Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Moi_49.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.22 Mб
Скачать

1. Жылу бөлінетін ток өткізгіш өзек. 2.Ораманьң оқшауламасы. З.Толассыз салқындатқыш газ. 4. Toлассыз жылу. 5. Статор немесе ротордың темірі. Оның қуысында өткізгіш әдейі орналастырылған.

Салқындату үшін ауа және сутегі (H2) газдарын қолданады. Сутегі ауадан 14,3 есе жеңіл, сондықтан ротордағы газға үйкелісі, ауаға үйкелісінен анағұрлым төмен. Сонымен қоса, сутегінің жылу өткізгіштігі ауаға қарағанда 7,1 есе көп, ал жылу шығарғыштық қабілеті 1,44 есе артық.

Генераторды тікелей салқындату. Тікелей салқындату деп мыс орамына салқындатқыш орта мен тікелей жанастыруды айтады. Мұндай жағдайда орам оқшаулатқышының болуы салқындатуға кедергі жасамайды. Тікелей салқындату үшін ротор мен статордың электр тоғы өткізгіштерге салқындатқыш арқылы өтетін канал немесе қуыс болуы тиіс. Орам өткізгіпггерінің құралымы түтікшелі не астаушалы болады.

4.11-сурет. Генераторды тікелей салқындатудыћ ұстанымдық сұлбасы

Тікелей салқьшдату кезінде салқындату қарқыны, жанама салқындатуға қарағанда он еседей жоғары. Өтгізгіш арналары бойын ша тікелей салқындату газбен,1 cm2 қысымдағы сутегімен не сұйыкпен-трансформатор майымен және сумен атқарылады. Орамдары тікелей сұйық ортамен салқындату тиімді. Алайда сұйықпен салқындатуды қолданудьң қолайсыз болатын себебі, салқындататын арналарды, әсіресе ротор орамының саңылаусыздандыру өте қиын.

39. Генераторды күштік трансформаторлармен және жабық тарату құрылғысымен қосу құрылысы.

Генераторды күштік трансформаторлармен қосу құрылысы.

Темірден жасалған өзекке екі орама орайды.Ол ораманың біреуі электр генераторымен,ал екіншісі электр энергияны тұтынушыларға қосылады.Электр тоғы генератордан немесе бірінші орамадан өткенде , темір өзекте айнымалы магнит өрісі пайда болаты.

Осы айнымалы магнит өрісі екінші ораманы да қиып өтеді(суретте көрсетілген).

Нәтижесінде екінші орамада электр қозғаушы күш пайда болады.Ал егер де осы екінші ораманы тұтынушылармен қоссақ, онда бұл тұйық тізбектен электр тоғы жүреді.

Егер де трансформатордың темір өзекшесі болмаса да оның жұмыс істеу принципі электромарниттік құбылысқа негізделген.

Бірінші орамада пайда болған электр қозғаушы күш – өзіндік индукция электр қозғаушы күші, ал екінші орамадағы - өзара индукция электр қозғаушы күші деп аталады

Генераторды жабық тарату құрылғысымен қосу құрылысы.

Жабық тарату құрылғысының негізгі элементтері: камералар, жинақтаушы шина, ажыратқыш, айырғыш,өлшеуіштік трансформаторлары, реактор, ажыратқыштың және айырғыштың жетегі,дәліздер және кіретін шығатын есіктер.

40. Электр қондырғыларын жермен қосу және олардың атқаратын жұмысы. Олардың құрылыысы жалпы мәлімет.

Бағытталуы  бойынша келесідей болып бөлінеді: найзағайдан  қорғайтын жерлендіргіш - ғимараттарды, электрқондырғыларды найзағайдың  тура  соққыснан (найзағай тартқыш) қорғайды және тіректерді, разрядниктерді және басқаларын  жерлендіру үшін қолданылады; жұмысшы  жерлендіру  - электрқондырғылардың  қалыпты  жұмысын қамтамассыз  ету  үшін (110 кВ және  одан  жоғары тораптарда күштік  трансформаторлардың  бейтараптамасын жерлендіру); қорғаушы жерлендіру -электрқондырғылардың  қызмет етуін қауіпсіздендіру  үшін   қолданылады.

Егер 110 кВ жағынан трансформатордың  өтпелі  оқшауламасы  бұзылған  жағдайда ( тиімді -жерлендірілген  бейтараптамалы  торап) жерге трансформатордың қаптамасы (кожухы) арқылы бір фазалы Қ.Т. болса, жерлендіргіш  өткізгіштік және  тік таяқшалы жерлендіргіш, 12.1,  суретінде  көрсетілгендей Қ.Т. тоғы  бұзылған  фазамен трансформатордың қаптамасына (кожухына) барып жерлендіргіш арқылы  жерге  өтеді. Жерлендіргіштен  алшақтауына қарай  жер  көлемі  ұлғаяды, ал  тоқ  сыйымдылығы  азаяды. Құбыр (труба)  жанында потенциал мәні  жоғары  болады және  өте  жылдам төмендейді, ал  ары  қарай  - кішірейеді  және біртіндеп  азаяды. 15-20 м   құбырдан (трубадан) арақашықтықта  барлық  жер  нүктелері  нөлге  тең  болады. Бұл нөлдік потенциялар нүктелері әдетте  оларды электротехникалық мағынасында «жер»  деп  атайды. Электрқондырғылардың  жерлендірілген  бөлігімен «жердің»  арасындағы потенциялдар  айырымын жерлендіргіш  арқылы  тоқ  өткенде  жерге  қатысты  кернеу  деп  атайды.

 

Жерлендіргіш құрылғыларды құрастырған  кезде бірінші  кезекте табиғи жерлендіргіштер  қолданылуы  керек. Табиғи  жерлендіргіштер  арқылы жеткілікті түрде жерлендіру кедергісі болмаған  жағдайда        жасанды  жерлендіргіштерді  салады, оларды қарапайым жерге тік  қағылған болат трубалардан  немесе   ұзындығы  2-3 м  бұрыштық  болаттан ара-қашықтығын  бір-бірінен  3-6 м алшақтатып  орындайды. Құбырларды сыртқы диаметрі  бойынша 48 немесе 60 мм, ал бұрыштық  болатты - өлшемдері  50x50 немесе 60х60 мм түрінде қолданады. Құбырлар мен  бұрыштық темірлердің   жоғарғы  ұшы жер  деңгейінен  шамамен  0,7 м  төмен  қылып  жерге  қағылады. Электр қондырғыларын құру ( Правила устройства Электроустановок) ережелері бойынша жерлендіргіш  құрылғылардың  келесі  кедергілер  мәндері  регламенттеледі: тиімді жерленген  бейтараптамалы  қондырғыларда , яғни  жерге  тұйықталу  тоғы 500 А-ден астам болса , Ом; кернеуі  1000В 

жоғары жерлендірілмеген бейтараптамалы  қондырғыларда , мұнда   - берілген  кернеудегі барлық  тораптың жерге  тұйықталғандағы  сыйымдылықты тоғы;  жерлендірілмеген бейтараптамалы аппаратсыз қондырғыларда, қарымталаушы  сыйымдылықты  тоқ, егер  жерлендіргіш  құрылғы   1000 В-қа  дейінгі  электрқондырғыларда  қолданылса,     тең  болады. 1000 В-қа  дейінгі  электрқондырғыларда  жерлендіргіш  құрылғылардың   кедергісі 4 Ом-нан аспауы  керек (генераторлармен  транс­форматорлардың  қосынды  қуатымен 100 кВА дан  аспаса   10 Ом рұқсат  етіледі). Әртүрлі  кернеудегі бірнеше ТҚ қондырғыларымен, мысалы, станцияда немесе қосалқы  станцияда, бір  жалпы  жерлендіргіш  құрылғы  жасалынады.

12.2 Сурет– Қосалқы станцияда жерлендіргіш  құрылғының  жердің  беткі  қабаты  бойынша потенциалының таралынуыЖалпы  жерлендіргіш  құрылғының  кедергісі сол қондырғының  талаптарын  қанағаттандыруы  қажет (кедергісі төмен болуы мүмкін).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]