Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Topiki_Kaz_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

8. «Гидрология саласы»

Гидрология – мұхиттарды, өзендерді, көлдерді, батпақтарды, жерасты

және жер үсті суларын, қарлар мен мұздарды, атмосферадағы ылғалды және олардың қасиеттерін, онда өтіп жатқан құбылыстарды атмосферамен, литосферамен, биосферамен байланысын қарастырып, зерттейтін ғылым. Елді мекендерді, өнеркәсіптерді су көздерінсіз сумен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Гидрология екі үлкен салаға бөлінеді. Біріншісі – құрылықта орналасқан су көздері: өзендер, көлдер, су қоймалары, мұздар, батпақтарды зерттейтін құрылықтық гидрология. Екіншісі – мұхиттық гидрология. Ол мұхиттарда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Қазіргі заманғы гидрология көптеген өте маңызды мынадай:

-Су қорларын пайдалануды жобалау және бағалау;

-Ғимараттарды жобалауда есептік су шығынының мәнін табу;

-Өзен арнасының қалыптасуының сырын ашу;

-Судың температурасы мен күйін анықтап, мәліметтер беру;

-Гидрологиялық болжамдар жасау (су шығыны, деңгейі, сең жүру қаупі және т.б.);

-Су ағынына ғимараттардың әсері;

-Тосқындар режимін зерттеу мәселелерін шешумен айналысады.

Су қорларына негізінен жерүсті және жерасты суларының барлық түрлері жатады. Қазіргі кезде еліміздің су шаруашылығын басқару ерекше жауаптылықты қажет етеді. Өйткені ауылшаруашылығы дамыған сайын су тапшылығы да арта түседі. Сондықтан бұл мәселе өте күрделі болып отыр. Суды тиімді пайдалану мен қорғаудың жаңа технологияларын меңгеруді және су шаруашылығы обьектілерін жобалауды жақсарту қажет.

9. Қазақстан қорықтары

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мәселесіне қазіргі кезінде айрықша мән беріліп отыр. Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым қорықтары осындай ерекше бақылауға алынған.

1927 жылы елімізде тұңғыш ашылған табиғат қорығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауының батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген аса сирек кездесетін өсімдіктердің 18 түрі сақталған.

Алматы қорығы 1931 жылы ұйымдастырылды. Қорық аймағы Іле Алатауын, Талғар шыңын, Есік, Талғар, Шелек өзендерін қамти отырып, Қырғызстанға дейінгі жерлерге дейін созылып жатыр. Мұнда халықаралық «Қызыл кітапқа» енген барыс, қарақұйрық мекендейді. Өсімдіктердің Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі.

Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар.

Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтиды. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылған. Жалпы бұл қорық жылдың қай мезгілі болмасын қанаттылардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған.

1976 жылы 7 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр. Суы тұщы осы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Көлде балықтың бірнеше түрі бар.

Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Көлемі 200-250 шаршы километр. Қорық саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында 1939 жылы құрылған.

10. Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. Бізге Туған табиғатты қорғап, оны ұрпақтан ұрпаққа жұтатпай жеткізу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]