Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПД.биофизика.кц.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
477.18 Кб
Скачать

; «Тыныс алу»

1 деңгей

1. Тыныштықта дем алу және дем шығару ауасының мөлшері не деп аталады?

  1. тыныстық көлем

  2. қалдық көлем

  3. дем алу сыйымдылығы

  4. дем шығарудың резервті көлемі

  5. дем алудың резервті көлемі

2. Физиологиялық тыныштықта тыныс алу қалай аталады?

  1. гиперпноэ

  2. гипопноэ

  3. эйпноэ

  4. апноэ

  5. тахипноэ

3. Қандағы оттегі қандай түрде тасымалданады?

  1. оксигемоглобин, еріген түрінде

  2. карбгемоглобин, натрий бикорбонаты түрінде

  3. оксигемоглобин, карбоксигемоглобин түрінде

  4. натрий бикорбонаты, еріген түрінде

  5. фибриногенмен қосылыс түрінде

4. ОЖЖ-нің қандай бөлімінде дем алу және дем шығарудың ауысуына жауапты орталық орналасқан?

  1. бас ми қыртысында

  2. гипоталамуста

  3. Варолиев көпірінде

  4. сопақша мида

  5. жұлында

5. Физиологиялық тыныштықта 1 минут іщіндегі тыныстық цикл нешеге тең?

  1. 5-10

  2. 14-16

  3. 20-25

  4. 27-35

  5. 40-50

6. Сыртқы ортаның және тыныс алу жүйесінің ұлпалары арасындағы газ алмасу қандай көрсеткіштердің айырмашылығы нәтижесінде болады?

  1. температура

  2. газдардың парциальды қысымы

  3. ұлпалар мен ортаның рН

  4. ұлпалар мен қанның рН

  5. ауның ылғалдылығы

7. Өкпенің жалпы сыйымдылығын қандай өкпе көлемі мен сыйымдылығы құрайды?

  1. өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қалдық көлемі

  2. дем алу сыйымдылығы, дем шығарудың резервтік көлемі

  3. тыныс алу және қалдық көлемі

  4. функционалдық қалдық сыйымдылық, дем алудың резервтік көлемі

  5. өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алу көлемі

2 деңгей

1. Тыныштық жағдайында тыныс алу орталығы қандай импульстермен қай бұлшықетке импульстерді жібереді?

  1. диафрагма, құрсақ бұлшықеті

  2. иық бұлшықеті, диафрагма

  3. қабырға аралық бұлшықетке, диафрагмаға

  4. арқа және құрсақ бұлшықеттеріне

  5. иық және қабырға аралық бұлшықеттерге

2. Тыныс алу орталығын қандай маманданған фактор қоздырады?

  1. көмірқышқыл газы, сутегі йондары

  2. көмірқышқыл газы, азот

  3. оттегі, ацетилхолин

  4. адреналин, натрий бикорбонаты

  5. азот, оттегі

3. ОЖЖ-нің қандай кезеңінде тыныс алудың негізгі ырғағы құрылады?

  1. қыртыста, лимбиялық жүйеде

  2. сопақша мида, варолий көпірінде

  3. ортаңғы мида, аралық мида

  4. сопақша мида, мишықта

  5. жұлында, гипоталамуста

4. Тыныс алудың гуморальды реттелуі қандай тәжірибемен дәлелденді?

  1. белгіленген атомдар

  2. ӨТС анықтау

  3. қиылыспалы қан айналым

  4. гемоглобинді анықтау

  5. фистулалық әдіс

5. Екі кезбе жүйкені кескеннен кейін тыныс алу қалай өзгереді?

  1. терең және сирек

  2. өзгермейді

  3. сирек және беткейлі

  4. тоқтайды

  5. жиілейді

6. Қанның газдық құрамы өзгергенде сопақша мидағы тыныс алу орталығына импульстер қандай рецепторлардан келеді?

  1. рефлекстік аймақтың хеморецепторынан

  2. қабырға аралық бұлшықеттің проприорецепторларынан

  3. альвеолалардың механорецепторларынан

  4. плевра қуысының интерорецепторларынан

  5. қаңқа бұлшықетінің проприорецепторларынан

7. Тәжірибелік жануардың миының қандай деңгейін кескенде тыныс алу тоқтайды?

  1. Варолиев көпірінің алдыңғы жағы

  2. Варолиев көпірінің төменгі жағы

  3. жұлын мидың белдік бөлігі деңгейінде

  4. сопақша мидың астында

  5. аралық мидың деңгейінде

8. Дем алудың сыйымдылығын қандай тыныс алу көлемдері құрайды?

  1. тыныстық көлем, дем шығару резервтік көлемі

  2. дем алудың резервтік көлемі, тыныстық көлем

  3. дем шығарудың резервтік көлемі, қалдық көлемі

  4. функционалдық қалдық сыйымдылық, тыныстық көлем

  5. қалдық көлем, өкпенің тіршілік сыйымдылығы

9. Дем шығарудың резервті көлемі орта есеппен алғанда нешеге тең?

  1. 500 мл

  2. 1900 мл

  3. 1300 мл

  4. 2000 мл

  5. 2500 мл

10. Пневмограмманың қисық сызығы нені көрсетеді?

  1. өкпе экскурсиясы

  2. тыныс алу көлемі

  3. диафрагманың қозғалысы

  4. кеуде қуысының тыныстық қозғалысы

  5. қабырға аралық бұлшықеттің қысқаруы

11. Дем алу кезіндегі өкпе көлемі қалай өзгереді?

  1. белсенді ұлғаяды

  2. пассивті ұлғаяды

  3. өзгеріссіз қалады

  4. белсенді кішірейеді

  5. пассивті кішірейеді

12. Кеуде қуысының бүтіндігінің бұзылысы кезінде өкпе қалай өзгереді?

  1. төмен түседі және тыныс алуға қатыспайды

  2. дем алғанда созылады

  3. дем шығарғанда төмендейді

  4. кеуде қуысына қарай ығысады

  5. дем шығарғанда созылады

13. Тыныс алудың рефлекстік өзіндік реттелуі (Геринг-Брейер рефлексі) қандай рецепторлардан келетін импульстармен байланысты?

  1. альвеолалардың механорецепторларынан, проприорецепторлардан

  2. тамырдың механорецепторларынан, проприорецепторлардан

  3. мұрынның шырышты қабығының рецепторларынан, қаңқа бұлшықетінің прориорецепторларынан

  4. сопақша мидың хеморецепторларынан, ішкі ағзалардың интерорецепторларынан

  5. қаңқа бұлшықетінің прориорецепторларынан, вестибулорецепторлардан

14. Қанның оттегіге қанығу деңгейін қандай әдіспен анықтайды?

  1. спирометрия

  2. оксигемометрия

  3. пневмотахометрия

  4. пневмография

  5. спирография

15. Оксигемоглобин диссоциациясының қисық сызығы нені көрсетеді?

  1. өкпе диффузиясының қабілеттілігі

  2. гемоглобиннің пайыздық құрамы

  3. оксигемоглобин диссоциациясы

  4. көмірқышқыл газының диссоциациясы

  5. қанның оттегіге қанығуы

3 деңгей

1. Студенттер тәжірибелік сабақта пневмография әдісімен 1 минуттағы тыныс алу циклінің жиілігін тіркеді. Физиологиялық тыныштық жағдайдағы 1 минуттағы тыныс алу жиілігі қандай?

  1. 5-10

  2. 14-16

  3. 20-25

  4. 27-35

  5. 40-50

2. Сәби туғаннан кейін өз бетінше тыныс алады. Тыныс алу орталығының қозуы және сәбидің алғашқы дем алу немен байланысты?

  1. қанның азот және оттегіге толуымен

  2. қанның СО2 толуы және оттегінің жетіспеушілігімен

  3. ішкі ағзалар рецепторларының тітіркенуімен

  4. тыныс алу бұлшықеттерінің рецепторларының тітіркенуімен

  5. плевра рецепторларының тітіркенуімен

3. Теңіз түбінен маржан жинаушы 3 минутқа дейін тынысын тоқтата алады. Одан кейін онда гиперпноэ пайда болады. Аталған құбылыстың негізгі себебі қандай?

  1. қанда СО2 көбеюі

  2. қанда СО2 азаюы

  3. қанда азоттың көбеюі

  4. қанда азоттың азаюы

  5. қанда О2 көбеюі

4. Жас шамасы және дене бітімі бірдей 2 адам 1000 м жүгіруге қатысты. Жарыстың соңында бірінші спортсменде тыныс алу жиілігі минутына 40 болғанда тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) 20 л, ал екіншісінде жиілігі минутына 60 болғанда 20 л құрайды. Организмнің шынығуын қандай көрсеткіш сипаттайды?

  1. тыныс алу жиілігінің көбеюі

  2. дем алу көлемінің көбеюі

  3. дем шығару көлемінің азаюы

  4. дем алу көлемінің азаюы

  5. дем алу көлемінің өзгермеуі

5. Егер тыныс алу көлемі (ТК) 500 мл, ал тыныс алу жиілігі (ТЖ) – минутына 16 тыныс алу циклін құрады. Онда тыныс алудың минуттық көлемі неше болады?

  1. 4840 мл

  2. 5160 мл

  3. 6500 мл

  4. 7800 мл

  5. 8000 мл

6. Жарысқа дайындалу кезінде спортсмендер биік тау жағдайында шынығады. Биікке көтерілгенде тыныс алудың өзгеруінің және тау ауруының дамуының себебі неде?

  1. атмосферада азоттың парциальды қысымының төмендеуі

  2. атмосферада СО2 парциальды қысымының жоғарылауы

  3. атмосферада О2 парциальды қысымының жоғарылауы

  4. атмосферада СО2 гелий мөлшерінің азаюы

  5. атмосферада О2 және СО2 парциальды қысымының төмендеуі

7. Тыныс алу орталығының функциясы нашарлағанда тыныс алуды ынталандыру үшін тыныс алу қоспасын қолданады. Ол қандай газдардан тұрады?

  1. таза оттегіден

  2. оттегіден және 5,5% көмірқышқыл газынан

  3. оттегіден және 26% көмірқышқыл газынан

  4. көмірқышқыл газынан

  5. көмірқышқыл газынан және 16% оттегіден

8. Суға сүңгушілер теңіз түбінен теңіз бетіне жылдам көтерілгенде Кессон ауруы дамиды. Оның пайда болуының себебі қандай?

  1. қанда азот оксидінің көпіршіктерінің түзілуі

  2. қанда метгемоглобиннің түзілуі

  3. қанда карбгемоглобиннің түзілуі

  4. қанда карбоксигемоглобиннің түзілуі

  5. қанда оксигемоглобин көпіршіктерінің түзілуі