- •2. «Қазақстанның жер бедері»
- •3.Солтүстік Қазақстан аймағы
- •4.«Орман – тіршілік көзі»
- •5. Шоқан Уалиханов
- •6. «Баянауыл»
- •7. «Қазақ халқының саяхатшы-ғалымдары туралы»
- •8. «Гидрология саласы»
- •9. Қазақстан қорықтары
- •11. Гидротехникалық ғимараттар
- •12. Қоршаған орта және адам денсаулығы
- •15,16. Махмуд Қашқари
- •17. Қазақстанның көне қалалары
- •23.Бурабай
- •26) Досыңыз жазғы демалысын Қазақстандағы демалыс орындарының бірінде өткізгісі келеді. Сіз қандай кеңес берер едіңіз.
- •27) Жағдаяттық тапсырма: Сіз шетелдік қонақты ұлттық тағамдар мейрамханасына ертіп бардыңыз. Тапсырыс жасауға көмектесіңіз.
5. Шоқан Уалиханов
Шоқан 1835 жылы Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Ол атақты Абылай ханың тікілей ұрпағы. Ол қазақтың ұлы ғалымы, Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,географ. Ол мұсылман мектебіне оқыған содан кейін ол Орынборда кадет корпусына түсті. Корпусында Шоқан Уалиханов жағрапия, тарих, батыс, орыс әдебиеттері мен философия, физика оқып. Ол қазақ халқының тврихына ерекше алаңдады.
Омбыдан бастап жолында ол Семей, Аягөз, Ақсу, Шелек, Қарқара жерлерде қазақ елінің бай тарихи-мәдени мұрасы жазып алады. Ыстықкөл сапарында «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Манас» атты еңбектерін жазды. Оның «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» «Жонғария очерктері» еңбектері сол дәуір үшін Ресейде аса құнды зерттеу болып табылады. Ш. Уализанов Жоңғар Алатауның, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шань тауларының геологиялық құрамы, климаты, өсімдіктер және жануарлар дүниесін сипаттап жазды. Ш. Уалиханов 1865 жылы қайтыс болады.
6. «Баянауыл»
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы құрылған. Баянауыл ауданыныңаумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.
7. «Қазақ халқының саяхатшы-ғалымдары туралы»
Қазір қазақша саяхатты – туризм деп атайды. Саяхат адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырады, ел мәртебесін әлемге танытады.Қазақ елі Ресейдің қара-мағында болған кездегі атақты саяхатшыларымыз туралы сыр толғайтын болсақ, ең алдымен әңгімені ғұлама ғалым, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлынан бастағанымыз өте орынды. Алайда ол ел мен жерді аралаған саяхатын Батыс Сібір өлкесі Бас басқармасының қазақ даласы мен Орталық Азия елдері бойынша айрықша тапсырмаларды орындайтын офицері қызметін атқара жүріп жасады. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,географ, ағартушы. Ол Жетісу өңіріне Ресей ықпалын жүргізу мақсатында жасақталған экспедицияның құрамында К.К.Гутковский, М.М. Хоментовский, М.Д.Перемышельский сияқты офицерлермен бірге 1855 жылы Омбыдан Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келіп, қайтарда Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхаттап, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы күзде Омбыға оралды. Осы сапарында қазақ, қырғыз, әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтты.
