
; «Ас қорыту»
1 деңгей
1. Сілекей бездерінің бөлетін негізгі ферменттер қандай?
мальтаза, энтерокиназа
амилаза, мальтаза
амилаза, липаза
мальтаза, липаза
трипсин, мальтаза
2. Сілекей бөлу орталығы орталық жүйке жүйесінің қай бөлігінде орналасқан?
ортаңғы мида
сопақша мида
аралық мида
жұлында
мишықта
3. Тітіркендіргенде жұтыну рефлексін тудыратын рецепторлар қайда орналасады?
тіл түбі мен жұтқыншақтың шырышты қабатында
кеңірдектің шырышты қабатында
қатты таңдайдың шырышты қабығында
ерінде
асқазанның шырышты қабатында
4. Ас қорыту сөлінің қандай ферменттері ақуыздарды ыдыратады?
пепсин, гастриксин, липаза
амилаза, трипсин, пепсин
трипсин, сахараза, энтерокиназа
пепсин, трипсин, химотрипсин
химотрипсин, лактаза, липаза
5. Қандай гормон ұйқы безі сөлінің секрециясын белсендіреді?
кальцитонин
энтерогастрон
вазопрессин
секретин
энтерогастрон
6. Ас қорыту сөлінің қандай ферменттері көмірсуларды ыдыратады?
липаза, мальтаза, пепсин, трипсиноген
мальтаза, трипсин, галактаза, энтерокиназа
амилаза, рибонуклеаза, липаза, пепсин
амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза
химотрипсин, лактаза, сахараза, липаза
7. Ас қорыту жолдарында судың сорылуы қандай тасымалмен қамтамасыз етіледі?
белсенді
диффузия
осмос
фагоцитоз
пиноцитоз
8. Асқазан-ішек жолында қандай механизммен глюкозаның сорылуы жүреді?
диффузия
осмос
сүзілу
белсенді тасымал
электроосмос
2 деңгей
1. Асқазаннан тамақтың 12 елі ішекке өту жылдамдығы қандай процесс әсерінен жоғарылайды?
сілтілену
қышқылдану
бейтараптану
гидролиз
конъюгация
2. Тоқ ішектің бактериялық флорасы қандай қызмет атқарады?
ішектің моторикасын тежейді
өсімдік клечаткасының ыдырауын қамтамасыз етеді
асқазан сөлі бөлінуін күшейтеді
сіңіруді жоғарылатады
өттің бөлінуін қамтамасыз етеді
3. Асқазан бұлшықетінің биопотенциалдарын қандай аспаппен тіркейді?
оксигемограф
гастроскоп
реограф
электрогастрограф
осциллограф
4. Қандай жүйкелерді тітіркендіргенде асқазан-ішек жолының (АІЖ) қимылы жоғарылайды?
парасимпатикалық
симпатикалық
соматикалық
жоғарғы жақ
диафрагмалық
5. Қандай жүйкелерді тітіркендіргенде асқазан-ішек жолының (АІЖ) қимылы төмендейді?
парасимпатикалық
симпатикалық
соматикалық
жоғарғы жақ
диафрагмалық
6. Ұйқы безі липазасының белсенділігі қандай фактордың әсерінен жоғарылайды?
өт
сілекей
гастрин
гистамин
серотонин
7. Қандай тағамды қабылдағанда өт бөлінуі күшейеді?
нан
жеміс
ет
қант
май
8. Өттің өт қабынан бөлінуіне әсер етеді
асқазанның жиырылуы
майлардың түсуі
қанға инсулиннің бөлінуі
қанға глюкозаның түсуі
пепсиннің бөлінуі
9. Асқазан секрециясының кезеңдерінің дұрыс кезектілігі қандай?
асқазандық, күрделі рефлекстік, ішектік
күрделі рефлекстік, асқазандық, ішектік
асқазандық, ішектік, күрделі рефлекстік
ішектік, милық, асқазандық
күрделі рефлекстік, ішектік, асқазандық
10. Қандай жүйкелерді тітіркендіргенде сілекей бездерінің секрециясы жоғарылайды?
парасимпатикалық
симпатикалық
соматикалық
диафрагмалық
блокты
11. Қандай фактор әсерінен сілекей бездерінің секрециясы төмендейді?
гастрин
гастрон
гистамин
вилликинин
мотилин
12. Қандай тағамдық заттарды қабылдағанда асқазан сөлінің секрециясы тежеледі?
көмірсулар
майлар
су
жеміс шырыны
ақуыздар
13. Тоқ ішектегі қимылдық әрекеттің қозғалыстардың түрлерін атаңыз
сегментация, микробүрлердің қозғалыстары
аштық, ырғақты сегментация
пропульсивті жиырылу, тонустық
перистальтикалық, антиперистальтикалық,
тонустық, автоматиялық, сегментация
14. Қандай гормон ішек бүрлерінің қозғалысын күшейтеді?
адреналин
глюкагон
вилликинин
энтерогастрон
гастрин
15. Ұйқы без сөлінің протеолиттік ферменттерін қандай тағамдық заттар және қалай ыдыратады?
ақуыздар олиго- және моносахаридтерге дейін
ақуыздар глицерин мен май қышқылдарына дейін
ақуыздар альбумоза мен пептондарға дейін
ақуыздар пептидтер мен амин қышқылдарына дейін
ақуыздар полисахаридтерге дейін
3 деңгей
1. Студент емтиханда отыр. Күшті эмоционалдық қобалжу нәтижесінде оның ауыз қуысы құрғап кетеді. Қандай жүйке жүйесі арқылы сұйық сілекейдің түзілуі және бөлінуі тежеледі?
парасимпатикалық
метасимпатикалық
симпатикалық
соматикалық
стриопаллидарлық
2. Адамдарда тамақ туралы сөйлегенде, иісін сезгенде, көргенде онда сілекей бөлінетіндігі бәрімізге белгілі. Ауыз қуысына тағам түспей жатып сілекей бөлінуін белсенділендіретін физиологиялық механизмдер қандай?
гуморальды
гормондық
шартсыз рефлексті
шартты рефлексті
жергілікті жүйкелер
3. Тағамдық заттардың ауқаттанғаннан кейін қанға бір сағаттан кейін сіңетіні белгілі. Бірақ тамақтанғаннан кейін 10 мин өткенде адамда тойыну сезімі пайда болады. Қанығудың бұл түрін қалай атайды?
шынайы
сенсорлы
импульсивті
гуморальды
эмоциялық
4. Сілекейдің амилаза ферменті крахмал мен гликогенді ыдырататын нейтралды орталықта белсенді. Ауыз қуысында тағам 15-20 сек болды, содан кейін тағамдық түйін қышқылды ортасы бар асқазанға түседі. Сілекейдің амилазасы қалай әсер етеді?
тағамдық түйіннің ішінде
тағамдық түйіннен тыс
асқазан сөлімен бірге
муцинмен бірге
басқа ферменттермен бірге
5. Асқазанға түскен тағам гастриннің бөлетін G жасушаларға әсер етеді. Асқазан секрециясына гастрин қалай әсер етеді?
жоғарылатады
тежейді
өзгертпейді
жоғарылатады, кейін төмендетеді
төмендетеді, кейін жоғарылатады
6. Өтте ас қорыту ферменттері болмайды. Өт ас қорыту процесіне қалай қатысады?
майларды бөлшектейді және олардың сорылуын қамтамасыз етеді
асқазан секрециясын белсенділендіреді
перистальтиканы тежейді
дефекацияны тежейді
ұйқы безі секрециясын тежейді
7. Ащы ішекте қуысты және қабырғалық ас қорыту жүреді. Қабырғалық ас қорыту қай жерде атқарылады?
ішек эпителийінің микробүрлерінде
ішек қабырғаларының энтероциттерінде
ішектің қатпарлы жасушаларында
ішектің эндотелийлерінде
өт қышқылдарының мицеллаларында