Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Topiki_Kaz_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

26) Досыңыз жазғы демалысын Қазақстандағы демалыс орындарының бірінде өткізгісі келеді. Сіз қандай кеңес берер едіңіз.

Қазақстанның табиғаты керемет, демалуға қолайлы. Сол табиғаттың көркем жерінде серуендеп демаламыз. Жыл сайын біздің елімізге көптеген туристтер келуде. Мен саған дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай демалыс және сауықтыру орынын ұсынар едім. Оны Қазақстанның швейцариясы дейді. Бурабай еліміздің солтүстік өңірінде орналасқан. Бурабай көлі – емдік қасиетімен халықтың жүрегінен орын алған көл. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Демалыс орнына бара жатқанда қарағайлы, қайыңды ормандарды кездестіресің. Бұл жерде табиғат ескеткіштері көп. Бурабайға демалуға барсаң, өкінбейсің деген ойдамын.

27) Жағдаяттық тапсырма: Сіз шетелдік қонақты ұлттық тағамдар мейрамханасына ертіп бардыңыз. Тапсырыс жасауға көмектесіңіз.

Халқымыздың ұлттық тағамдары – бесбармақ, куырдақ, қазы, жал-жая, бауырсақ, құрт. Ет тағамы – қазақ халқының басты тағамы. Қой, сиыр немесе жылқы етінен жасалады. Қонақ келген кезде осы тағамды ұсынады. Қазы – жылқы етінен жасалады. Қазыны көбінесе қысқа сақтайды, ол сүрленген сайын дәмді болады. Сусындарға қымыз, шұбат, айран, сүт жатады. Қымызды жылқы сүтінен ашытады, шұбатты түйе сүтінен дайындайды, ал айранды сиыр сүтінен. Мен сізге ет тағамын ұсынар едім. Біздің ұлттық тағамдар көңілізден шығады деген ойдамын.

28) Су шаруашылығы Су шаруашылығы— жер үсті және жер асты суларын қорғау және оның зиянды әсерімен күресумен айналысатын халық шаруашылығының саласы. Су – тіршілік көзі. Су болмаса, жер шарында өмір де болмайтын еді. Жер бетінің 79 % су алып жатыр. Себебі келешек ұрпақты да ойлауымыз керек. Бір күн су болмаса, не болатынын елестетіп көрсеңіз, өте қиын. Қазақстанда су шаруашылығының жағдай аса жақсы емес, суды зауыттардың қалдығы ластап жатыр. Суды үнемдеу керек екенін білеміз, алайда үнемдеп жатқан ешкім жоқ. Судың маңызын ескеріп, үнемдегеніміз жөн болар.

29) Жағдаяттық тапсырма: Бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастыру жұмысы сізге тапсырылған. Сол кездесуді қалай ұйымдастырар едіңіз.

Үлкен кештің ұйымдастырушы етіп, мені таңдағаны үшін алғыс білдірер едім. Ал енді ұйымдастыру жағына көшсек. Алдымен кешті ашу құрметін университеттің ректорына беретін едім. Содан кейін кештің жүргізушілерін шығарар едім. Жүргізушілер сахнаға өз факультеттерін таныстыру үшін шығатын студенттерді шақырады. Бишілерді шақыруды ұмытпау керек. Олар 3-4 би билейді. Кештің басты қонағы кылып, 1 немесе 2 әртіске шақырту жіберемін. Әртістер өздерінің өнерін көрсеткен соң, ойындар ойнатуға болады. Осымен кеш бітеді, студенттердің көңілінен шығады деген ойдамын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]