- •2. «Қазақстанның жер бедері»
- •3.Солтүстік Қазақстан аймағы
- •4.«Орман – тіршілік көзі»
- •5. Шоқан Уалиханов
- •6. «Баянауыл»
- •7. «Қазақ халқының саяхатшы-ғалымдары туралы»
- •8. «Гидрология саласы»
- •9. Қазақстан қорықтары
- •11. Гидротехникалық ғимараттар
- •12. Қоршаған орта және адам денсаулығы
- •15,16. Махмуд Қашқари
- •17. Қазақстанның көне қалалары
- •23.Бурабай
- •26) Досыңыз жазғы демалысын Қазақстандағы демалыс орындарының бірінде өткізгісі келеді. Сіз қандай кеңес берер едіңіз.
- •27) Жағдаяттық тапсырма: Сіз шетелдік қонақты ұлттық тағамдар мейрамханасына ертіп бардыңыз. Тапсырыс жасауға көмектесіңіз.
11. Гидротехникалық ғимараттар
Табиғи су қорларын пайдалану немесе судың қоршаған ортаға зиянды әсерін жою яғни болдырмау үшін салынатын инженерлік ғимараттарды гидротехникалық ғимараттар деп атайды. Оларды жобалаумен, пайдаланумен және теориялық мәселелерді шешумен айналысатын ғылымды гидротехника дейді. Гидротехника су шаруашылық саласында су көздерін тиімді пайдаланумен, сарқынды суларды тазартумен, қоршаған ортаны , гидротехникалық құрылыстарды және өнеркәсіпті пайдаланудың зиянды әсерінен қорғаумен айналысады.
Осындай мәселелерді шешу үшін гидроторап және гидрожүйе гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынды. Гидроторап дегеніміз – бір жерге орналасып, ортақ су шаруашылығық жұмыстарын атқаратын гидротехникалық ғимараттар жиынтығы. Гидроторапты орналасқан жеріне байланысты өзендік, каналдық, теңіздік, көлдік және тоғандық деп бөледі. Ал негізгі атқаратын міндеті бойынша энергетикалық (Қаршағай), су транспорттық (Бұқтырма, Өскемен), суландыру (Теріс-Ащыбұлақ) және өзен ағынын реттеп, әртүрлі мақсатқа пайдаланылатын деп бөлінеді.
Арнайы гидротехникалық ғимараттарға мелиоративтік (каналдар, насос станциялары, жерді суғаруға, суландыруға және құрғатуға арналған т. б. ғимараттар), су энергетикалық (гидроэнергетикалық үйлер, теңестіруші резервуарлар, деривациялық каналдар және т.б. су энергиясын пайдалануға арналғанғимараттар, су жол транспорттық (каналдар, шлюздер, кеме көтергіштер, молдар, толқын тосқындар, кемежай мен айлақтар), балық шаруашылығына арналған ғимараттар жатады.
12. Қоршаған орта және адам денсаулығы
Табиғат –адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Айналадағы ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Адамдардың түрлі шаруашылықпен айналысуы қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаны ластаушы заттар әртүрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам ағзасына әсер ету уақытына қарай түрлі нәтижелер туғызады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі бар. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына, ең алдымен денсаулығына, жасы мен жынысына байланысты. Улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар өте сезімтал болып келеді.
14. Географиялық қабық – жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі. Географиялық қабықтың қалыңдығы 35-40 км көлемді алып жатыр.
Атмосфераның, литосфера мен гидросфераның тоғысуы, бір-біріне әсер етуі нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілген. Мұнда барлық процестер Күн энергиясының әсерімен және белгілі бір деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатады. Географиялық қабықта тірі организмдер өмір сүріп, дамиды. Биосфера географиялық қабықтан қуаты мен көлемі жағынан кіші болғанымен онда барлық тіршілік иелері жинақталған. Атап айтқанда, құмырсқаның илеуінен бастап, кішкентай ғана індер, құстардың ұялары мен ірі таулар, далалар. Екі ірі жүйелерді зерттеу экология ғылымының обьектісі болып табылады. Географиялық қабық терминін ғылымға енгізген А.А.Григорьев болса (1932), ал биосфера терминін алғаш қолданған Э.Зюсс (1875) атты ғалым.
