Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

73.Көне үнді фил.Ның даму ерекшеліктері

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға немесе кастаға бөлінді. Олар брахмандар абыздар, әскербасылар, ауқатты шаруалар және құлдар. Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ боладыда, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алады және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болады. Мысалы брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшадриларға әскери қызмет, вайшилерге ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші ведаларда жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: Самхит құдайларға арналған гимндер жинағы; Брахман Самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б; Араньянкта Орман кітабы Брахманға тән ритуалдардың орнына құдайлардың іштей сыйлау құрметтеу, олар туралы ойланып толғану туралы көзқарас; Ведалардың ең соңғы сатысы упанишадта дәстүрлі варналарды бір басты тезисі брахман туралы, ғарыштың негізінле мәңгі мәңгілік брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса брахман бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман тіршіліктің негізі; ал екеуі қосылып, барлық денелердің, ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол саналы тіршілік иесі,әлемді жаратушы деп есептеледі.

9.Қазақ философиясының ерекшелігі

Қазақ философиясында көшпенді мәдениеттің басты ерекшелігі- табиғатқа бейімделіп өмір сүруге ұмтылады, табиғи үйлесімділік заңдылығын мойындайды, образдық ойлауға негізделген. Қазақ философиясының басты ерекшелігі- синкретистік сипатта және парасаттан бөлінбей дамыған.

Синкретизм деген-дүниетанымға мифологиялық діни және философиялық көзқарастың бөлінбеуі.Парасат философиясы- 3 сипат арқылы мәнін ашады: 1) сұңғылылық (интеллект- европа сөзінде); 2) кеңпейілділік (демократ); 3) сабырлығы (толерантность); Осы үшеуі образдық ойлауға- негізделген.

18.Қазақ философиясының даму ерекшеліктеріИдеялардың мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған философия тарихы бұгінгі таңда орасан зор мәнге ие болды. Өз ұлтының түп-тамырына, салт-санасына және ерекшелігіне назар сала бастаған жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін мұның маңызы ерекше зор. Жаңа мемлекеттің тарихи-қоғамдық аренасындағы орталық ұғымы „төлтумалылық”, өзіндік болмыстылық. Бұл енді өзінің барлық мүшелерінің өмірлік доминанттарының жалпылығы және өзіне тән ерекшелігіне негізделген қоғамның дербестігін, сапалық айқындылығын білдіруге жұмсалады. Бұл жерде қоғамдық тұрмыстың әр қырлары, қоғамдық сананың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері, тіршіліктің қалыптасқан элементтері және дамудың ішкі бастаулары ажырамас бір салаға бірігеді. Әртүрлі философтар мен мәдениеттанушылар өзіндік болмыстың орны жайында ой түйе келіп, ол - тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттің өміршеңдік өзегі, ғылымның мәдени өзегі, қоғам дамуының үдемелі қағидасы (динамикалық принципі) деген ұғым қалыптастырған.19

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]