Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Topiki_Kaz_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

15,16. Махмуд Қашқари

Махмуд Қашқари – түркі ғалымы, түркінің тұңғыш тіл маманы. Ол - XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.

Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап. Онда ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Ол ХІ ғасырда өмір сүрген, бірақ туған, өлген жылы белгісіз.

17. Қазақстанның көне қалалары

Қазақ жерінде көне өркениеттің айғағы ретінде көптеген қалалардың орны табылуда. Сондай қалалар қатарына Сарайшық, Сауран, Түркістан, Тараз, Отырар және т.б. қалалар.

Еуропа мен Азияны қақ бөліп жатқан Жайық өзенінің оң жағлауында орналасқан Сарайшық қаласының іргесі Алтынорда тұсында қаланған. Оны Шыңғыс ханның шөбересі Бату хан салдырған.

Сарайшық қаласында Алтын Орда сарайының бірнеші хандары мен елге танымал тұлғалар жерленген. Олар: Мөңке Темір, Тоқтай, Жәнібек, Бердібек хандар. Бұл қала біраз уақыт Қазақ хандығының батысындағы астанасы да болып есептелген. Осы қалада қазақтың әйгілі ханы Қасым хан жерленген деген болжам бар. Қала 1580 жылғы орыс казактарының ойранынан күйреді.

Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгі қалалардың бірі. Тараз қаласы ҮІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, маңызды рөл атқарған. Тараз – ортағасырлық географтар, тарихшылар, саяхатшылардың мәліметтері бойынша – түргештер, қарлуктар, қарахандар кезінде мемлекет астанасы болған.

Ақтөбе – орта ғасыр қаласының бірі. Жамбыл облысы, Шу өңірінде орналасқан. Аумағы 36 шаршы км. Алғаш рет 1947 жылы қазылған. Көне шахар үш бөліктен тұрған: бекіністен, шахирстаннан және рабаттан.

18

Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде алар орны ерекше аймақтардың бірі. Дін мен дәстүрдің қаймағы сақталған саңлақ аймақтардың қатарында екендігінде дау жоқ. Орталығы болған Шымкент қаласының бүкіл Қазақстанға, тіпті бүкіл әлемге аты мәшһүр.

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары кең пейілді, ақ жарқын, барған жеріне тез сіңісіп кете алатын жандар.Шыққан жерінің қасиетінен бе, әйтеуір бір иығын өнерге берген өнерпаздардың көбісі сол аймақтан шығады. Оңтүстіктің тұрғындары елдің демографиясының өсуіне сүбелі үлес қосып келеді. Бұл өңірде туу көрсеткішінің жоғары болуы діні мен дәстүрін тиянақты ұстағанынан болар.

Оңтүстік Қазақстан облысы –Қазақстан республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлігі.

Оңтүстіктің әр қаласы жеке бір дастан. Қазақтың рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы Қазақ хандығының құрылу кезеңінің басты куәгері. Әр қазаққа рухани дем беріп, басын қосатын сол кезде қасиетті қала болды.

Әкімшілік-саяси басты орталығы -Шымкент қаласы. Он екі ірі аудандардан тұрады. Олардың әрбірінің өзі жеке шығарма.

19

Шөл және шөлейт жерлердің айырмашылығын айтып беріңіз

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.

Ал Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. . Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады.

20

Наурызым қорығы - республиканың солтүстiгiнiң бас және бiртума табиғи кереметтерiнiң бiрi. Қарағай ормандардың ғажайып сұлулығы еліктіреді, бірде күн шуағына батып күмістей жылтыраған ағаштар, бірде оларды күңгірт басып қараңғы түнге айналады. Бұзылмаған жайлауды көктемде көкжиекке дейін таңғажайып гүлденген кілем басады, ал мамыр айында оның бетінде Шренк лалагүлдері пайда болады. Алыс емес жерде меруерт, жиірек үлкен және шағын көлдердің күміс айналары жарқылдайды.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстандағы ең көнелердің бірі, 1931 жылы ұйымдастырылды. Жалпы көлемі - 191 381 га, оның ішінде орман басқан көлемі - 5 772 га.

21

Қазақстан экологиясы

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген.

Бүгін табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз .Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

22

Ақсу-Жабағылы

Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы.

Қорықтың атауы осы қорықтың аумағында орналасқан екі өзеннің (Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы Юнеско жасаған дүние жүзінің қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан.

Қорықта құстардың 238 түрі, аңдардың 42 түрі, өсімдіктердің 1300 түрі сақталған. Қорықта кездесетін Грэйг қызғалдағы қорықтың символына айналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]