Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дзз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

32.Ғарыштық суреттердің негізгі түрлерін атаңыз

Ғарыштық түсірулерді жүзеге асыру нысандардың электромагнитті сәулелерді сәулелендіру немесе шаңылыстыру қасиетіне тікелей байланысты.

Спектрлі диапазон бойынша ғарыштық сүреттер 3 негізгі топқа бөлінеді:

  • Көрінетін және жақын инфрақызыл диапазондағы сүреттер;

  • Жылу инфрақызыл диапазондағы сүреттер;

  • Радиодиапазондағы сүреттер;

Элактромагнитті толқындар ұзындығы бойынша жіктеледі.

Оптикалық толқындар үлескісі (0,001-1000 мкм):

Үлтракүлгін (0,4мкм),

Көрінетін (0,4-0,8 мкм),

Инфрақызыл диапазондар кіреді.

Көрінетін диапазон түстеріне байланысты келесі зоналарға бөлінеді:

  • Күлгін 390-450 нм

  • Көк 450-480 нм

  • Көгілдір 480-510 нм

  • Жасыл 510-550 нм

  • Сары- жасыл 550-575 нм

  • Сары 575-585 нм

  • Қызыл-сары 585-620 нм

  • Қызыл 620-880 нм

Инфрақызыл диапазон келесі түрге бөлінеді:

Жақын 105 мкм, аз,

Орта 1,5-3 мкм,

Алыс немесе жылу 3 мкм көп.

Көрінетін, жақын және орта ИҚ- диапазондарды бір жарық диапазонына біріктіреді, оларға бір тіркейтін құрал пайдаланылады.

Түсіру түрі бейненің қалыптасу технологиясында анықтайды. Түсіру түріне қарай сүреттер: фотографиялық, фототеледидарлық, сканерлік сүреттерге бөлінеді.

33.Стерофотограметрялық құралдарды сипаттаңыз

Суреттерде стереоскопиялық бақылау мен оларды өлшеу үшин көбіне стереоскоптарды қолданады. Олар екіге бөлінеді: біреуі жәй стереоскопиялық коссуреттерді қарауға арналса, ал екіншісі-стереоскоптар, олар көлденең және вертикальды тік бағытта өлшеу жүргізу және әуесуреттер арқылы жергілікті жердің сұлбаларынын гоизонтальдармен сызуға арналған. Қарапайым линзалы-айналы(ЛА) стерескоптың екі айнасы болады. Айналардың арасындағы оң линзалар арқылы суретті1,5 есе ұлғайтып көруге болады. Айналы стереоскоптың линзалы-айналы стерескоптан айырмашылығы-оның екі ұлғайтушысы бар: 1 және 3,5. Кейде айналы стерескоппен бірге көлденең паралласкасты өлшеу үшін параллаксометрді қолданады. Интерпретоскоп- бұл тұрақты стерескоп, оның ұлғайтушысы 1,5 есе ұлғайтып құрауға ыңғайлы және биокулялы параллаксомермен параллаксты өлшеуге болады. Стереокомпаратор- стереофотограмметриялық құралдарының ішіндегі негізгі құрал. Ол жазық жерлердегі координаттар мен параллакстарды өлшеуге арналған, оның өлшеу нақтылығы 0,01 мм. Аспап арқылы өлшеп алған сандық шаманы бір нүктенің екінші нүктеден биіктігін анықтауға, сызық ұзындығын және нүктенің кординаттарын өлшеуге қолданады.

34.Әуеғарыштық түсірістерді дешифрлеу терминіне түсінік беріңіз

Біз нысандарды олардың ерекше қасиеттеріне сүйене отырып айырамыз. Нысандардың қасиеттері түрлі әдістер бойынша анықталуы мүмкін, сонымен қатар суреттер бойынша - космостан немесе ауадан арнайы құрал-жабдықпен түсірілген екі жақты сурет бойынша.

Суреттер карталар мен басқа да геобейнелер үшін қалыпты ақиқаттық бейне ретінде қарастырылуы мүмкін. Ақиқаттық нысандар суреттерде кішірейтілген түрінде, жеке бөліктерін жоғалту арқасында, түсірістің негізгі түрі - бейнелер оларда генерализденген, нысандардың қасиеттері (өлшемі мен анықтығы) сығылған. Аэрокосмостық бейнелердің генерализдену деңгейі ең алдымен түсірістің техникалық параметріне (бірінші кезекте масштабына) және ауматың табиғи ерекшеліктеріне байланысты.

Аэрокосмостық және картографиялық суреттердің генерализациясын принципті айыру мақсаттты, творчествалық, біріншінің болжалданған мінездемесінде және екіншінің анық болжалданбауында.

Түсірісте техникалық параметрлер белгілі-бір ұсыныстарға жауап берсе де, түсірісте ненің қалай бейнеленетінін алдын-ала тура болжау мүмкін болмайды.

Аэрокосмостық түсірістердің ерекшеліктері нысандарды олардың аэрокосмостық бейнелері арқылы танып білуді қиын тапсырма етіп қояды, белгелі білім мен тәжірибені талап етеді: суреттерде бәрінің көрінісін табады, тек кейбір нысандардың қасиеттері: кейбір қасиеттер жоғалып кетеді, ал басқалары - жиі сығылады;

түсірісте нысан жағдайының белгілі-бір сәті ғана түсіп қалады, ал біз керісінше қоршаған әлемді даму үдерісінде деп қабылдаймыз;

суретте бір ғана нысанның бейнесінің өзі көптеген факторларға байланысты өзгермелі;

Аэросуреттерді дешифрлеу поцесінде қолданылатын нысандарды ауыстыру заңдылықтары дешифрлеу белгілері деген атқа ие болды.

«Дешифрлеу» термині - түпкі тамыры шетелден шықса да, орыс тілінен енген термин. Батыс әдебиетінде «интерпретация-талдап түсіндіру» орыс тіліне аударғанда парықтау мағынасын білдіретін термин қолданылады. Берілген анықтамада аэросуреттерді дешифрлеу екі негізі бейнеленген, олар: 1. физика-математикалық (геометриялық бейне мен оптикалық) және 2. географиялық (кеңістіктегі орналасуы).

Дешифрлеу аумақты аэросуреттердегі бейнесі бойынша танып-білу тәсілі болғандықтан карта жасауда технологиялық тәсілдердің ең негізгісі болып табылады. Дешифрлеудің қорытындысын тіркеу графикалық, сандық және мәтіндік формада болуы мүмкін.

Аэросуреттерді дешифрлеу қойылған мақсаттарына байланысты екі түрге бөлінеді: топографиялық және арнайы (геологиялық, ауылшаруашылықтық және т.б.). Бұлай бөліну жоғары тиімділікке ие, себебі аэросуреттердің дұрыс қолданылуын және дешифрлеудің тәсілдерін талап етеді. Бірінші жағдайда дешифрлеу жалпы болады да, аэросуреттердің параметрлері орташа болады. Екінші жағдайда дешифрлеу таңдамалы болады да, ал аэросуреттердің параметрлері айқын болады. Мысалға, бірінші жағдайда аэропленканың спектрлік көрініс табуы бүкіл облыстың бейнеленген спектрімен бірдей болуы тиіс, ал екінші жағдайда спектрдің тар зонасында өте жоғары сезімталдыққа ие болуы шарт.

Дешифрлеуді танудың барлық теориялық тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1) Адамның творчествалық принциптеріне сәйкес құрылған тәсілдер;

2) Логикалық алгоритмдерге негізделіп бейнелерді өңдеу және образдарды автоматты танып-білу тәсілдері.

Дешифрлеудің бірінші топты тәсілінде визуалды жолмен жүзеге асады.

Екінші топтағы тәсілде электронды құралдардың көмегімен фотографиялық бейнені жарты тонға өзгертеді, одан кейін математикалық статистикамен және мәліметтің теориялық негізімен кодтайды және өңдейді.

Дешифрлеудің шығарылған жері бойынша егістікті және камералды болып жіктеледі.

Егістікті дешифрлеу аумақта аэросуреттерді табиғатпен салыстырмалы түрде жүргізеді. Қол жетпейтін аумақтарда түсіріс ұшатын құрал арқылы жүзеге асады. Дешифрлеудегі бұл тәсіл аэровизуалды деп аталады.

Камералды дешифрлеу зертханалық жағдайларды жүзеге асады. Бұл тәсілдің артықшылығы - экономикалық тиімділігінде. Камералды дешифрлеу әрқашан қосымша мәліметтердің (картографиялық анықтама құралдары арқылы, дешифрленген таңдаулы аэросуреттер арқылы және т.б.) көмегімен жүзеге асады.

Жасалуы бойынша дешифрлеу визуалды және құрал-жабдықты болуы мүмкін. Визуалды дешифрлеу аэросуретті толық қарауымен ерекшеленеді. Визуалды дешифрлеу аэросуретті талдаудың бірінші сатысы болып табылады, егер ол қажетті мәліметті алуға жетпесе, онда құрал-жабдықты дешифрлеу қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]