Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

29 Таным деңгейлері және формалары

Ақыл, парасат , сана сезім иесі ретінде Адам қоршаған орта туралы білгісі келеді, оны қарастырады.Таным дег. Сыртқы заттар мен құбылыстардың Адамның санасында түрлі образдар ретінде қайшылыққа толы қалыптасуы.Диалекетикалық матриализмнің таным теориясы метафизикалық материализмнің таным теориясынан айырмашылығы бар.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалықтеориялық деңгейлерін ажырата білу керек. Өйткені әр деңгейдің өзіне тән әртүрлі ерекшеліктері бар.Эмпирикалық деңгейде таным объектісінің қасиеттері сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымын кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қоыслған.Ал теориялық деңгейде таным объектісінің негізгі байланыстары ен заңдылыұтары тәжірибе жүзінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде әр түрлі әдістер қолданады: бақылау, эксперимент, модельдеу, анализ, синтез, индукция, дедукция, т.б.

63.Табиғат және қоғам.

Т. және Қ-ның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар жүйесінде ерекше дүние танымдық маңызы бар.Қ, Т —дамудың жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады. Т пен Қ-ды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын материалдық өдіріс процесі, еңбек процесі деп кәміл сеніммен айтуға болады.Қ-дық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты–еңбек.Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті —ақыл-ойға,санаға,тілге ие болғанын жақсы білеміз.Ф.Энгельс:"адамды адам еткен еңбек" деп тұжырымдаған.Ал еңбек дегеніміздің өзі–адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы.Т.пен Қ. арасындағы қарым қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XIX ғ ортасында француз географы әрі социологы Элизе Реклю кіргізген болатын,одан әрі бұл ұғым Г.В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.Географиялық орта–қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Т. пен Қ. өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы туралы айтқанда,тек Г.О туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине көп.Ол биосфера деп аталады.Биосфера–жер шарының тіршілік тараған аймағы.Басқаша айтқанда,биосфера–адамдардың тыныс тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта. Оны күн энергиясын жасыл желектер мен өсімдіктер арқылы түрлендіріп отыратын биофизикалық және биохимиялық лаборатория десе де болар еді.Адамның іс әрекеті,ғылым мен техника дамыған сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай түседі.

86.Ұлттық сана және мәдениет

Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ойтолғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәденитарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.

7.Философиялық козқарастар ерекшелігі.

Философия – дүниеге көзқарас.Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болатынын айттық. Бірақ көз қарас алуан түрлі.Мәселен,жай,қарапайым,күнделікті өмірден,тұрмыстан туған “отбасы, ошақ қасы” дегендей көз қарас.Ол көзқарас – негізінен дұрыс,ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған көзқарасты уағыздайтын адамдарды халық сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан.Дегенмен, көзқарастың бәрі бірдей бола бермейді.Діни,идеалистік көзқарас та бар.Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды.Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер,негіз болады.Иланудың да екі түрі бар – ғылыми және ғылыми емес жақтары да бар.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп – оңай өзгере бермейді дедік. Мұндай адамдар құбылыстың негізіне әбден түсінген соң ғана бірте – бірте түсуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]