- •2. «Қазақстанның жер бедері»
- •3.Солтүстік Қазақстан аймағы
- •4.«Орман – тіршілік көзі»
- •5. Шоқан Уалиханов
- •6. «Баянауыл»
- •7. «Қазақ халқының саяхатшы-ғалымдары туралы»
- •8. «Гидрология саласы»
- •9. Қазақстан қорықтары
- •11. Гидротехникалық ғимараттар
- •12. Қоршаған орта және адам денсаулығы
- •15,16. Махмуд Қашқари
- •17. Қазақстанның көне қалалары
- •23.Бурабай
- •26) Досыңыз жазғы демалысын Қазақстандағы демалыс орындарының бірінде өткізгісі келеді. Сіз қандай кеңес берер едіңіз.
- •27) Жағдаяттық тапсырма: Сіз шетелдік қонақты ұлттық тағамдар мейрамханасына ертіп бардыңыз. Тапсырыс жасауға көмектесіңіз.
23.Бурабай
Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі–Бурабай. Ол–емдік қасиетімен және әсем табиғатымен халықтың жүрегінен орын алған көл. Ол Көкше тауының шығыс жақ етегінде 320м биіктікте орналасқан. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Ең терең тұсында да түбі көрініп жатады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Бурабай көлін бұрынғылар Күміскөл деп атаған.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс орындары бар.
Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған Абылай алаңы, Оқжетпес, Жұмбақтас, Жекебатыр деп аталатын табиғат ескерткіштері бар.
№24
Қазақстан қызғалдағы
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі.
Қызғалдақ - қазақ халқының ұлттық байлығы мен игілігі.
Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады.
Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге асса игі.
Шығыс ғұламасы Омар Хайям айтқан екен: «Қызғалдақ – раушан гүлге тең», – деп. Иә, сәні жағынан өсімдіктер арасында түрлі-түсті бояуы мен нәзік пішіні жағынан қырмызы қызғалдаққа тең келетіні жоқ. Қызғалдақ пен бәйшешек – көктем хабаршысы, сұлулық символы, махаббат белгісі.
25.ҚР-ның географиялық орны, мемлекеттік шекаралары
Қазақстан Еуразия құрлығында Орта Азияда орналасқан. Республика жер аумағы жөнінен Еуразия құрлығындағы Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейінгі төртінші орында тұр. Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға созылады. Солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Жер көлемі екі бүтін оннан жеті миллион шаршы шақырымнан астам. Оның қыры проценті – өзең, көл, теңіз, елу проценті шөл, шөлейт, он проценті таулы жер.
Еліміздің шеқарасының ұзындығы 15000 км, оның 12000 километрі құрылықпен, 3000 километрі Каспий және Арал теңіздермен өтеді. Солтүстік батысы мен солтүстігіне Ресей Федерациясымен, шығысында Қытай Халық республикасымен, ӨӨзбекстанмен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Қазақстанның шекарасының бірқатар бөліі табиғи межелкрден тұрады.
