
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»АҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Жұлын - ми сұйықтығының айналысы
Орындаған: Жанболат Аяулым
Жәнібекова Айкен
Шекіртқали Гулмаржан
Топ: 218 ЖМ
Тексерген: Адайбаев Төлеуғали
Астана-2013ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жұлынның құрылысы және атқаратын қызметтері
2. Жұлын - ми сұйықтығын зерттеу тарихы
3. Ликвор сұйықтығының түзілуі туралы жалпы мағулмат
4. Тамырлы негі. Тамырлы өрім анатомиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жұлын - адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, Жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде Жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл Жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы – адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 – 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 – 45 см-дей, салмағы 26 – 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Жұлынның атқаратын қызметтері:
1.Рефлекторлық. Сегментарлық моносинапти-калық доғалардың көмегімен іске асырылады. 2.Өткізгіштік. Жұлын шеткі аймақтарды бас миымен және бас миын шеткі аймақтармен байланыстырады. 3.Эндокриндік. Жергілікті реттеушілік қызмет атқаратын көптеген заттар өндіріледі. Жұлынның дамуы кезінде нейробластылардың шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, сондықтан сұр зат мантиялық қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Жұлын жүйкелік түтікшенің кеуделік бөлігінен дамиды. Жүйкелік түтікшенің ішінде ликвор ерте пайда болады. Ликвордың кұрамында ақуыз ересек адамдардікінен көрі 20 есе көп. Ликвор дамып келе жатқан медуллобластылардың қоректенуін қамтамасыз етеді, әрі оның құрамында мүшенің дамуында керекті реттеуші факторлар болады. Көбейген медуллобластылар эпендималық қабаттан мантиялық қабатқа орын ауыстырады. Мантиялық қабаттан кейін сұр зат, ал шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Сұр заттың алдыңғы бағанында орналасқан нейробластылар қимылдатқыш нейрондарға айналып моторлық ядроларды түзейді. Олардың аксондары тез өсіп жұлыннан алдыңғы түбіршік түрінде шығады. Осымен қатар жұлын ганглиінің нейробластылары сезімтал нейроциттерге айналады, олардың аксондары жұлынның артқы түбіршігін құрай мантиялық қабатқа кіреді де мотонейрондармен немесе артқы бағанның интернейрондарымен синапс құрайды. Орталық және шеткері жүйке жүйелерінің морфологиялық құрылымының негізінде нейрондардың өздерінің қызметін атқару үшін ансамбльдерге бірігуі немесе интеграциясы жатады. Нейрондардың интеграциясы нәтижесінде рефлекторлық доғалар түзеледі. Жұлынның құрылысы Жұлын омыртқа бағанының ішіндегі каналда орналасқан жуан арқан тәрізді болып келеді. Ұзындығы ер адамдарда шамамен 45 сантиметрге, әйелдерде 41 - 42 сантиметрге жетеді. Жуандығы ұзына бойына әртүрлі. Мойын және бел аймақтарында қол мен аяқтарға қарай шығатын жүйкелерге байланысты оның жуандаған аймақтары болады. Жұлынның алдыңғы, артқы және бүйірлік бөліктерін ажыратады. Әрбір омыртқа деңгейінде жұлын сегменттерге бөлінеді. Жұлын барлығы 31 сегменттерден тұрады. Сегмент жұлынның құрылымдық - қызметтік бірлігі болып есептеледі. Бір сегмент деңгейінде кейбір рефлекторлық доғалар іске асырылады. Жұлынның көлденең кесіндісінде оның ақ және сұр заттарын ажыратады. Сұр зат ақ заттың ортасында орнасып, «Н» әрпіне немесе қанатын жайған көбелекке ұқсас болып келеді. Олар көлденең кесіндіде алдыңғы, артқы және бүйірлік мүйіздерді құрайды. Ақ затта үш жұп бағандарды ажыратады: артқы – артқы тосқауылмен артқы мүйіздердің арасында; бүйірлік – алдыңғы және артқы мүйіздердің арасында; алдыңғы – алдыңғы мүйіздермен алдыңғы саңылау арасында орналасады. Артқы тосқауыл мен алдыңғы саңылау жұлынды екі симметриялық бөлікке бөліп тұрады. Олар алдыңғы және артқы біріккен ақ зат арқылы қосылады. Жұлынның ақ заты көбінесе миелінді және миелінсіз жүйке талшықтарынан және тіректік нейроглиялдық аппараттан құралады. Жүйкелік талшықтар ақ заттың құрамында өткізу жолдарын түзейді. Бұл жолдар белгілі рефлекторлық доғалардың бөлігі болып табылады: 1. Жұлынның меншікті рефлекторлық аппаратының жолдары (проприоспинальды). Олар жұлынның интернейрондарының аксондарынан тұрып, қысқа және ұзын болып бөлінеді. Проприоспинальды нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына кіріп, жоғары өрлейтін және төмен кететін тармақтарға бөлініп, сұр заттың қасымен өтеді. Сұр затқа кіргеннен соң олар ендірме және моторлық нейрондарда синапстар құрайды. 2. Супраспинальдық өткізу жолдары жұлыннан шығып оны бас миының құрылымдарымен байланыстырады. Ол екіге бөлінеді: жоғары өрлейтін спиноцеребралдық және төмен кететін цереброспинальдық жолдар. Спиноцеребральдық өткізу жолдары сезімтал мәліметтерді денеден және ішкі мүшелерден бас миына әкеледі. Цереброспиналды төмен кететін жолдар бас миын жұлынмен байланыстырады және орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінің жұлынның сегментарлық аппаратының жұмысын реттейді. Цереброспинальды жолдар жұлынды бас миымен байланыстырып, орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің жұлынның сегментарлық аппаратын қадағалауын қамтамасыз етеді. Микроскопиялық тұрғыдан көршілес талшықтардың құрылысының бір-бірінен айырмашылықтары жоқ. Оларды анықтау және зерттеу экспериментальды кесу арқылы ғана іске асырылады. Жоғары өрлеуші (сезгіш) өткізу жолдарына нәзік буда (Голля жолы) және сына тәрізді жіпше (Бурдах жолы), дорзальдық латеральды жол, жұлын-мишықтық дорзальды жол (Флексиг жолы), жұлын-мишықтық вентральды жол (Говерс жолы), жұлын-таламустық дорзальды жол, жұлын-жамылғылық жол, жұлын-таламустық вентральды жол жатады. Төмен кететін (қимылдатқыш) өткізу жолдарына қыртыс-жұлындық латеральды (пирамидалық) жол, қызыл ядро-жұлындық (Манаков жолы) жол, кіреберіс-жұлындық дорзальды жол, оливо-жұлындық (Гельвег жолы) жол, тор-жұлындық жол, кіреберіс-жұлындық вентральдық жол, жамылғы-жұлындық жол, қыртыс-жұлындық (пирамидалық) жол жатқызылады. Төмен кететін цереброспинальдық жолдарды пирамидалық және экстрапирамидалық деп бөледі. Пирамидалық жүйені бас миының үлкен жарты шарларының пирамидалық жасушаларының аксондары түзейді. Пирамидалық жүйенің жүйкелік талшықтарының біраз бөлігі сопақша мидың, біраз бөлігі жұлынның деңгейінде қиылыстар құрайды, осының нәтижесінде латеральды және вентральды кортикоспинальды жолдар қалыптасады. Олардың терминальдары алдыңғы мүйіздің мотонейрондарында немесе артқы мүйіздің интернейрондарында синапстар түзейді. Пирамидалық жүйе қаңқалық бұлшық еттің қимыл-қозғалысының дәлдігін қадағалайды. Экстрапирамидалық жүйе қаңқалық бұлшық еттің тонусын сақтауға, дененің тепе-теңдігін және кеңістіктегі жағдайын тұрақтандыруға қатысатын бұлшық еттердің жұмысын реттеуге жауапты. Оны денелері сопақша мидың және көпірдің ядроларында орналасқан нейрондардың аксондары құрайды. Аксондар алдыңғы мүйіздердің мотонейрондарында және артқы мүйіздердің ендірме нейрондарында аяқталады. Жұлынның ақ затының вентральды бөлігінде филогенез барысында ертерек пайда болған талшықтар болады («ескі жұлын»), ал жұлынның дорзальды бөлігінде филогенетикалық тұрғыдан жасырақ талшықтар («жас жұлын») анықталады. Біріншілер үлкен сезімтал аймақтардан алынған мәліметтерді «жас жұлын» аймағымен салыстырғанда сәл баяулау жылдамдықпен бас миының сабау бөлігіне жеткізеді, ал екіншілері аз ғана сезім аймағынан (тактильді, бұлшық еттерден, буындардан келетін импульстер) шыққан мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен бас миының қыртысына апарады. Жұлынның сұр заты мультиполярлық нейрондардан, миелінсіз, миелінді жүйкелік талшықтардан және нейроглиядан (эпендимоглиоциттер, олигодендроглиоциттер, плазмалық астроциттер, глиалдық макрофагтар) тұрады. Жұлынның нейрондарының арасы жүйкелік талшықтардан және глиоциттердің өсінділерінен түзеліп, нейропил деп аталады. Сұр заттың ортасында жұлынның орталық каналы орналасқан. Адамның жұлынында орналасқан нейрондардың жалпы саны 13-14 миллиондай болады. Олардың үш пайызы қимылдатқыш, қалған тоқсан жеті пайызы сезімтал нейрондар болып табылады. Жұлынның барлық нейрондары жұлынның ішіндегі орналасуы мен құрылысына орай үшке бөлінеді: 1.Түбіршікті жасушаларға мотонейрондар және латералды аралық ядроның вегетативті нейрондары жатады. Олардың аксоны жұлыннан шығып оның алдыңғы түбіршіктерін құрайды. 2.Ішкі жасушалардың аксондары жұлынның сұр затының нейрондарында синапстар түзейді. Бұлар ассоциативті нейрондарға жатады. 3.Шоғырлы нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына шығып, сол жерде шоғырлар түзейді. Жұлын жасушаларын қызметтік тұрғыдан да үшке бөледі. Олар сезімтал, қимылдатқыш және ассоциативтік нейрондар. Сезімтал нейрондар көбінесе жұлын түйіндерінде орныққан. Құрылысы жағынан олар жалған униполярлы болып келеді. Қимылдатқыш немесе мотонейрондар жұлынның көлемі жағынан ең үлкен жасушалары. Мотонейрондардың өзі альфа-мотонейрон және гамма-мотонейрон болып жіктеледі. Альфа-мотонейрон беттің бұлшық еттерінен басқа қаңқалық бұлшық еттермен байланыстар түзейді. Гамма-мотонейрон бірінші аталған қимылдатқыш жасушаның қызметін реттеуге қатысады. Ассоциативтік немесе ендірме нейрондар басқа жүйкелік жасушалармен синапстар құрап қозу мен тежелу үрдістерінің пайда болуын және көршілес жатқан сегменттердің байланыстарын қамтамасыз етеді. Жұлынның сұр затының кейбір аймақтарының нейрондық, талшықтық және нейроглиялық құрамдары әртүрлі болады. Артқы мүйізде Лиссауэрдің шеткі аймағы, кеуекті қабаты, желатинозды субстанция, артқы мүйіздің меншікті ядросы, Кларктың дорзальды ядросы ажыратылады. Лиссауэрдің шеткі аймағында жұлын ганглиінің жалған униполярлы нейрондарының аксондары артқы бағандар арқылы артқы мүйізге кіреді. Кеуекті заттың құрамында ұсақ шоғырлы жасушалар анықталады. Желатинозды субстанцияның ішінде жасушалар аз, ол негізінен нейроглиядан тұрып, тек аздаған шоғырлы жасушалары болады. Жұлынның меншікті ядросы аксоны қарама-қарсы жаққа өтетін шоғырлы жасушалардан тұрады. Кларктың дорзальды ядросын аксондары сол орналасқан жағының бүйірлік бағанының ақ затына шығатын ірі нейрондар құрайды. Бүйірлік мүйіздің жүйкелік жасушалары екі ядро құрайды: аралық медиалды және латералды. Аралық медиалдық ядрода аксондары вентралды өзі орналасқан жақтың жұлын-мишық жолының құрамына кіретін нейрондар анықталады. Латералды аралық ядро вегетативті жүйке жүйесінің орталығы болып табылады. Бұл жасушалардың аксондары жұлыннан соматикалық қимылдатқыш талшықтардың құрамында жұлынның алдыңғы түбіршігінен шығады да, кейінірек бөлектеніп, вегетативті ганглийлерге барады. Жұлынның алдыңғы мүйізінің ядросы жұлынның ең ірі жасушаларынан тұрады. Жалпы саны екі-үш миллиондай. Олардың аксоны вентральдық түбіршіктің талшықтарының негізгі бөлігін құрайды. Сұр заттың вентральді мүйізінде моторлық жасушалардың екі тобы бар: латералды және медиалды. Медиалды топ кеуденің бұлшық еттерін, латералды топ – қол-аяқты жүйкелендіреді. Алдыңғы мүйіздің мотонейрондарын үшке бөледі: үлкен α-мотонейрон, кіші α-мотонейрон, γ-мотонейрон. Үлкен α-мотонейрондар қаңқалық бұлшық еттің тез жиырылуын камтамасыз етсе, кіші α-мотонейрондар олардың тонусын ұстауға қатысады. Кейінгі кезде жұлынның сұр затын Б.Рексед бойынша он табақшаға (пластиналарға) бөледі. Бірінші табақшаға артқы мүйізді және Лиссауэр аймағын, екінші табақшаға оның артындағы табақшаны жатқызады. Артқы мүйізде барлығы I-V табақшаны ажыратады. VI табақша жұлынның тек қалыңдаған аймағында ғана анықталады. VII табақша алдыңғы және артқы мүйіздердің арасында, ал VIII және IX табақшалар алдыңғы мүйізде, X табақша орталық каналдың айналасында орналасады. Табақшалардың көбінде ішкі интернейрондар болады. VII табақшаның шеткі аймақтарында вегетативті ядро, IX-табақшада алдыңғы мүйіздің мотонейрондары анықталады.
Жұлын ми сұйықтығын зерттеу тарихы
Цереброспиральды сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға дейін; Алғаннан кейін. Бірінші кезең анатомиялық болып табылады. Ол кезде физиологиялық көзқарастар сұықтықпен тығыз байланысты жүйке жүйесінің анатомиялық қарым-қатынасына негізделген. Бұл қорытындылар негізінен мәліметтерге жүргізілген зерттеулерге сүйген. Бұл кезеңде (ликвор) жұлын сұйықтығының анатомиясы және физиологиясы туралы көптеген құнды мәліметтер алынды. Бірінші болып ми қабаттарын қатты және жұмсақ ми қабаттарын, ми беткейіндегі тамыр торларын, қатты ми қабаттарының синустарын және олардың қосылуын ашқан б.ғ.д. ІІІ ғ. Герофил Александрийскийден кездестіреміз. Осы ғасырда Ерозистрат ми қарыншаларын және бүйір қарыншаларды ІІІ қарыншамен байланыстыратын тесіктерді ашқан. Ликвар аймағын ашқан Гален болып табылады. Ол алғаш ми қабаттарын және ми қарыншаларын терең зерттеген Гален бойынша мида 2 қабат болады: жұмсақ (membrana fenius) миға жабысқан және көп тамырлары бар және тығыз (membrane dura) қаңқаның кейбір бөліктеріне жақын жатқан жұмсақ қабат қарыншаларға енеді. Гален айтуы бойынша омыртқа жотасының қозғалыс барысында қорғап тұратын 3-ші қабат болады. Гален ми қабаттары арасында қуыс барын тесікке шығарада, бірақ ол пульс әсерінен болады деп ойлайды. Гален айтуы бойынша алдыңғы қарыншалар артқы (IV) қарыншаларымен байланысады. Қарыншалардың артқы, бөгде заттардын тазаруын мурын жи таңдай шырышына бағытталған тесіктер арқылы іске асады. Бірақ Гален қарыншалар ішінен сұйықтық таппаған. Оның пікірінше олар жануар жанымен толтырылған.
ХVІ ғасырда Везалий де Гален ашқан қарыншаларды ашқан, бірақ ол алдыңғы қарыншаларда өрім бар деп айтқан. Қарыншалардан сұйықтық таппаған. Варомей тамыр өрімімен бөлінетін сұйықтықпен қарыншалар тайырылған деп ойлаған.
1891 жылы Эссенс Уинтер және Квинке алғаш рет мамбальды пунция арқылы цереброспинальды сұйықтықты алған. Осы жылдан бастап цереброспинальды сұйықтықтың зат алмасу және қорғаныс процессіндегі ролі туралы зерттеле бастады.