Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

35 Ақиқат,тәжірибе теориясы

Ақиқат –танымның негізгі мақсаты.Аристотель сөзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнелеуі деп түсінді. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды.Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат ылғида нақты. Қоғамдық тарихи тәжірибе-ақиқаттың бірден бір жалпы өлшемі. Ғылымның әр түрлі саласында оның көрінуі де әр түрлі. Жалпы алғанда, таным процесі, сол сияқты ақиқат және оның өлшемі,адамның тәжірибиелік қызметін үнемі өзгерісте,қозғалыста деп түсіну керек. Ақиқат теориясы мынандай қаидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процесс2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз 3) ақиқат барлық жағдайда нақты 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі 5) ақиқатты тану –қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

88. А.Иассауидің сопылық философиясы

Ахмет Иассауи–ΧΙΙ ғасырда көне түркі тілінде жазылған Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кітабының авторы.Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып,тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәркі дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін уағыздайды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап,сопылық ілімін ұстанады. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылықта басты қағида — болмыс тұтастығы. Ол үш деңгейде көрінеді:абсолют, аттар және феноменалдық дүние. Иассауидің басты көздеген мақсаты–құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: “Кімде–кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады”.Иассауи суфизмнің ең биік шыңы—оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол “Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты”. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс–әрекеттері оның құдайға сенуіне байланысты болады.

15) Әл-Фараби «бақыт» туралы

Әл-Фараби – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіріп отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады.

17 Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі

Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді.Өзінің «Софистика» атты шығармасында Әл-Фараби адамныңақыл ойын ақиқат жолынан тайдыратын әдістерді сараптап берген. Оның ойынша, аталмыш мәселе сұрақтарды қамтиды: 1 Қоғамдық ғылымдардың пәні мен мақсаты2 Адамзат қоғамының дамуы, пайда болуы туралы жаңсақ пікірлерді сынау ісі және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі 3 Қала, мемлекеттер туралы, мемлекеттік басқарудың түрлері туралы 4 Адамның қоғамдық орны, тәрбие жұмысының мәні 5 мемлекетке бірігудің тіпкі мақсаты, жалпы бақыттылыққа жетудің жолдары мен тәсілдері «Адам әр нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін тек қоғамдасқан ортадан ғана таба алады, әрі адамдар бірлестігінің арқасында ңана жетіліп, өз қабілеттерін шыңдай түседі. Осыдан келіп,олардың әлеуметтік мәні қалыптасады»,-деп атап көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]