Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geomorfologia_otv.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63.72 Кб
Скачать

5. Климаттың түрлері

Климат бедер құруындағы рөліне сәйкес бірнеше жіктемелерге бөлінеді:

Нивалдық климат.Жылдың барлық мезгілдерінде жауын-шашын көп мөлшерде қар,бұршақ түрінде түсіп,жылдың жылы мезгілінде қары еріп,суы буланып үлгермейтін климат.Жауатын қар еритін қармен оның буланатын мөлшерінен басым болады.Нивальдық климат жағдайларында негізгі бедер құратын фактор-жылжымалы мұздықтар.

Полярлық немесе көп жылдық тоң топырақтың таралу аймақтарының климаты.Қысы қатал,әрі ұзақ поляр аймағының климаты.Күн радиациясы аз,жазы қысқа,әрі суық.Жаздың ең жайлы айдағы орташа температура -тан төмен болады.Қыста ауа-райы ашық,жазда тұманды,әрі бұлтты.Жауын-шашыны аз жылына 200-300 мм-ден аспайды.

Гумидтік климат-аса ылғалды климат.Мұнда жыл бойы түсетін жауын-шашын топыраққа сіңетін және буланып кететін судың мөлшерінен едәуір басым болады.

Аридтық климат-қуаңшылық немесе аңызақ климат.Ауа температурасы жоғары,атмосфералық жауын-шашыны аз,шөл мен шөлейттерге тән құрғақ климат.Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-200 мм-ден аспайды.

6. Жер қыртысының құрылысы және бедер планеталық пішіндері.Жер қыртысы дегеніміз-литосфераның беткі бөлігін құрайтын төменгі жапсары Мохорович деңгейімен шектелген,жер планетасының ең үстіңгі қабаты.Жер қыртысы жазық бағытта да,көлденең бағытта да біркелкі емес.Геофизикалық зерттеулер арқылы,сондай-ақ терең сейсмикалық зондылау жұмыстарының нәтижесінде мұнда жоғарыдан төмен қарай үш түрлі қабаттарды,яғни шөгінді,гранитті және базальтты қабатты даралауға болады.Жер қыртысы құрылысының жазық бағыттағы әркелкелігі құрлықтың және мұхиттық қыртыстардың айтарлықтай айырмашылықтарынан туындайды.Құрлықтарға тән жер қыртысының қалыңдығы орта есеппен 30-40 км шамасында,кейбір жерлерде,әсіресе таулы аймақтарда бұл көрсеткіш 70км-ге дейін жетуі ықтимал.Құрлықтың қыртыс құрамында жоғарыда айтылған үш түрлі қабаттың үшеуі де кездседі.Жоғарғы қабат-шөгінді қабат(тығыздығы 1,8-2,5 г/ ).Оның қалыңдығы-0 метрден 20 км-ге дейін.Екінші қабат-көбінесе қышқыл тау жыныстардан құралған ішкі құрылымы мен құрамы жағынан гранитке жақын "гранитті қабат"."Гранитті қабаттың"тығыздығы 2,5-2,75 г/ ,қалыңдығы биік жас таулар астында 30 км-ден,жазық жерлерінде 15-20 км-ден асадыҮшінші қабат-"базальтты қабат".Оның тығыздығы 2,75-3,00 г/ .Қалыңдығы-15-20 км.

7. Алмұрт тәрізді, тегіс түпті жыралардың қалыптасуы

Алмұрт тәрізді жыралар өзіндік пішінімен және құрылысымен ерекшеленедеі.Жыраның бас бөлігі онығ ортаңғы бөлігімен салыстырғанда кең және дөңгелектеу.келіп тік кемермен басталады.Кертпештің ірге тұсынан 10-12м тереңдікке жеткен құдық тәрізді шұңқыр қалыптасады.Шұңқырдың түбі жалпы жыраның деңгейінен әлдеқайда төмен.Жыраның ортаңғы бөлігі жіңішкеріп,екі жағы тіп-тік болып,түбі ірі кесекті тау жыныстарымен бітеледі.Жыраның ұзындығы 50-100 м-ден аспайды.Тегіс түпті жыра.Ұзындығы ондаған метр,тереңдінгі 3-8 м,түбі жайпақ,жыраның екі жақтағы жағасы тік.Мұндай жыра пайда болуына дейін астында су өтпейтін,сазды қабаттардың жер бетіне жақын жатқандығына байланысты.Атмлсфера жауын-шашыны лесс тау жынысын су өтпейтін қабатына дейін шаяды да және сол деңгейде ағып,жыраның жайпақ түбін жасайды.Мұндай жыралар таяз тереңдіктегі сазды қабаттар дамыған жерде тау бөктерінің тауаралық ойпаттарында пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]