Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПД.биофизика.кц.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
477.18 Кб
Скачать

; «Гемодинамика»

1 деңгей

1. Қан қысымын қандай гуморальды факторлар жоғарылатады?

  1. ацетилхолин, брадикинин

  2. гистамин, вазопрессин

  3. простагландиндер, вазопрессин

  4. брадикинин, серотонин

  5. адреналин, вазопрессин

2. Қан тамыр жүйесінің қандай бөлімінде қан ағысының сызықтық жылдамдығы ең жоғарғы болады?

  1. қолқада

  2. венада

  3. капиллярда

  4. артериолада

  5. артерияда

3. Қан тамыр жүйесінің қандай бөлімінде қанның қысымы ең төмен болады?

  1. венулада

  2. артериолада

  3. капиллярда

  4. венада

  5. артерияда

4. Организмде капиллярлардың негізгі физиологиялық ролі қандай?

  1. сыйымдылық

  2. айналмалы

  3. зат алмасу

  4. өткізгіштік

  5. қоймалық

5. Қан тамыр жүйесінің қандай бөлімінде қан қысымының күрт төмендеуі байқалады?

  1. артерияда

  2. венада

  3. капиллярда

  4. артериолада

  5. венулада

6. Лимфа жүйесінің негізгі қызметі қандай?

  1. алмасу

  2. сыйымдылық

  3. гуморальдық

  4. қоймалық

  5. дренаждық

7. Қандай бөлімдер қантамыр қозғалтқыш орталыққа жатады?

  1. пневмотаксикалық және прессорлы

  2. ұлпалық және депрессорлы

  3. прессорлы және депрессорлы

  4. метаболизмдік және прессорлы

  5. рефлекстік және депрессорлы

2 деңгей

1. Систолалық және диастолалық қысымдардың арасындағы қысым қалай аталады?

  1. ортаңғы

  2. төменгі

  3. пульстік

  4. минимальды

  5. бүйір

2. Реограмма бойынша қандай гемодинамикалық көрсеткіштерді бағалауға болады?

  1. қанға толу және систолалық қысым

  2. қанға толу және диастолалық қысым

  3. қанға толу және тамырлар тонусы

  4. қанға толу және пульстік қысым

  5. қанға толу және ортаңғы қысым

3. Жүрекке қарай веналық қан ағысы жоғарылағанда артериялық қысым қалай өзгереді?

  1. систолалық және диастолалық өзгермейді

  2. систолалық және диастолалық жоғарылайды

  3. систолалық және диастолалық төмендейді

  4. тек қана систолалық төмендейді

  5. тек қана диастолалық төмендейді

4. Қантамыр қозғалтқыш орталығының тонусы төмендегенде қантамырлардың диаметрі қалай өзгереді?

  1. барлық қантамырлардың диаметрі үлкейеді

  2. барлық қантамырлардың диаметрі азаяды

  3. қантамырлардың диаметрі өзгермейді

  4. артериялардың диаметрі азаяды

  5. веналардың диаметрі азаяды

5. Жүректің диастоласында тамырлар бойынша қан ағысын қандай фактор қамтамасыз етеді?

  1. жүректің қақпақшалы аппараты

  2. жүректің жұмысы

  3. артериялардың эластикалық кернеуі

  4. өкпе қысымы

  5. плевралық қуыстағы теріс қысым

6. Тамырлы рефлексогенді аймақтардың хеморецепторларын тітіркендіргенде артериялық қысым қалай өзгереді?

  1. систолалық және диастолалық өзгермейді

  2. систолалық және диастолалық төмендейді

  3. систолалық және диастолалық жоғарылайды

  4. тек қана систолалық төмендейді

  5. тек қана диастолалық төмендейді

7. Негізгі тамырлы рефлексогенді аймақтар қайда орналасқан?

  1. ұйқы артериясының тармақталған аймағында және қолқа доғасында

  2. сол жүрекшеде және өкпе артериясыныда

  3. капиллярларда және құрсақ қуысында

  4. оң жақ жүрекшеде және қуыс веналарда

  5. сол жақ қарыншада және құрсақ қолқасында

8. Тамырлар бойымен қанның қозғалысымен қан қысымы неліктен төмендейді?

  1. тамырлардың созылмалылығынан

  2. тамырлардың кедергісінен

  3. қанның тұтқырлығынан

  4. плевра қуысындағы теріс қысымнан

  5. қанның осмостық қысымынан

9. Қандай мүшенің капиллярында ең жоғарғы қан қысымы байқалады?

  1. мида

  2. өкпеде

  3. бауырда

  4. бүйректе

  5. теріде

10. Сүт қышқылы және көмірқышқыл газы жергілікті әсер еткенде ұсақ қантамырлардың диаметрі қалай өзгереді?

  1. капиллярлар диаметрі өзгермейді

  2. капиллярлар диаметрі жоғарылайды

  3. капиллярлар диаметрі төмендейді

  4. венулалар диаметрі төмендейді

  5. артериолалар диаметрі төмендейді

11. Адамда қан қысымын анықтауүшін қандай әдісті қолданылады?

  1. реокардиография

  2. Рива-Роччи-Коротков

  3. капилляроскопия

  4. плетизмография

  5. фонокардиография

12. Флебограмма бойынша немодинамиканың қандай процестерін зерттейді?

  1. артерияның пульстік тербелістерін

  2. жүректің биопотенциалдарын

  3. веналардың пульстік тербелістерін

  4. кеуде қуысының тыныстық қозғалыстарын

  5. қан қысымының қисығын

13. Тамыр қозғалтқыш орталығының тонусы жоғарылағанда қантамырлардың саңылауы қалай өзгереді?

  1. жоғарылайды

  2. төмендейді

  3. өзгермейді

  4. жоғарылайды, кейін төмендейді

  5. төмендейді, кейін жоғарылайды

14. Кезбе жүйкесінің ядроларының тонусы неге байланысты?

  1. тамырлы рефлексогенді аймақтарының импульстарынан

  2. симпатикалық жүйкелер бойымен эфферентті импульстардың

  3. кезбе жүйкелер бойымен эфферентті импульстардың

  4. гетерометриялық реттелу өзіндік реттелу

  5. гомеометриялық реттелу өзіндік реттелу

15. Қан қысымының көлемі неге тәуелді?

  1. жүректің систолалық көлеміне

  2. онкотикалық қысымға

  3. плазма құрамына

  4. айналымдағы қан көлеміне

  5. қандағы оттегі құрамына

3 деңгей

1. Тәжірибелік сабақта студенттер Рива-Роччи-Коротков әдісі бойынша тыныштық және физикалық жүктемеден кейін (30 сек ішінде 20 рет отырып тұру) артериялық қысымын өлшеді. Тыныштықта қан қысымының көлемі 100 мен 70 мм с.б. құрайды. Систолалық артериялық қысым арқылы қандай қысымды анықтайды?

  1. жүрекшелердің систоласы кезінде орташа қысым

  2. қарыншалардың систоласы кезіндегі максимальды қысым

  3. жүрекшелердің систоласы кезінде минимальды қысым

  4. қарыншалардың систоласы кезіндегі минимальды қысым

  5. жартылай айшық қақпақшаларының жабылу кезіндегі қысым

2. Қоянға тәжірибе жасаған кезде студенттер құлақ қантамырларын жүйкелендіретін электр тітіркендіргішті қолданып, қантамыр тонусының реттеуші жүйкелік механизмдерін зерттеді. Қандай жүйкелер вазоконстрикторлы эффект тудырады?

  1. кезбе

  2. симпатикалық

  3. диафрагмальді

  4. парасимпатикалық

  5. соматикалық

3. Тәжірибелік сабақта студенттер Рива-Роччи-Коротков әдісі бойынша артериялық қан қысымын өлшеді. Систолалық қысымның көлемі 120 мм с.б., ал диастолалық қысымда – 80 мм с.б. Студенттер пульстік қысымды қалай анықтайды?

  1. орташа және диастолалық қысымның айырмашылығы

  2. систолалық және орташа қысымының айырмашылғы

  3. систолалық және диастолалық қысымының айырмашылығы

  4. систолалық және капиллярлы қысымының айырмашылығы

  5. капиллярлы және венозды қысымының айырмашылығы

4. Спортсмендерде гемодинамика көрсеткіштерін зерттегенде жаттығу кезінде артерияларда қан ағысының көлемі мен жылдамдығының өзгеруі анықталды. Қаңқа бұлышқеттерінің жиырылуы веналардың гемодинамикасына қалай әсер етеді?

  1. вена бойымен қанның ағуын қамтамасыз етеді

  2. вена бойымен қанның ағуына қиындық туғызады

  3. веналар бойымен қанның ағуына әсер етпейді

  4. қанның кері ағуына әсер етеді

  5. вена бойымен қан ағуына кедергі жасайды

5. Тәжірибелік сабақта студенттер физикалық жүктемелердің гемодинамика көрсеткіштері: пульстің жиілігіне, артериялық қысымға (АҚ) әсер етуін зерттейді. Дені сау адамда физикалық жұмыс кезінде аталған параметрлер қалай өзгереді?

  1. пульстің жиілеуі, АҚ төмендеуі

  2. пульстің сиреуі, АҚ жоғарылауы

  3. пульстің жиілеуі, АҚ жоғарылауы

  4. пульстің сиреуі, АҚ төмендеуі

  5. пульстің және АҚ өзгермеуі

6. Футбол командасының спортсмендерінде матчтан кейін жүрек қызметінің көрсеткіштерін зерттегенде ЖЖЖ 110 соғу/мин жоғарылады. Жүректің соғу жиілігеннен кейін артериялық қысымында қандай өзгерістер байқалды?

  1. төмендейді

  2. жоғарылайды

  3. өзгермейді

  4. фазалық өзгереді

  5. күрт түседі

7. Тәжірибелік сабақта студенттер қоянның құлағының қантамырларын жүйкелендіретін жүйкелерді электр тогымен тітіркендіріп, Клод Бернар тәжірибесін қайталады. Қандай жүйке талшықтарын тітіркендіргенде құлақ тамырлары тарылады?

  1. симпатикалық, адренэргиялық

  2. симпатикалық, холинэргиялық

  3. парасимпатикалық, холинэргиялық

  4. парасимпатикалық, серотонинэригиялық

  5. соматикалық, холинэргиялық