Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

76 Неотомизм философиясы

Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Ол негізінен католиктер шоғырланған Италияда, Францияда, Испанияда, Бельгияда, Германияда және кейбір Латын Америкасының елдерінде кеңінен тараған. Негізін салғандар: ХIII ғ. өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Г Марсель, В Соловьев, Н Бердяев т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адам жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды; бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені адамдар жаратушыны ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келсек ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш. ойға келеді; ә) қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін - құдай; б) барлық салдардың да сәйкестіктің де себебі - құдай; в) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі – құдай, жамандық пен жақсылықты жасайтын – адамдар. Бірақ құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай-ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімдікті, ассимметрияны жасайтын кім? Өйткені ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.

84.Неотомизм философиядағы адам мәселесі.

Неотомизм-католик шіркеуінің діни философиясы.Негізін салғандар:XIII ғасырда өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский.Өкілдері:Жан Маритен,Э.Жильсон,Г.Марсель,В.Соловьев,Н.Бердяев,И.Бохенский,т.б. Бұл діни философиның мақсаты-адамдар жүрегіне жол салу.Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды,бірақ оны дінге қарсы қоймайды.Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жарамсыз ықпалын сынайды.”Өйткені адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан.Барық қатер содан”дейді олар.Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген:потенция және акт,эссенция және эккзистенция.Неотомизмнің басты мәселесі үшеу-Құдай,адам,адамгершілік.Жаратушы жайындағы проблемаға келсек,бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді;а)қозғалысты алсақ,алғашқы күш,бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді;ә)қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін Құдай; б)барлық салдардың да,сәйкестіктің де –Құдай;в)дүниеде бәрі де жарасымды жаралған,оның себебі-Құдай,ал жамандық пн жақсылықты жасайтын-адамдар.Дегенмен,қоғамдағы түрлі қайшлықтарды шешу басшыларға байланысты.Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады.

89.Номинализм және реализм

Ортағасырлық теологиялық философияда (схоластикада) екі қарама–қарсы бағыт –номинализм мен реализм ерекшеленеді. Реализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар(универсалиялар) адамдардың ақыл–ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді.Ұғым пайда болды кейін ғана зат жасалды. Демек құдай туралы ой болса, ол бар деген сөз. Көрнекті өкілдері: Ансельм Кентерберейский, Фома Аквинский, Алберт Великий

Номинализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Ұғымдар заттардан кейін пайда болады, заттар тәжірбие кезінде пайда болады.Мысалы: “жалпы адам” өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам.

Көрнекті өкілдері: Дунс Скот, Уильям Оккам, Росцелин, Пьер Абеляр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]