологиясы. Олардың ерекшеліктері, параметрлері, мысалдары

Кең жолақты қатынаудың дамуда перспектифті бағыты жеке және коорпаративті қолданушыларға қызмет көрсету үшін опто-волоконды сызықтарды қолдану болып табылады.  Осындай бағыт оптикадан х дейін концепциясында жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде қолданушы порты кең жолақты қызметтерді көрсету үшін қатынау желілерінің аралас мыс оптикалық қатынау желілері қолданылады. Аралас типті қатынау желісін ұйымдастырудың  бірнеше концепциялары бар олардың біреуі HFC(Hybrit Fiber Coaxial) –оптикалық концентрациясына дейін жеткізілуін ұсынады. Осыны ескере отырып үйлестіруші абоненттік желі коаксиалды кабель негізінде құрылады. Бұл архитектура кең қолданыс тапқан жоқ  және кабельдік телевидение операторларымен қолданылады.

FTTx  концепциясының түрлерін түсіндіретін басқа концепция , FTTB (Fyber To The Building) деп аталады, яғни байланыстың опто-волоконды сызығы офиске дейін жүргізу . FTTB концепциясы бойынша сигналдарды мекеме ішіндегі абоненттер арасында үйлестіруші VDSL қолданумен виталық сым жұп бойынща іске асырылады.

FTTx концепциясының бірнеше нұсқаларын атап өтейік:

   FTTH (Fyber To Home) –ВОЛС-ты үйге дейін жеткізу;

   FTTP (Fyber To Premises) – жалпылама түсінік, FTTH және FTTB нұсқаларын біріктіру;

   FTTO (Fyber To Office)- FTTB –ге анологты түсінік.

   FTTC (Fyber To Curb)-ВЛОС-тің үйлестіруші шкаф орнатылған жерге дейін жүргізілуі;

   FTTCab (Fyber To The Cabinet)- FTTС –ға аналогты түсінік;

   FTTR (Fyber To Remote)- ВОЛС-тің шеткі модуль, концентратоға дейінгі жеткізілуі;

   -FTTOpt(Fyber To The Optimum) –ВОЛС-ың оператор көз-қарасы бойынша оптималды пункке дейін жеткізу;

   FTTH және FTTB қатынау нұсқасы кең қолданысқа ие болған жоқ, іс жүзінде қазіргі шарттарға қолдануға болатын концепциялар FTTС, FTTR, FTTCab, FTTOrt қолданылады.

BroardAccess қатынаудың абоненттік жүйесі

Жүйенің сипаттамалары:

1. Модульдік жүйе.

2. Сыйымдылығы 240, 480, 960, 1920.

3. Таратылатын орта: мыс, оптика, радиоарна.

4. АТС-ке интерфейс : V.5.1,  V.5.2 , 2W(екісымды),  E.1, STM 1-SDN(UNI).

5. Таратылатын орта технологиясы: STM 1-SDN-оптика, STM 4-SDN-оптика, PDH-34Мбит/с –оптика (радиоарна), Е1(G703)-мыс, HDSL-2 Мбит/с –мыс.

6. Топологиясы: нүкте-нүкте, жұлдызша, сақина.

 Құрылымы:

1.      CU блогы –орталық терминал (станциялық блок), Коммутаторға жүйені қосуды тағайыедау.

2.      RU блогы – шеткі блок (абоненттік блок). Интерфейстің әр типі бойынша қосуды тағайындау.

Қосылудың мысалдары 9.1 суретте көрсетілген.

Қызметтері:

POTS (аналогтық), таксафондар U-ISDN, 2B1Q/4B3D 64 кбит/с  2W, N x 64 кбит/с (V.35/36, G.703), PLAR магнето, байланыстыратын сызық, шеткі УАТС,  2/4W+EsM, LLSI ерекшеленген сызықтар,  DDI, DDO 10BaseT (ADSL) ,E1() G.703, ADSL.

V.5 протоколын қолданылатын BroardAccess қатынау абоненттік желісі деректерді және дыбыстарды тарату қызметтерінің соңғы шешімдерін қамтамасыз етеді. Желі ретінде , абоненттік қатынау жүйесі V.5. интерфейсімен жабдықталған , АТС-пен  жүйені интегралдауға мүмкіндік беретрін V.5.1 және V.5.2 қатынау желісінің интерфейсінің ITU стандартына негізделген ашық жүйелерге сәйкес құрастырылған.

Жүйенің басты қасиеттеріне келесілерді жатқызуға болады.

   Ашық интерфейс: V.5.1 және V.5.2 немесе кез-келген АТС-ке стыксыз қосылуға мүмкіндік беретін 2 сымды аналогты интерфейс.

   жоғары тығыздық бір «кассетада»  40  дейінгі  абоненттік сызықтар;

Модельдік архитектура: 1 шкафта 16-дан   1920- дейінгі абоненттік сызықтарды масштабтау және кез келген нақты желіде саны шексіз сызықтар сервис провайдер желісіне қатынасты экономды  және заказ беруші талабына қарай мүмкіндік береді.

   Мультисервистік платформа: көптеген қызмет қолдауы PSTN –ді таксафон, офистік сызықтар, АТС (РАВХ), аналогтыжалға берілген арналар, ISDN интегралданған қызмет көрсетудің цифрлы желіге қатыныс және цифрлық мәліметтерді жоғары жылдамдықта тарату ADSL.

   Ыңғайлы топология: «нүкте-нүкте», «жұлдызша», «арналарды қосып ажырату» және «өз қалпына келетін сақина»;

   Желіге орталықтандырылған басқару: бірнеше орталық түйіндерді  және барлық желіні бір желіден басқаруды қамтамасыз етеді.

CU шкафы 2600 және 2200 мм биіктіктегі полкалы жүйеге сиятын ені 600 мм және тереңдігі  650 мм корпус ұсынады. Ол  төмендегілермен біріктіріледі: «себет» жүйесімен, (MCU)дың жүргізілуімен басқару құрылғысынан, (PDP) электроқорегін үлестіру панелімен. Әр шкаф 48 В тұрақты кернеу көзімен жұмыс істейді.

Көшелік шкаф RU өзіне 240,480,960,1920 абоненттерді кіргізе алады. Шкафтың келесі құрылғыларды кіргізу мүмкіндігі бар: кәбілдік  қорғаныс блогы, (PDP) электрқоректендіру бөлгіш панелі, (ECВ) қоршаған ортаның басқару блогы, Broad Access-тің бес кассетасына дейін, (MCU)дың жүргізілуімен бір  басқару құрылғысы, электрлік қамтаманың бір полкісі, батареялар (50 немесе 100 А\сағ)

 



9.1 Сурет - BroadAccessке қосылудың түрлі типтері

 

 

10 дәріс. Triple Play желісі

Дәрістің максаты:  Triple Play желілерін студенттердің оқып білуі.

Мазмұны:

   Triple Play түсінігі;

   Triple Play қызмет көрсету;

   Triple Play жүзеге асыру әдістері.

Triple Play түсінігі

Triple Play  термині әдетте : бір ағында видео және мәліметтер, дыбыс тарату қызметтері сияқты болып жайылады.

Triple Play қызмет көрсетулері