Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geomorfologia_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63.72 Кб
Скачать

1.Бедердің морфометриясына, морфографиясына байланысты жіктелуі

Гипсометриялық (гр. Hypsos- биіктік, mertreo-өлшеу) сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу, жербедерінің ең маңызды морфометриялық сипаттамасының бірі. Құрлық бетін мұхит деңгейінен көтерілу мөлшеріне орай ең алдымен жазықтар алып жатыр. Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Қазіргі кезде жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоңыстанған, демек жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне өте қолайлы, Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға ыңғайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері зерттеп, жан жақты пайдаланып келеді. Морфологиялық жағынан жазықтар тегіс, бел белесті, жоңды, жонды төбелі, сатылы болып келелді. Жазықтардың беті әдетте бір жағына қарай сәл еңістеу (тау алды жазығы) немесе ойысты (тау аралық жазықтар) болады. Абсолюттік биіктігіне қарай жазықтар негізгі үш түрге бөлінеді. Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200м-ден төмен өлкені ойпатты жазық деп атайды. Абсолюттік биіктігі 200м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар қыратты жазықтар. 500м-ден астам биіктіктегі жазықтар жайпақ таулар мен таулы қыраттардың құрамына кіреді.Ойпатты жазық көбінесежазық бағытта жайласқан жс борпылдақ тау жыныстар қабаттарынан тұратын тегі, жазық алқабы. Қыратты бедер нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына және тілімделу сипатына байланысты қыратты жазықтарға, үстірттерге, жайпақ тауларға, таулы қыраттар мен тауларға ажыраталады.Аккумуляциялық жазықтар жер қыртысының иіліп төмен түскен тұстарында борпылдақ шөгінділердің ұзақ уақыт жиналуының нәтижесінде құралады. Денудациялық жазықтар сыртқы күштердің әсерінен ұзақ уақыт үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда болатын тау жыныстары. Үстірт (плато) француздың plateau деген сөзінен шыққан жазық бағытта жайғасқан тау жыныстар қабаттарынан құралған, тегіс бетті көтеріңнкі жазықтар. Таулар деп жоғары биіктікте (800м ге және одан да жоғары) көтерілген, жер қыртысының қатпарлы және қатпарлы жақпарлы құрылымдармен күрделенеген, теңіз деңгейімен және қоршаған жазықтармен салыстырғанда биіктік көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Морфография («морфо» пішін, «графо»бейнелеу) бедердің сыртқы бейнесін, пішінін бейнелеу). Морфометрия (грек «морфо» пішін, «метрия» өлшеу) бедерге сандық сипаттама береді. Морфометриялық мәліметтер көбіне топографиялық және аэрофото ғарыш материалын талдау нәтижесінде арнайы морфометриялық карталар жасалады. Морфометриялық морфогенезисі жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құбылыстары. Морфометриялық тәсілмен белгілі геоморфология аймақтарын, бедер пішіндерін, өлшеу үшін Омердің ұзындығын, енін,биіктігін және бедердің тілімдену жиелігін анықтайды.

1.Мұхит түбіндегі экзогендік үдерістер және бедер пішіндері

Мұхит түбіндегі экзогендік үдерістер және бедер пішіндері айтарлықтай күрделі және олар келесі түрлерге бөлінеді:гравитациялық,гидрогендік және биогендік процестер.Гравитациялық процестердің пайда болуына салмақ күші негізгі рөл атқарады.Гравитациялық прцестерге су түбінде жиі болып жатқан жылжымалар және лайлық ағымдары жатады.Гидрогендік процестерге мұхит түбіндегі және мұхит түбіндегі су ағыстары жатады.Жылдамдығы 5-30 см/с түпкі ағыстар жүйесі шөгінділерді орнынан көшіріп,алуан геологиялық жұмыс атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]