Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

61.Қазақ философиясының қалыптасу және даму ерекшеліктері.

Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй.

68.Қозғалыс формалары даму ұғымы

Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады. Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану). Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi, теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

74.Қр. Дамуындағы стратегиялық бағыттар

Бұл тақырыпқа біздің елбасшымыздың жолдауын қарастыруға болады. Осыдан он жыл бұрын жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Еліміздің жылға дейінгі Дамуының стратегиясы біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етіледі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты жеті жарғы мыналар дейді елбасшы:

1, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, басекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жекеменшік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

2, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз

3 біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз

4, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз

5, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.Біз исламның,басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз

6, біз қазақ халқының саңғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

7, біз өз елімізді халқаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]