
; «Анализаторлар»
1 деңгей
1. И.П.Павлов бойынша анализатор қандай негізгі бөлімдерден тұрады?
рецепторлық, өткізгіштік, сенсорлық
бульбарлық, таламустық, қыртыстық
рецепторлық, өткізгіштік, қыртыстық
спецификалық, спецификалық емес, ассоциативті
рецепторлық, таламустық, орталық
2. Анализатордың шеткі бөлімі қандай құрылымдардан тұрады?
мотонейрондар
дендриттер
жұлын ганлийлері
аксондар
рецепторлар
3. Вестибулярлы анализатордың рецепторлары қайда орналасады?
кіреберісте, жартылай шеңберлі каналда
кіреберісте, ұлуда
ұлуда, жартылай шеңберлі каналда
кіреберісте, отолиттерде
жартылай шеңберлі каналда, отолиттерде
4. ОЖЖ-ның қай бөлімінде есту анализаторының орталық бөлімі орналасқан?
қыртыстың төбе аймағында
қыртыстың самай аймағында
қыртыстың шүйде аймағында
қыртыстың маңдай аймағында
таламуста
5. Тәттіні сезетін негізгі дәм сезу рецепторлар қайда орналасқан?
тілдің ұшында
тілдің түбінде
тілдің бүйірінде
тілдің денесінде
ауыз ұртында
6. Ащыны сезетін негізгі дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
тілдің ұшында
тілдің түбінде
тілдің бүйірінде
тілдің денесінде
ауыз ұртында
7. Сары дақта сәулелер фокусталғанда көрудің қандай өзгерістері байқалады?
қараңғыда көрудің бұзылу
затты анық көрмеу
түстерді ажыратпау
затты өте нашар көру
затты өте жақсы көру
8. Қандай құрылымдар есту анализаторының рецепторларына жатады?
таяқшалар, сауытшалар
қылшықты жасушалар
макулалар, кристалар
Пачини денешіктері
Мейснер денешіктері
9. Рецепторлардың табалдырық күшінің адекватты тітіркендіргіштеріне жауап беру қабілеті қалай аталады?
адаптация
аккомодация
спецификалылық
координация
лабильдік
2 деңгей
1. Есту өткірлігін қандай аспаппен анықтайды?
диплоскоп
Форстер периметрі
аудиометр
Вебер циркулі
ольфактометр
2. Температуралық сезімталдылықты зерттеу үшін қандай аспап қолданылады?
Вебер циркулі
термоэстезиометр
ольфактометр
периметр
аудиометр
3. Қандай жүйкені тітіркендіргенде қарашық ұлғаяды?
парасимпатикалық
симпатикалық
соматикалық
жоғары жақ
диафрагмалық
4. Қандай рецепторлар көз торының орталық шұңқырда жинақталады?
сауытшалар
таяқшалар
макулалар
кристалар
Кортий мүшесі
5. Көздің екі көрші нүктелерді жеке көре алу қабілеті қалай аталады?
аккомодация
рефракция
пресбиопия
көру өткірлігі
эмметропия
6. Қандай жүйкені тітіркендіргенде қарашық кішірейеді?
парасимпатикалық
симпатикалық
соматикалық
жоғары жақ
диафрагмалық
7. Қандай жалпы қасиеттер анализатордың рецепторлық бөлімі үшін тән?
спецификалық, мамандану, адаптация
рефрактерлік, функциональдық мобильділік
рефрактерлік, аккомодация, спецификалық
хроноксия, төменгі сезімталдылық
лабильдік, қозғыштықтың жоғары табалдырығы
8. Қандай әдіспен иіс сезімталдығын зерттейді?
аудиометрия
ольфактометрия
термоэстезиометрия
диплоскопия
периметрия
9. Тактильді сезімталдылықты зерттеуге арналған құрал:
ольфактометр
термоэстезиометр
офтальмоскоп
эстезиометр
периметр
10. Қандай аспаппен көру аймағын анықтайды?
периметр
аудиометр
эстезиометр
ольфактометр
офтальмоскоп
11. Қандай аспаппен есту өткірлігін анықтайды?
диплоскоп
периметр
аудиометр
эстезиометр
ольфактометр
12. Бейімделу процесінде рецепторлардың сезімталдылығы қалай өзгереді?
мүлдем өзгермейді
біртіндеп төмендейді
баяу жоғарылайды
біртіндеп жоғалады
күрт жоғарылайды
13. Қышқыл дәмді сезетін рецепторлар қайда орналасқан?
тілдің ұшында
тілдің денесінде
тілдің түбінде
ауыз ұртының бетінде
тілдің бүйірінде
14. Ересек адамда дыбысты қабылдау аймағы нешеге тең?
0-16 Гц
16-1000 Гц
16-2000 Гц
20000-30000 Гц
30000-40000 Гц
15. Есту сүйекшелері арқылы дыбыс толқындарының берілу реті қандай?
балғашық - төсше - үзеңгі
төсше - үзеңгі - балғашық
үзеңгі - балғашық - төсше
үзеңгі - төсше - балғашық
балғашық - үзеңгі - төсше
16. Анализатордың орталық бөлімі қандай құрылымдардан тұрады?
қыртысты орталықтардан
мишықтан
таламустық ядролардан
лимбиялық жүйеден
ортаңғы мидан
3 деңгей
1. Адам дәрігерге самай аймағында қатты ауруға шағымданып келді. Анамнезді жинау барысында қатты дыбыстық әсерге шалдыққаны анықталды. Есту мүшесіне дыбыстық толқынның қандай қысымында ауырсыну сезімдері пайда болады?
20 дб
40 дб
50 дб
80 дб
130 дб
2. Жаттығу кезінде курсантты Барани креслосына отырғызып, секундына 1 айналым жиілігімен айналдырды. Курсантта көз нистагмы, бас нистагмы және бұлшықет тонусының қайта таралуы байқалды. Аталған құбылыстар реакцияның қандай типіне жатады?
вестибуло-моторлы
вестибуло-сенсорлы
вестибуло-вегетативті
дене кейпі-тонустық
шеміршекті
3. Зерттелуші бір қолын 400С температуралы, ал екіншісін 100С температуралы суда ұстады. Температурасы 200С суға екі қолын бірдей салғанда туылған әр түрлі сезімдер немен түсіндіріледі?
терморецепторлардың дезадаптациясы
терморецепторлардың адаптациясы
терморецепторлардың дискоординациясы
терморецепторлардың спецификалылығы
терморецепторлардың аккомодациясы
4. Өндірістік шуы бар цехта көп джылдық жұмыстың нәтиесінде 30 жастағы жұмыскер дыбыс жиілігін қабылдау диапазоны 10000-нан 18000 Гц-ке дейін азайды. Аталған бұзылу есту анализаторының қандай бөлімімен байланысты?
өткізгіштік
рецепторлық
қыртысты
қыртыс асты
аралық
5. Шахтер ауыр физикалық жұмысты орындағаннан кейін кешкі асты ішті.
Тамақ ішкенде оның дәм сезуді қабылдауы қалай өзгерді?
өзгерді
төмендеді
жоғарылады
өзгермеді
жойылды
6. Әскерге шақырылушы медициналық бақылаудан өткенде горизонтальды және вертикальды бағыттарда жарық сәулелерінің сынуының бұзылуы байқалды. Аталған бұзылу көрудің қандай аномалиясымен байланысты?
рефракциямен
аккомодациямен
астигматизммен
гиперметропиямен
миопиямен
7. Автомектептің курсантының көруін тексергенде түсті қабылдаудың толық бұзылуы анықталды. Аталған патология көру анализаторының қандай құрылымдарымен байланысты?
көру жүйкелерімен
сары дақпен
сауытшалармен
таяқшалармен
соқыр дақпен
; «ЖДЖҚ»
1 деңгей
1. Қандай рефлекстер жоғары дәрежелі жүйке қызметінің (ЖДЖҚ) негізін құрайды?
шартсыз
түрлік
туа пайда болған
шартты
тұқым қуалаушы
2. Аталған ерекшеліктердің қайсысы шартсыз рефлекске жатады?
тұқым қуалаушы
сигнальды сипаттағы
жүре пайда болған
жеке дара
динамикалық
3. Аталған ерекшеліктердің қайсысы шартты рефлекске жатады?
тұқым қуалаушы
тұрақтылық
спецификалылық
туа біткен
индивидуалды
4. Үлкен жарты шарлар қыртысында қозу және тежелу үрдістерінің таралуы қалай аталады?
концентрация
иррадиация
индукция
окклюзия
конвергенция
5. Үлкен жарты шарлар қыртысының синтетикалық қызметі қандай үрдістерге жатады?
ақпаратты қабылдау
шартты рефлекстің түзілуі
жіктелген тежелу
өшетін тежелу
кешігетін тежелу
6. Қызметтік жүйенің жүйе түзуші факторы болып табылады?
тиімді бейімделу нәтижесі
кері афферентация
афферентті синтез
шешім қабылдау
әрекет нәтижелерінің акцепторы
7. Жазуды түсіну орталығы қайда орналасады?
қыртыстың үшінші маңдай иірімінде
қыртыстың алдыңғы орталық иірімінде
қыртыстың самай аймағында
қыртыстың шүйде аймағында
бас-ми жүйкелерінің ядроларында
8. Ұзақ мерзімді есте сақтау механизмі неге негізделген?
реверберация
кері байланыс
ақуыздардың синтезі
иррадиация
дивергенция
2 деңгей
1. Шартсыз қыртысты тежелуді қалыптастыру үшін тәжірибеде тежелудің қандай түрі қолданылады?
сыртқы, кешігетін
жіктелетін, өшетін
ішкі, күзетуші
сыртқы, шектен тыс
кешігетін, шектен тыс
2. Тәжірибелік жануарда шартты тежелудің қандай түрлерін қалыптастыруға болады?
шектен тыс, синапстық
сыртқы, пресинапстық
шектен тыс, өшетін
күзетуші, кешігетін
жіктелетін, өшетін
3. Өшетін тежелуді алу әдістемесі немен сипатталады?
шартты тітіркендіргішті шартсызбен бекітеді
шартты тітіркендіргішті шартсызбен бекітпейді
шамадан тыс шартты тітіркендіргішті береді
ортаңғы шартты тітіркендіргішті береді
алмасатын шартты тітіркендіргішті қолданады
4. Сөйлеу қандай физиологиялық қызмет атқарады?
коммуникативті, сигнальды, қоректендіру
түсініктік, біріктіруші, бейімделуші
коммуникативті, түсініктік, реттеуші
реттеуші, сараптаушы, қоректендіру
түсініктік, сараптаушы, қоректендіру
5. Организмнің қызметтерінің өзін өзі реттеуі қандай принципке негізделген?
жағдайлық афферентация
афферентті синтез
кері байланыс
доминантты мотивация
реципрокты иннервация
6. ЖДЖҚ типтерін анықтау үшін И.П.Павлов қозушы және тежеуші процесстердің негізгі қасиеттерін қолданды?
күш, лабильдік, окклюзия
қимылдық, рефрактерлік, доминантты
күш, қимылдық, ұстамдылық
ұстамдылық, хронаксия, аккомодация
қимылдық, рефрактерлік, бейімделу
7. Қыртысты тежелуді зерттеу үшін қандай кестелер қолданады?
номограмма
Рабкин кестесі
Головин кестесі
Сивцев кестесі
Анфимов кестесі
8. Екінші сигнальдық жүйе деген не?
инстинктердің жиынтығын
шартты рефлекстерді
шартты рефлекстерді
барлық анализаторларды
вербальды байланысты
9. Бірінші сигнальдық жүйе деген не?
инстинктер
сана
шартты рефлекстер
шартты рефлекстер
вербальды байланыс
10. Инстикт деген не?
қарапайым шартты рефлекстер
күрделі шартсыз рефлекстер
бірінші реттік шартты рефлекстер
жақсы бекітілген шартты рефлекстер
іздік шартты рефлекстер
11. ЖДЖҚ-ның қандай типтері тек қана адамға тән?
ұстамсыз, сабырлы, әлсіз
шығармашыл, әлсіз, сабырлы
ойшыл, шығармашыл, аралас
сабырлы, сангвиник, холерик
ойшыл, күшті, аралас
12. Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша есте сақтаудың қандай түрлерін ажыратады?
интеллектуалды, эмоциялық
шапшаң, санасыз
қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді
сенсорлы, интеллектуалды
сенсорлы, саналы
13. Қалыпты ұйқының қандай кезеңдері бар?
жылдам, баяу
жылдам, парадоксальды
баяу, пассивті
парабиоздық, жылдам
ұзақ мерзімді, баяу
14. Шартты тітіркендіргіштерді шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде қандай тежелу қалыптасады?
кешігетін
шартты тежелу
өшетін
жіктелетін
шектен тыс
15. Бір индиффирентті тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпей, оған ұқсастарымен бекіткенде қандай тежелу қалыптасады?
шартты
кешігетін
өшетін
жіктелетін
шектен тыс
3 деңгей
1. Студенттер тәжірибелік сабақта шартты қарашық рефлексінің пайда болуын бақылап, жұмыс жасады. Қалыптасқан шартты қарашық рефлексі 15-20 секундтан кейін өшті. Жылдам өшетін қасиеті тән қалыптасқан шартты қарашық рефлексі қандай класқа жатады?
бағдарлы
жасанды
тежелу
қорғаныш
көз қозғалтқыш
2. Пациенттің бас миы зақымдалғаннан кейін есте сақтауының бұзылғандығы байқалды. Бұл патология қалай аталады?
атония
афазия
астазия
амнезия
астения
3. Егер тежелу тітіркендіргіші реакцияны шақырса, ал қозғыш оны тежесе, онда бұл гипноздық фаза аталады?
теңестіруші
парадоксальды
ультрапарадоксальды
тежелуші
парабиоздық
4. Жүйке жүйесінің көп аурулары жоғары дәрежелі жүйке жүйесіндегі негізгі жүйкелік процестердің қызметтік бұзылысымен және оның типтік ерекшеліктерімен байланысты. Гиппократ бойынша қандай темпераменттегі адамда жоғары жүйке қызметінің невроздық ақауларына аса бейім?
флегматик, меланхолик
холерик, меланхолик
сангвиник, холерик
флегматик, сангвиник
меланхолик, сангвиник
5. Адам темпераментінің жеке дара ерекшеліктері олардың мінезінде, жүріс-тұрысында және ауруға деген қатынасыда көрініс береді. Адамның типтік ерекшеліктеріне ежелгі антикалық дәрігерлері де назар аударған. Гиппократтің классификациясы бойынша жүйке жүйесінің күшті, қозғалғыш, ұстамсыз типі қалай аталады?
сангвиник
холерик
меланхолик
флегматик
интроверт
6. Адамда бас миының қыртысы зақымдалғанда түрлі бұзылыстар байқалады.
Афазия қалай көрініс береді?
танудың бұзылуы
мақсатқа бағытталған қимылдың бұзылуы
сөйлеудің бұзылуы
көрудің бұзылуы
қимыл актілерінің бұзылуы
7. Адамда жануарларға қарағанда бірінші сигналды жүйемен қатар, екінші сигналдық жүйе дамыған. Келтірілген реакциялардың қайсысы екінші сигналдық жүйемен байланысты?
иістерді сезгенде сілекейдің бөлінуі
шағылысқан жарық әсер еткенде қарашықтың тарылуы
диагнозды хабарлаған науқаста тахикардияның болуы
дәрігердің қолында шприц қөрген баланың жылауы
ыстық пешке тигізгенде қолды тартып алу