Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам" концепциялары.

Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалар жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді.И.қ-ның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өнеркәсіптің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы,ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізуі,капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 20%-ына тең дейін жоғарылауы,қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі,квалификациялық еңбек үлесінің артуы жатады.Ақпаратық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технология прогресіне тәуелді болады.

1. Көзқарас және оның формалары.

Философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды.Дүниеге көзқарас дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас сезімнен, танымнан , нанымнан тұрады. . Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді, қоғамдағы, өмірдегі оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болады. Бірақ көзқарас алуан түрлі. Мәселен, жай, қарапайым, күнделікті өмірден, тұрмыстан туған «отбасы, ошақ қасы» дегендей көзқарас. Ол көзқарас дұрыс, ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған, практикада анықталған көзқарас. Көзқарастың бәрі ғылыми бола бермейді. Діни, идеалистік көзқарас та бар. Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды

33. К.Юнг философиясындағы “архетип” ұғымы. «Архетип» ұғымын ғылымға енгізген – К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез – құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады.       Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол – уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан заңды және прогрессивті құбылыс.       Архетиптік уақытты жаңғырту дегеніміз - әлемдік мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп тамырды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс. Бізде жиі айтылатын «еуразиялық идея» мәнісі жағынан алғанда партикуляризмнің бір түрі және ол негізінен Ресей жерінде қалыптасқан. Мәдениеттер диалогы кеңістігінде архетиптік уақытты жаңғырту мәдени әмбебаптылық идеясына қарсы келмейді.       Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғүрлым бойына толығырақ жинаған салт – дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түп нұсқа жатады.      Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Енді осы архетиптік уақыт ерекшеліктерін сипаттауға көшейік. Жоғарыда аталып көрсетілгендей , архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар.

48.Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері

Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған. Атап айтқанда:

- қазіргі моңғол, қазақ, қырғыз т.б. халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;

- ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;

- «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;

- Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата,…);

Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.

Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ.  Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге к үні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным – сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйлар болды. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев секілді ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді.

55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері

Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]