Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

87.З.Фрейд фил.Дағы “сублимация” ұғымы.

ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физиопсихолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН(супер эго), ОЛ(ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы ” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд, тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды ( әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері:Түс көруді жору(түс–ұғынылмаған құштарлық көрінісі), Күнделік өмірдің психопатологиясы (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды).

20. И.Канттың Трансцендентальды философиясыы

Канттың « Таза зердеге сын» еңбегінің трансцентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімділіктің формалары туралы ілім. Сезімділіктің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса- сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бр объектіні тану үшін оны уақыт пен кеңістік арқылы зерттей алады.

47) Ибн-Сина фил.дағы құдай эманациясы идеясы.

Ибн-Сина (980-1037)дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Аль-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Европалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол. Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфакан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып өз білімін жетілдіреді. Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең әлемге танымал болған атағын Шығыс пен БАтысқа танытқан «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы.Ол ғасырлар бойы Шығыс және Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді.Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын«Сауығу кітабы»логиканы,физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн-Синаның аты құрметпен аталатын еді. Оны біресе «Философтар патшасы» деп атаса, біресе «Дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб перапатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяна мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды.Бірақ бұл қағида діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді Ибн-Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесің ете қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді.: 1) заттарға дейін, құдүреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні ; 3) заттан кейін адамдардың санасында.Таным теориясында Ибн-Сина Әл-Фарабидің жолын қуып оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. , Ибн-Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол Әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]