Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дзз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

3.Әуеғарыштық зерттеулердің қысқаша даму тарихына сипаттама беріңіз

Бастапқы кезең. Алғашқы бақылау және ауадан фотоға түсіру ХІХ ғасырдың ортасына сәйкес келеді. Францияның әскери офицері Гаспар Турнашон (Надар) 1859 жылы әуе шарынан Париж қаласына жақын елді-мекенді суретке түсірген.

Ал Ресейде алғашқы фототүсірістер әуе шарының арқасында 1886 жылы әскери әуе тобының бастығы А. М. Кованьконың арқасында жүзеге асқан. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ұшқыны ұшақтан түсірілген суреттердің дамуына көп септігін тигізді.

1916 жылы Орыс әскерінің барлау бөлімдерінде арнайы фотометриялық бөлімшелер құрылды. Олардың міндеттеріне әуе суреттерді дешифрлеу, алынған нәтижелерді картаға енгізу және әр түрлі әскери мақсаттағы карта жасау кірді.

1920 жылдар. Бірінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Ұлыбританияда, АҚШ-та, Францияда, ал кейінірек Германияда әскерлерінің жинаған тәжірибелері ауыл шаруашылығында қолданыла бастады.

1919 жылдың наурызында қабылданған Жоғарғы Геозезиялық Басқару жайлы Қаулы аэротүсірістердің қарқынды дамуына жол ашты. Аэрофототопографиялық бөлім құрылды. Соның арқасында әр түрлі аэрофотоларды картографиялық мақсаттарда қолдану үшін тәжірибелі жұмыстар жүргізілді.

1924 жылдан бастап зерттелмеген аудандардың топографиялық карталарын құрастыруды мақсат етіп қойып, алғаш рет орман шаруашылығы мен жол салуда аэрофотосуреттер қолданылды.

1930 жылдар. Бұл кезеңде аэрофотосуреттер геологияда, ормандарды зерттеуде және эксплуатациялауда, сонымен қатар Арктиканы зертттеуде қолданылды. Және осы кезеңге тәжірибе түрінде аэрофотосуреттердің шөлдерді зерттеуде, өзендерді, батпақтарды және жер бедерін зерттеуде қолданылғандығы сайма-сай келеді. Аэротүсіріс осы кезеңде қол жетпейтін аудандарды зерттеуде, ол аудандарда жұмыс жүргізуде жаңа тәсіл болып табылды.

1940 жылдар. Екінші дүниежүзілік соғыс әуеден, космостан түсірілген суреттердің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай оны түсірістің жаңа тәсілдерімен де толықтырды. Жаңа спектрзоналдық пленка пайда болды. Ол пленканы американдықтар «түрлі түсті инфрақызыл» деп қолданған. Осы пленканың арқасында өсімдік жамылғысын және әскери базаларды және басқа да нысандарды түрлі түстермен ажырату мүмкіндігі туған.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде де КСРО-да соғыстың алдында басталған топографиялық және картографиялық жұмыстар жалғасын тапты. 1949 жылы масштабы 1:100 ООО топографиялық картасы құрастырылып бітті. Бұл ұлы жетістік бүкіл елдің аумағын картографиялық зерттеу Географиялық ұйымның алтын белгісімен марапатталды. Бұл картаның құрастырылуы аэрофотосуреттердің және оларды камералды дешифрлеудің арқасында жүзеге асты. Осы сәттен бастап топографиялық картографияда суреттерді дешифрлеу міндетті жұмысқа айналды.

1950 жылдары әскери мақсатттарда дешифрлеудің және түсірістердің методикасы жасалынды. Аэрофотосуреттердің ғылымда, басқа да көптеген салаларда практика түрінде кеңінен қолданылды.

1960 жылдары тәжірибе көптеп жинақталды. Суреттерді дешифрлеудің негізі жасалынды.

1970 жылдар космостық тәсілдердің кең қолданылуымен ерекшеленеді.

1972 жылы АҚШ орбитаға Ландсат (Landsat) автоматты спутнигін ұшырды. Спутникте сканер орналасқан. Ол сканердің көмегімен 4 зонада 57x79 өлшемі бойынша табиғат ресурстары орналасқан жерлерді зерттеу, сол аймақты көпзоналды суреттерге түсіру мүмкін болды.

1980 жылдар - аэрокосмостық мәліметтердің Жер бетін картографиялық зерттеулері үшін және көптеген басқа да салаларда қолданылуы. Практика жүзінде жаңа геоинформациялық технологиялардың және компьютерлердің практикада кеңінен қолданылуына байланысты суреттерді компьютерлік өңдеу жүзеге аса бастады.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІғасырдың басы. Космостан мәліметтердің алынуы оңайға түсті.

Бұрын бірнеше елдің әр түрлі спутниктерінің сканерлері арқылы 1-метрден 15 метрге дейін 3-4 және одан да аз канал пиксель мәлімет алатын болса, технологияның дамуына байланысты оның мөлшері 7-15 пиксельге жетті. Гиперспектрлі 32-200 канал бойынша түсіріс жасайтын спектрометрлер пайда болды.

Бұл кезеңнің артықшылығы - АҚШ пен Ресейдің әскери ұйымдарының арқасында жасалынған космостық түсірістер (түсірістердің өлшемі 1-2 метр пиксель) туралы мәліметтердің қол жетімді болуы. Соңғы жылдары түсірістерді компьютерлік дешифрлеу арқылы аэрофотосуреттердің қолжетімділігі, сандық таралуы байқалып отыр.

Д.ж. ең алғашқы жасанды ҚШ та Эскплоурер 1 ұшырылады. Кейінірек басқа елдер де де ұшырылады.

26.11.1965 Франция

11.02.1970 Жапония Осуми

24.04.1970 Қытай

28.10.1971 Ұлыбритания Просперо

18.07.1980 Үндістан Рохини

4.Әуеғарыштық тәсілдердің физикалық негізін көрсетіңіз

Аэрокосмостық зоналау екі бір бірімен тығыз байланысты бөлімнен тұрады: инженерлік техникалық және табиғи ғылыми. Біріншісі суреттерді алумен байланысты болса, екіншісі олардың қолданылуымен байланысты.

Электромагнитті спектр.

Электромагнитті толқындардың кезектесіп келуін олардың ұзындығымен классификациялануын электромагнитті толқындардың спектрі деп аталады.

Қазіргі заманғы аэрокосмостық әдістердің көбісі оптикалық ультра қысқа 0,3мкм ден 3м ұзындықтағы радиотолқындардың қолданылуына негізделеді.

Оптикалық толқындардың құрамында (0,001 — 1000 мкм) ультракүлгін(0,001—0,4 мкм), көрінетін (0.4 — 0,8 мкм) және инфрақызыл (0,8— 1000 мкм) диапазондар бар.

Көрінетін диапазонда көзбен түстерді ажыратуға болады, ол жердегі түстер (жеті үрге бөлінеді: күлгін (380—450), көк (450 — 480), көгілдір (480— 500), жасыл (500 — 560), сары (560 — 590), қызыл сары (590— 620) және қызыл (620 — 750).

Инфрақызыл сәуленің диапазоны диапазоншықтарға бөлінеді: таяу(0,8— 1,3), орташа (1,3 — 3) алыс (3— 1000).

Табиғи обьектілердің спектрлі шағылу қасиеттері

Тау жыныстары және топырақтар қызыл зона спетрна дейінгі спектр айқындылығының жоғарғы коэффициентілігімен сипатталады. Тау жыныстарының спектрлік айқындылығы құрамына кіретін минералдар мен элементтерге байланысты болса ал, топырақтарда құрамына кіретін темір мен гумустың мөлшеіне байланысты болады .

Өсімдік жамылғысы жасыл өсімдіктерде максимум шағылуымен қызыл өсімдіктерде минимум шағылуымен сипатталады.

Су жамылғысы шағылудың ең төмен болуымен және монотонды азайтылуымен сипатталады.

Қар жамылғысы спектрлік айқындылықтың анағұрлым жоғарғы коэффициенттілігімен және олардың инфрақызыл спектрларда төмендеуімен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]