
- •1.Дешифрлеудің тарихын айтыңыз.
- •2.Географиялық ізденістердегі аэрокосмостық әдістері мен олардың негізгі түсініктерін атаңыз
- •3.Әуеғарыштық зерттеулердің қысқаша даму тарихына сипаттама беріңіз
- •5.Шағылыстыруды тіркеудің әдістерін атаңыз
- •6.Түсіріс аспаптары мен оларды тасушыларды көрсетіңіз
- •7.Әуеғарыштық түсірілімдерді атаңыз
- •8.Әуеғарыштық түсіру түрлері және оның классификациясына сипаттама беріңіз
- •9.Суреттердің бейнелік қасиеттері және оларды дешифрлеуге түсініктеме беріңіз
- •10.Далалық және камералдық дешифрлеудің ерекшеліктерін атаңыз
- •11.Аэроғарыштық түсірілістердің генеризациялануына сипаттама беріңіз
- •12.Жердің әуеғарыштық зерттеулеріне түсініктеме беріңіз
- •13.Литосфералық зерттеулерді атаңыз
- •14.Биосфералық зерттеулерді атаңыз
- •15.Жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз
- •16.Әлеуметтік- экономикалық зерттеулерді атаңыз
- •17.Табиғи орта мен экологияға антропогендік әсері туралы айтыңыз
- •18.Табиғи обьектілердің спектрлі шағылу қасиеттерін көрсетіңіз
- •19.Электрлік бұзылулардың тіркемесіне сипаттама беріңіз
- •20.Ғарыштық түсірілімдерді атаңыз
- •21.Жердегі стереофотограмметриялық түсірілімдері және оның түрлері
- •22.Негізгі түсірілім түрлерінің сипаттамасы
- •23.Әуеғарыштық түсірілімдердің өзіндік бейнеленуі
- •24.Визуалдық дешифрленудің психологиялық және физиологиялық негіздері
- •25.Камералдық дешифрлеу
- •26.Аэроғарыштық түсірілімдегі Қатынас жолдарының бейнеленуі және олардың генерализациясы.
- •27.Әуеғарыштық түсірілімдегі Гидрографияны бейнелеу және оның генерализациясы.
- •28.Гидрогеологиялық зерттеулер
- •29.Топырақтардың динамикалық зеттеулері және оларды бақылау үрдістері
- •30.Гумустық топырақтарға анықтама
- •31.Өсімдіктер жамылғысы туралы айтыңыз.
- •32.Ғарыштық суреттердің негізгі түрлерін атаңыз
- •33.Стерофотограметрялық құралдарды сипаттаңыз
- •34.Әуеғарыштық түсірістерді дешифрлеу терминіне түсінік беріңіз
- •35.Арақашықтықтан зерделеу мәліметтерінің негізінде ландшафттарды зерттеудің тәсілдерін анықтаңыз
- •36.Далалық дешифрлеуге түсініктеме беріңіз
- •38.Аэровизуалды дешифрлеуге түсінік беріңіз
- •39.Сандық түсіріс жайлы түсінік беріңіз
- •40.Көпзоналды түсірістерде автоматты дешифрлендіру тәсілін атаңыз
- •42.Ғарыштан түсiрiлген суреттердiң масштабтарына түсініктеме беріңіз
- •44. Континенттiк деңгейдiң суреттерi.
- •45. Аймақтық деңгейдiң суреттерi.
- •46. Жергiлiктi (локальдық) деңгейдiң суреттерi.
- •47. Нақтылы (детальдық) деңгейдiң суреттерi.
- •48. Көп зоналық түсiру.
- •49. Фотографиялық түсiру Мкф камерасы.
- •50. Суреттердің масштабтары.
- •51. Түсiрудiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi.
- •52. Материалдарды өңдеудiң түрлерi.
- •53. Дешифирді анықтаудың түрлері.
- •54. Автоматтандырылған дешифрлеу
- •55. Дешифрлеудің белгілері
- •56. Дешифрлеудің түзу белгілері
- •58. Түсірілім кезіндегі жарықтар
- •59. Жерді пайдаланудың мониторингі:
- •60. Орман өсiмдiктерiнiң және өрт мониторингі
20.Ғарыштық түсірілімдерді атаңыз
Ғарыштық түсірілім, яғни 150 км биіктіктен түсірілген сурет,спутник арқылы орындалады.
Ғарыштық түсірулерді жүзеге асыру нысандардың электромагнитті сəулелерді сəулелендіру немесе шағылыстыру қасиетіне тікелей байланысты.
Спектрлі диапазон бойынша ғарыштық суреттер үш негізгі топқа бөлінеді:
- көрінетін жəне жақын инфрақызыл (жарық) диапазондағы суреттер;
- жылу инфрақызыл диапазондағы суреттер;
- радиодиапазондағы суреттер;
Түсіру түрі бейненің қалыптасу технологиясын да анықтайды. Түсіру түріне қарай суреттер:фотографиялық, фототеледидарлық, сканерлік суреттерге бөлінеді.
Фотографиялық суреттер – авиациялық немесе ғарыштық тасымалдаушыдағы фотоаппарат(объектив+фотопленка) көмегімен алынған жəне аппарат жерге қонғаннан кейін өңделетін суреттер. Бұл əдістің кемшілігі - пленканың Жерге қайтуы жəне ғарыш кеме бортында оның бітіп қалу мүмкіндігі. Бірақ бұл əдіс арқылы жоғары геометриялық жəне фотометриялық ерекшеліктерімен ең жоғары сапалы суреттер алынады. Жер маңы орбитадағы (100-400 км) суреттер мүмкіндігін он сантиметрге дейін жеткізуге болады, бірақ бұндай суреттердің аудан шолулығы аз болғандықтан оларды географиялық мақсаттарда қолданбайды. Əдетте географиялық зерттеулерде бірнеше оншақты метр мүмкіндігі бар фотографиялық суреттерді пайдаланады. Мысалы, «Джемини» жəне «Аполлон» ғарыштық кеме суреттерінің мүмкіндігі 70м болса, 400 км биіктіктен «Скайлэб» орбиталды станциясынан арнайы камера арқылы мүмкіндігі 16 м суреттер алынды.
Спектрозоналды суреттерді де екі үш қабатты деректерде алады, бірақ мұндай үлгілерде спектрдің көк зонасына сезімтал қабат болмайды, себебі қысқа толқынды сәулелер атмосферадан қатты ыдырайды, сондықтан да оның орнына ИҚ сәулелерге сезімтал қабат орнатылған.
Көпзоналы суреттерді 4-6 объективі бар арнайы фотоаппараттар көмегімен алады. Әрбір объектив нақтылы жарық фильтріне ие және түсіруді спектрдің нақтылы зонасында жүргізеді. Нәтижесінде бір аймаққа 6 зоналы сурет келеді, олардың әрбірі берілген спектр диапазонында алынған бейнеге ие, бұл фотобейнені талдауды және интерпретациялауды жеңілдетеді.
Теледидардық жəне сканерлік түсіру нысандарды жедел бақылайды. Сканерлейтін элементі ретінде тербелмелі айна табылады. Ол жергілікті жерді ғарыштық аппараттың қозғалуына көлденең бақылайды,айна сəулені нысанға жібереді, ары қарай фотоқабылдаушыға, мұнда сəуле электр импульсына айналып,соңынан жерге радиоканалдар арқылы жіберіледі. Жердегі құрал алынған сигналды фотоүлдірде немесе магнитті тасымалдаушыда бейнеге айналдырады.
Фототеледидарлық суреттерді тасымалдаушыда орнатылған теледидарлық камера көмегімен алады. Ол бейненің экспозициялары арасындағы ар қашықтықта электромагниттік сəулесімен саналады жəне радиоканалдар арқылы жерге жіберіледі, мұнда тұтынушының суретті жедел алуы мен түсіру үрдісі бірге жүреді.
Теледидарлық суреттердің қасиеттері əр түрлі болады, олар тар- жəне кеңжолақты болуы мүмкін, оптикалық каналда немесе радиосигнал қалыптасатын каналда əртүрлі қашау құрылғылары болуы мүмкін, əртүрлі видеокүшейткіштер жəне т.б.