Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
115.57 Кб
Скачать

2.Антикалық фил.Ның космоцентристік сипаты.

Антик заманының фил.сы б.э.д. VII-VIғ. өмірге келді. Алғашқы материалистік ілімдер К.Азиядағы ең ірі қаласы Милетте туды. Мұнда 3 ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес дүниенің бәрі судан п.б. және суға айналады, су – барлық заттардың негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстың иесі болып табылады деді. Анаксимандр дүниенің бірінші бастамасы және негізі «апейрон (шексіз)» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат деп санады. Анаксимен болса дүниенің бастапқы негізі тіршілік көзі – ауа, өйткені барлығы содан п.б., соған қайта оралады дегенді уағыздады. Пифагордың Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді. «сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді» деді. Элей мектебі – Парменид, Зенон, Ксенофан. Бұлардың философиясының түпкі ұғымы – болмыс. Оларша болмыс деген тумайтын да, жойылмайтын да – сол. Риторика - әдемі сөйлеу өнері, ол соттарда, халық жиналыстарында, әдемі сөйлеп, өз қарсыластарын өз айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері. Осы өнерді ақы алып үйрететін ұстаздарды софистер д.а. Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий ойшылдары ат салысты. Маевтиканың негізін салушы – Сократ. Киниктер философиясының өкілдері – Антисфен, Диоген материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік мектептің өкілдері өмірде сезімдік қуаныштарға, ляззатқа берілу керек деді. Гедонистік философияның негізін салушы – Аристипп. Атомистер ілімі бағытына грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және Лукреций Кар жатады. Платон сезімнен тұратын шындық нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Идея – мәңгі, ол тумайды, өлмейді, өспейді, кемімейді. Платонның шәкірті – Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген.

3. А.Шопенгауер «бақыт» туралы

«Үрей метафизикасын» пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бірі Шопенгауер болып табылады. Оның пікірінше, бұл әлемде ешқандай обьективті шындық та, әділеттілік те жоқ, тек бір нәрсе ғана бар, ол – өлім алдындағы үрей. Біздің өміріміз қаншалықты жемісті, толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бәрі-бір әрқашан да өліммен аяқталады. Алайда, өмірдің осылай шарасыз және бақытсыз аяқталғанына қарамастан адамдарды өмір сүруге ерік мәжбүрлейді. Шопенгауер бойынша ерік «бейсаналы» және мәңгі, ол жалғыз нағыз нақтылық болып табылады. Әлем ерік және елестету болып табылады. Ерік қай жерде болса да, қасірет те сол жерде, өйткені бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. Адамның өмірге деген құштарлығы көп болса, соғұрлым еркі және қасіреті көп, адам бақытты болатындай бірде-бір орын жоқ.

30 Абайдың дінге көзқарасы

Қазақтың ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениет тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл – демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы болды(1845-1904). Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, ф.ялық аудармалар, проза мен әндерден тұрады.Абай сыншыл болды. Ол дүниетанымдық мәселеде Алтынсарин секілді, деизмге жақын болды. Ол құдайды оз заңдары бойынша дамып жатады деп түсінеді.Ол дінбасылар мен діни надандықты, фатализмді атеизм тұрғысынан емес «нағыз»дін немесе рационалдандырылған дін позициясы тұрғысынан сынады.абай бір жағынан Құдй бар деп, екінші жағынан дүниенің әлемнің объективті заңдылығы бар деп түсінді.Діңбасылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.

31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесіАбай Құнанбаев (1845-1904).Адам - өз тағдырының қожасы және құрушысы. Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары – АБАЙ тұжырымдамасындағы негізгі идеялары. өз шығармаларында ол адамға мейірмандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.Адамның әр түлілігі жайлы айта келіп, АБАЙ әр адамның өмірде өз табудың мағыздылығын атап көрсетеді. Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан кейін адам бол деген АБАЙ этикасының негігі принципінің маңынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам өзінің шығармашылық мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]