Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Moi_49.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.22 Mб
Скачать

3. Бір тармақты реактор. Ерекшелігі. Оны таңдап алу тәртібі. Өндірісте пайдалануы. Мысал келтіріңіз.

Электр қондырғыларында реакторлар қысқа тұйықталу тоғын шектеуге қолданылады. Тізбекке қосылған реактордан кейін ақау болса, онда реактор жинақтаушы шинадағы кернеудің белгілі деңгейін сақтайды. Қуатты және жауапты электр жеткізу желісінде жеке реакторлар қолданылуы мүмкін, немесе оларды желілік реакторлар деп атайды.

Желілік реактор

Жинақтағыш шинаның екі генераторының арасында тізбектеп қосылған реактор – секциялық деп аталады.

Секциялық реактор

Ал егерде, тізбекті реакторлар арқылы бірнеше жүктемелер қоректенсе, онда олар топтық реакторлар болып есептеледі.

Топтық реактор

Реакторлардың негізгі түрлері: құрғақ оқшауламасы бар реактор (35кВ-тан дейін); майлы оқшауламасы бар реактор (35кВ-тан жоғары). Реатордың құрылымы: РБ-10-400-0,55; РБГ-10-1000-0,14 типті реакторлар; іргесі ағаштан жасалған реаторлар, бұған: РД-6-2000,25; РД-10-100-0,3 типті реакторлар жатады.

4. Трансформаторды параллель жұмысқа қосу тәртібі. Мысал ретінде схеманы келтіріңіз.

Трансформаторды параллель жұмысқа қосу үшін қойлатын негізгі талаптар:

  • екі трансформатордың да бірінші және екінші орамаларының кернеуі бірдей болуы крек: UТ.К.Т1= UТ.К.Т2, UЖ.К.Т1= UЖ.К.Т2;

  • топтап қосу сұлбалары бірдей болуы керек;

  • қысқа тұйықталу кернеуі бірдей болуы крек;

  • екі трансформатордың қуаты бір-бірімен салыстырғанда 1:3-тен артық болмауы керек.

Трансформаторлардың параллель қосылуы

5. Қосалқы станциялардың бас схемалары. Ерекшеліктері. Арнайы қойылатын талаптар. Мысал ретінде бас электрлік схеманың бір түрін келтіріңіз. Өндірісте пайдаланылуы.

Қосалқы станциялардың электрлік сұлбалары, олардың атқаратын қызметіне байланысты таңдалады. Қосалқы станциялардың тұтынушылық, аудандық және тораптық түрлері болады. Электр энергияны жеткізіп беру желілеріне қосу бойынша тұйық, тарамды және транзитті қосалқы станциялар деп бөлінеді. Сонымен қатар трансформаторлық қосалқы станциялар екі, үш, төрт және одан да көп кернеуде жұмыс істеуі мүмкін. Қосалқы станциялардың көбін (80%) 35- 220 кВ кернеуінде тұрғызады және де көбінесе ажыратқышсыз жоғары кернеуде немесе қарапайым сұлбаларда тұрғызылады. Мұндай қосалқы станцияларда трансформатор саны 1-2 ғана болады.

Зауытта дайындалған 35- 110 кВ комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияны (КТҚС) қолдану ұсынылады. Олардың техникалық мүмкіншілігі, оңтайлылығы, сенімділігі және ептілігі жүктемені динамикалық есептеумен, кешенді бағалаудың тиімділік жолымен таңдап алынады.

Бір трансформаторлы қосалқы станцияның, бөлектеуіштің және қысқа тұйықтауыштың көмегімен қосылу сұлбасы төмендегі суретте көрсетілген. Трансформатордың зақымдалу жағдайында релелік қорғаныс қысқа тұйықтағыштың ажыратуына импульс береді. Қоректендіру желісінің өорғанысы желілік ажыратқышты ажыратады да, қайта қосатын автоматты (ҚҚА- АПВ) іске қосады. Тоқсыз үзілісте бөлгіш зақымдалған қосалқы станцияны ажыратады, ал келесі мезгілде ҚҚА желіні іске қосып тұтынушыларды қалпына келтіреді. Айырғыштың көмегімен трансформаторлар мен аппараттарды жөндеу үшін, қосалқы станцияны ажыратады.

Қысқа тұйықтағышы және бөлектеуіші бар бір трансформаторлық

қосалқы станция сұлбасы

Қазіргі уақытта құрама және жеңілдетілген сұлбалар қолданылады. Оларда бөліктеуіштер және қысқа тұйықтағыштар пайдаланылады.

Қосалқы станцияның құрама сұлбасы

Қосалқы станцияның жеңілдетілген сұлбасы

Жоғары және орта кернеулі 35- 500 кВ түйінді қосалқы станциялар үшін айналма шинасы бар бір жүйесі екцияланған шина- трансформаторлар сұлбасы, көп бұрышты және тізбектегі бір ажыратқыш бар сұлбасы қолданылады.

Екі трансформаторлв және төрт желілі сұлба сенімді және үнемді. Бұл жағдайда желі- шина немесе қиыстырылған төртбұрыш сұлбалары қолданылады.

Қосалқы станцияның төменгі кернеу (6- 10 кВ) жағында қосарланған шина жүйесі немесе дара секцияланған шина жүйесінің сұлбасы қолданылады.

ҚТ тоғының мөлшерін төмендету үшін секциялы және шина аралық ажыратқыштарды қалыпты режимде ажыратады. Егер де секцияны ажыратса, онда желіні резервті қосатын автоматпен қосады. 6- 10 кВ- тен шығатын кабельді желілер реактор арқылы қосады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]