Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Topiki_Kaz_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

1. «Су – тіршілік көзі»

Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар. Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар.

2. «Қазақстанның жер бедері»

Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық. бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солт-тен оңт-ке 1600 км-ге созылған.  Солт-нде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңт-нде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аум. 2724,9 мың км2. Халқы 14,9 млн. адам (2003 жылғы есеп бойынша). Оның 8,3 млн. немесе 55,7%-ын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады.

Астанасы — Астана қ. Әкiмш. жағынан 14 облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қ-да 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 ж. 15 қарашада енгiзiлген.  Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократия, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды.

3.Солтүстік Қазақстан аймағы

СҚ аймағының құрамына Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарі қарайды. Оның жалпы аумағы 565,7 мың шақырым км. Халқы саны 4000 мың адам. Солтүстік Қазақстан мемлекетіміздің негізгі егіншілік ауданы. Солтүстік Ауданда жаздық бидайдың негізгі бөлігі егіледі. Аудан Жер бедері, негізінен жазық болып келеді. Солтүстік аумағы Торғай үстірті және Солтүстік Қазақстан жазығында тұрады. Климаты континенталды – жазы  ыстық, қысы суық болып келеді.

Аймағы пайдалы қазбалар мен энергетика ресурстарына бай. Солтүстікте ең қуатты Екібастұз көмір кені және дүние жүзіндегі ең қуатты көмір кесіндісі «Богатырь» орналасқан.   Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар. Көмір - Екібастұз, Майкүбі, Обағанда. Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кен орындарына Василков, Жолымбет, Бестөбе жатады. Боксит - Амангелді мен Қызыл Октябрь кен орындарында, мыс - Бозшакөлде, асбест - Жітіқарада, ас тұзы - Коряков, Тобылжан кенінде.Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі - тас, саз, кварц құмы. Солтүстік Қазақстан сонымен бірге жер ресурсына бай аймақтың бірі. Су ресурстарына жеткілікті аймақ. Аудан аймағында көлдер мен көптеген өзендер кездеседі. Ең ірі өзендер – Ертіс, Есіл, Тобол, Торғай.

 Аудандағы табиғаттың керікті жерлеріне Шортанды-Бурабай курорттық зонасы Қорғалжын және Наурызым қорықтары, Баянауыл және Көкшетау ұлттық саябақтары жатады. Табиғатының осындай әсем жерлерінде рекреациялық ресурс түрінде пайдалану үшін демалыс үйлері, санаторийтуристік базалар жұмыс істеп. Ауданның ұлттық құрамы күрделі, негізінен қазақтарорыстарукраиндарбелорустарполяктареврейлер, т.б. халықтар тұрады.

4.«Орман – тіршілік көзі»

Орман – күрделі тірі ағза, себебі ол тек ағаштардың жиынтығы ғана емес тірі табиғат. Орманда ағаштар, бұталар, шөптектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі – ағаш. Ағаш – тірі, ол тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және «өледі».

Орман – ғаламдағы көбірек таралған ландшафтық көрініс. Ол құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Орманның аты онда өсетін ағаш түрлеріне байланысты қойылады: қарағайлы, шыршалы, еменді, қайыңды және аралас орман және т.б. Орман адамдарға ғана емес, жер бетінде тіршілік ететін бүкіл тірі ағзаларға қажет. Сондықтан да орман – біздің бағасыз байлығымыз.

Ағаш өспеген жерде температура өте төмен болса да, өте ыстық болса да, адам оны тез сезеді. Үлкен қалалардағы тас үйлер микроклиматқа зиянды әсер етеді. Ағаш көп, жиі өскен жерде өсімдіктер суды көп буландырып, ауаны тазартып тұрады. Аптап ыстықта орманның арасы өте салқын, құрғақшылықта ауа ылғалды болады. Күннің ыстығы бұтақтарына жайыла таралып кетеді де, біразы жапырақтарына сіңеді. Егістік жерлердің айналасына ағаштарды отырғызып, егінді аңызақ желден қорғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]