Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

64. Жыраулар философиясының ерекшеліктері

Жыраудың ханға айтқан тура сөзі кім-кімге де зиялы кеңес. Бұл ұлт интеллектуалының қалыптасуының тарихи мысалы. Қай елдің философиясы болмасын, олардың ұлттық идеялық негізде қалыптасуына себеп болған ұлттық поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған ой. Жекелеген адамдардың ұлттық өнерінің бойында бар идеялар, халықтың ішінен зиялылардың ел алдына шығуына, елге кәсіби білім бағытында қызмет етуіне жетекші болғандығы көпшілікке аян. Сол сияқты «жыр рухына» кездейсоқ қарау мүмкін емес, әсіресе қазақ елі үшін жыр ұлттық идеяның терең арнасы. Ел мүдесіне, ұрпақ игілігіне ауадай қажет барлық құндылықтарды сақтап, реттеп, бірі өмір сүру үшін бірінің қажеттілігін сақтап, оны тұтастай ұлттық рухтың қуатына айналдырып отырған осы жыраулар дүниесі. Жыр бейнелі ой, білімді сөз, зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік қасиеттердің өрісі, тұлғалық көзқарас, сезімталдық, ұлы мақсат, ұлттық мұрат. Осы құндылықтардың танымдық негіздері, құндылықтың бағдары жыраулар даналығының негізгі тақырыбы.

85.Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы.

Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуіріз Ж.Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес.Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды.Жауһари,Фараби,Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың”Түркі тілдерінің сөздігі”,Ж.Баласағұнның “Құтадғу білігі”,”А.Иассауидың ”Диуани Хикметі” сияқты жәдігерлердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәденитінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады.Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжрибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге,қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?” ”Адамгершілік,адалдық,әділдік,даналық,әділдік, даналық, деген не? ”деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын.Солардың бірі”Құтты білік”поэмасының авторы Ж.Баласағұн еді.Ол-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны,есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл,философ, энциклопедист ғалым,бегілі қоғам қайраткері.Ол-философия, табиғаттану,математика,астрономия,тарих,араб-парсы тіл білімі,т.б.ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым.Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы-сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес,түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Сондықтантан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп,ондағы бірші держағдайда ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында.Бақыт жеке басқа тән ұғым емес.Ол-халықтық сипаттық ұғым,өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. ”Құтты білік” мазмұны осы. Үштік қағида да көп қолданылады. Мемлекеттің, негізгі үш нрседен-халықтың, қазынадан, әскерден тұрады.Халықтың өзі үш буыннан-байлардан, орталардан, кедейлерден тұрады.Бекің мақсаты-кедейлерді ортаға,ортаны байға жеткізу.Күнтуды Елік адамдардың үш түрін қоштап,қолпаштап отыруы тиіс.Олар-алып,жүрегі құрыш, ер кісілер,екінші-елші ғалым,даналар,үшінші-хатшы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]