Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дзз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

7.Әуеғарыштық түсірілімдерді атаңыз

Ұшақтан суретке түсірулердің бірнеше түрлері бар: аэрофотографиялық,жылулық инфрақызыл,радиолокациялы және тағы басқа.

Дәстүрлі аэроәдістер құрамында былай деп аталатын геофизикалық түсірілімдер бар: аэромагнитті,аэрорадиометрлі, аэроспектрометрлі. Осы түсірілімдердің нәтижесінде сурет емес,зерттелетін обьекттер туралы ақпарат алады. Түсірулердің кең таралғаны аэрофотографиялық болып табылады.

Аэрофотоаппараттар оптикалық осінің бағыттарына байланысты жоспарлы және перспективалы аэрофотосуреттер болып бөлінеді. Аэрофотоаппараттың оптикалық осі жоспарыл аэрофототүсіруді тік жағдайларға алып келіп, суретті көлденең түрде көрсетеді. Аэротүсіретін ұшақ бір маршрут бойымен ұшу кезінде ауытқу және қиратылу бұрыштарымен сипатталатын бұрмаланушылықтарды таратады. Жергілікті жердің бедерін түсіру көп маршрутты және маршрутты болып бөлінеді.Маршрутты аэрофототүсірілім өзен аңғарларын,жағалауларды , жолдарды зерттегенде қолданылады. Маршрутты аэрофототүсірілім кезінде қол аэрофотоаппараттарымен сандық фотокамера қолданған ыңғайлы.

Көп маршрутты аэрофототүсірілім ең үлкен өндірістік қолдануда, топографиялық түсірілімдерде қолданылады.

Ғарыштық түсірілімдер.

Ғарыштық түсірілімдерді 150км ден астам биіктіктен, аспантар механиканың заңдарымен сәйкес жылысқан серіктен қатал қойылған орбитада орындалады. Серіктердің орбиталары. Орбиталардың маңызды негізгі параметрлері ретінде көздің нүктесімен ғарыштық түсірулердің жер беттері: формасы, оның жазықтығының биіктік, күнге қарағанда жағдайы. Орбитаның формасы орбитанығ әртүрлі бөлімшелеріне түсіпуді биіктіктің тұрақтылығын анықтайды.

Серіктер әр түрлі биіктіктерде жұмыс істейді. Атмосфераның кедергісі аласа орбиталарда айтарлықтай білінеді. Жерді түсіруде орбиталардың 3 тобы ерекшеленеді: 1ші тобы: жұмыс жасауды қысқа уақыт туралы ұшуды меңгерілетін кемелер,орбиталық станциялардың орбитасы, сонымен бірге фототүсірудің серіктері қосады.

2ші тобы:электрондық аппаратурасы бар қор және метеорологиялы серіктердің орбиталары кіреді.

3ші топ: бұл геотұрақты серіктердің орбитасы: 36000 км ді биіктікте серіктің қозғалысының бұрыштық жылдамдығы жерді айналуда бұрыштық жылдамдыққа тең сондықтанда серік жер бетінің спутникті нүктесімен синхронды жылжиды.

Экватор орбитасында геотұрақты серік,оның тұрақты қадағалауын жерді нақтылы ауданның үстінде сияқты тоқтап тұра қамтамасыз етеді.

8.Әуеғарыштық түсіру түрлері және оның классификациясына сипаттама беріңіз

Космостық түсірілімдердің классификациясы. Түсірілген суреттермен географтар жұмыс істеу барысында ең негізгісі болып түсірілімнің спектрлік диапазоны табылады, ол обьектінің биогеофизикалық сипаттамасын береді сонымен қатар алынып отрыған суреттің технологиясын түсіндіреді ол суреттің бейнелеу және радиометрлік, геометриялық құрылымдарына байланысты. Бұл екі сипаттама космостық суреттердің классификациялық негізін көрсетеді.

Спектральды диапазон суреттерінің негізгі белгілеріне байланысыты 3тобы бар:

Көрінетін, таяу және орта инфрақызыл диапазон, оны басқаша түсті деп атайды.

Жылы инфрақызыл диапазон

Радиодиапазон

Түсті диапазондағы түсірілімдердің алу технологиясы фотографиялық және сканерлі деп аталады.

Түрлері: жаһандық, өңірлік,локальдық.

Масштабына байланысты: жоғары ұсақ масштабты,ұсақ масштабы,орта масштабты, ірі масштабты.

Кеңістікте таралуы бойынша: төмен,орташа,ірі көлемде таралған суреттер.

Негізгі түсірілім түрлерінің сипаттамасы:

Фотографиялық түсірілімдер фотографиялық камералардың көмегімен алынған суреттер. Тапографиялық картографияға ақ-қара панхроматикалық түсірілімдерді қолданады,тақырыптық –көпзоналы және спектрозоналы, негізінен түрлі түсті болады.

Сканерлі түсірілімдер көрінетін және таяу инфрақызыл диапазондағы радиоканалдар арқылы берілетін оптико-механикалық сканерлер арқылы алынған суреттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]