Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

6.Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы.

Кезінде ата-бабаларымыз біз сияқты «Бақыт деген не?» т.б. деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі «Құтты білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн.

Ж.Б. – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, философ, энциклопедист ғалым, қоғам кайраткері.

«Құтты білік» поэмасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі-мемлектті басқару үшін әділ заңның болуы, екіншісі- бақ-дәулет,үшіншісі- ақыл-парасат,төртіншісі- қанағат-ынсап мәселесі.

«Төрт тұғырық» өлшемдік қағида- «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Күнтуды(әділет), Айтолды(дәулет),Өгдүлміш(ақыл),Оғдұрмыш(қанағат) бірін-бірі қисынмен толықтырып отыратын кейіпкерлер. Күнтуды-орталық, кіндік тұлға,себебі ізгілікті қоғамның арқауы-әділеттілік,ол ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет.Ал ақыл, дәулет,қанағатшылық сезім-жүре бітер қасиеттер.Олардың әрқайсысы жеке-дара қарағанда дүниеге тұтқа бола алмайды,адамды бақытқа жетектей алмайды.төртеуі біріккенде ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында, бақыт жеке басқа тән ұғым емес,бақыт- халықтық сипаттағы ұғым.Өз халқын бақытқажеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. «Құтты біліктің» мазмұны осы.

Жаңа дәуір филос.ның ғылымицентрЖаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Т. Гоббс сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]