
- •050719 – Радиотехника, электроника, телекоммуникация
- •1.1 Сурет– ақж элементарлық құрылғысы
- •1.2 Сурет– Абоненттік линия
- •1.3 Сурет– Абоненттік таратқыш желі құрылымы
- •1.4 Сурет - Телефондық аппараттың біріктірілген қосылысы
- •1.5 Сурет -Таратылатын ажт сигналдарының спектрі
- •2.1 Сурет– Ішкі станцияның қолданылуы
- •2.2 Сурет– алцтж қосылу принципі
- •Isdn – Integrated Services Digital Network
- •3.3 Сурет–isdNнің ақж құрылымы
- •Isdn (bri, pri)-де қатынауды ұйымдастыру
- •4.1 Сурет - s интерфейсінің құрылымы
- •4.2 Сурет - s интерфейсінің цикл құрылымы
- •4.3 Сурет–xDsl технологиясының классификациясы
- •5.1 Сурет– Цифрлық атс арасындағы станция аралық байланыс
- •5.2 Сурет - adsl технологиясы үшін функционалдық сұлба
- •5.3 Сурет – Ағымдардың dmTде бөліну әдісі
- •5.4 Сурет– Ағымдарды бөлу әдісі – компенсация жаңғырығы
- •5.5 Сурет - vdsl архитектурасы
- •6.1 Сурет - Әр түрлі жүйелердегі көптік қатынау ұйымдастырылуы
- •6.2 Сурет–ст-2 стандарты
- •6.3 Сурет– Уақыттық кадрлар
- •6.4 Сурет–tangara Wireless жүйе құрылымы
- •7.1 Сурет - ftdma интервалының уақытша/ тасушы сәулеті
- •8.1Сурет - іеее 802.11 стек хаттамасы
- •8.2 Сурет– Адаптерлер
- •8.3 Сурет– Қатынау нүктесі
- •8.4 Сурет–Абоненттік қызметтің аналогты желісі
- •8.5 Сурет– Абоненттік қатынаудың цифрлық желісі
- •V.5 протоколы, V.5.1 және V.5.2 интерфейстері, олардың ерекшеліктері. Тағайындалған тасушы арна протоколдары
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Автоматты электрбайланыс кафедрасы
Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері
050719 – Радиотехника, электроника, телекоммуникация
мамандығы бойынша дайындалатын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы
Алматы 2009
ҚұрастырУШЫЛАР: А.Д.Мухамеджанова., Ю.М.Гармашова. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері. 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша дайындалатын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБИ, 2009.- 52 б.
«Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері» пәні бойынша он екі дәрістің жинағы баяндалған. Онда абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу және функциялау негіздері келтірілген.
Кіріспе
Пәннің жүргізілу мақсаты абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу және функциялау негіздерін игеру болып табылады.
Бұл пән желіде қолданылатын сымды және сымсыз абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің, хаттамаларының, тарату түрлерінің функциялау және құрылу негіздерін қарастырады. Сонымен қатар, бұл пәнде абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінде қолданылатын барлық технологиялар көрсетілген.
Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің функционалдығын және құрылымының негізгі принциптерін меңгеру арқылы әрбір студент абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілеріне анализ, жобалау, эксплуатация жасай алады және жаңа желілерді жобалау кезінде эксплуатация жағынан тиімді техникалық шешімдер ұсына алады.
Пәннің жүргізілу мақсаты абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерін құру және функциялаудың негізгі принциптерін меңгерген студенттерді телекоммуникациялық желілер байланысының және олардың квалификациялық эксплуатациясының қажет мәселелелерін шешу үшін дайындау болып табылады.
Пәнді оқытудың мәселесі болып абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу принциптері мен функциалануын, желілердің есептеу параметрлерін студенттердің игеруі болып табылады.
Оқу жоспарында берілген пән үшін 3 кредит, яғни 135 сағат бөлінеді, оның аудиториялық сабаққа кіретіні -52, өзіндік жұмысқа кіретіні - 90 сағат.
Кредит тер саны |
Курс |
Семестр |
Аудиториялық сабақтар |
Дәрістер |
Тәжірибелік сабақтар |
Зертх. жұмыстар |
КЖ |
Емти хан |
3 |
4 |
8 |
52 сағ. |
1,5 (22 сағ.) |
1 (16 сағ.) |
0,5 (16сағ.) |
8 |
8 |
№1 дәріс. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің (АҚМЖ) негізгі түсініктері
Дәрістің мақсаты: абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі түсініктерінің: анықтамалары, АЛ, қатынау желісінің құрылымы, абоненттердің қосылуын ұйымдастыру тәсілдерінің студенттермен игерілуі.
Мазмұны:
абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі анықтамалары;
абоненттік линия түсінігі;
абоненттік линияның түрлері және параметрлері;
абоненттік таратқыш желінің құрылымы;
абоненттік желіні құру әдістері: қосарланған қосылу, арна ұйымдастыратын құрылғының қолданылуы.
Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі анықтамалары.
(ҚЖ) «қатынау желісі» термині access network деген ағылшын тіркесінен шыққан. Кейде телекоммуникациялық желінің жалпы құрылымында ҚЖ-ның орнын ерекшелендіру үшін «абоненттік қатынау желісі» деген орысша толық аударылымы қолданылады.
Абоненттік қатынау желісі - телефондық розеткадан транзиттік желінің (коммутатордың) шеткі құрылғысына дейінгі бөлігіне қатысты, ол тек қана абоненттік линияға (АЛ) қатысты.
|
|
|
|