Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Moi_49.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.22 Mб
Скачать

32. Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталу тоғы. Жалпы мәліметтер. Негізгі анықтамалар. Мысал келтіріңіз.

Қысқа тұйықталу (ҚТ) деп фазалар арасындағы тұйықталуларын, тікелей және тиімді жерлендірілген бейтараптамалар тораптарында фазаның жерге тұйықталуын және де электрлік машиналарда орамдық тұйықталуларын айтады.

Қысқа тұйықталудың себебіне оқшауламаның ескіріп, соның салдарынан тесілуінің болуы, электрберіліс желісіне түрлі заттардың құлауы, жерге құлаумен желілердің үзілуі, оқшауламаның механикалық бүлінуі, электрберіліс желісіне найзағайдың соққысы және басқалары жатады. ҚТ кезінде түйіспелер мен өткізгіштердің жоғары деңгейде қызуы болады, өткізгіштер арасында электродинамикалық күштеу туындайды және электр торабында кернеу деңгейі төмендейді.

Қысқаша тұйықталу кезінде тоқ пен кернеу арасындағы кернеу өзгереді, ал тоқтар артады. Қысқа тұйықталу тораптары екі бөлікке бөлінеді: оң жағы, кедергілермен, және сол жағы, қорек көзі және ҚТ тізбегінде кедергілері бар.

Толық ҚТ тоғы екі құраушыдан құралады.

Еріксіз құраушысы периодикалық сипаттамада болады оның жиілігі, кернеу көзінің жиілігіне тең болады және ҚТ тоғының периодикалық құраушысы деп аталады. = мұнда – тоқтың периодикалық құраушысының амплитудалық мәні.

Ерікті құраушы апериодикалық өзгеру сипаттамасын құрайды.

33. Тоқ трансформаторы. Олардың түрлері. Схемаға қосу және түрлерін таңдап алу тәртібі. Өндірісте пайдалауы. Мысал келтіріңіз.

Жұмыс тізбегіндегі бірінші орамдағы тоқты 5A немесе 1A-ге дейін төмендететін электр өлшеуіштік аппараттарын тоқ трансформаторлары деп атайды. Сонымен қатар, тоқ трансформаторы өлшеуіш және сақтандыру құралдарын бірінші тізбектің жоғары кернеуінен бөледі. Қазіргі уақытта тоқ трансформаторларын өнеркәсіпте және шаруашылықта кең қолданады.

Тоқ трансформаторларының дәлдігінің 5 классы бар. Олар мыналар: 0,2; 0,5; 1; 3; 10; бұл дәлдіктер өлшеу процессінде тоқ мөлшерінің қателігін пайызбен көрсетеді (∆I%). Тоқ трансформаторларының шаруашылыққа көп қолданылатын түрлері мыналар: ТПОЛ, ТПЛ, ТЛМ, ТШЛ

Айта кететін маңызды мәселенің бірі – тоқ трансформаторларының екі өлшеу қателігі бар. Олар мыналар:

  1. Тоқ мөлшерінің қателігі

  2. Бұрыштық қателігі

  3. Екінші ораманың шығысы

Тоқ мөлшерінің қателігін мына формуламен табуға болады:

Тоқ трансформаторы тұйықталған электротехникалық темірден жасалған өзектен, бірінші орамадан және екінші орамадан тұрады. Бірінші жоғары кернеулі орамасы электр энергия көзіне тізбектеп қосылады, ал екінші орамаға өлшеуіш немесе сақтандырғыш құралдарын (амперметр, счетчик, реле) қосады.

34. Күш трансформаторлары мен автотрансформаторлары туралы жалпы мәлімет. Жұмыс істеу тәртібі. Өндірісте пайдалануы. Мысал келтіріңіз.

Айнымалы электр тоғының кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған құрылғыны трансформатор(автотрансформатор) деп атайды.

Трансформатордың құралымы мен қызметі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Темірден жасалған өзекке екі орама орайды. Ол ораманың біреуі электр генераторымен ал екіншісі электр энергияны тұтынушыларға қосылады. Элект тоғы генератордан немесе бірінші орамадан өткенде, темір өзекте айнымалы магнит өрісі пайда болады.

Трансформаторлардың(автотрансформаторлардың) негізгі параметрлері мыналар: номиналды қуаты, орамалардың номиналды кернеуі, номиналды тоқ, қысөқа тұйықталу кернеуі, орамаларды қосу түрі және сұлбасы.

Трансформатордың түрін таңдап алу, олардың параметрлеріне және тұтынушылардың категориясымен жұмыс істеу графигіне байланысты.

Электрэнергетика өндірісінде трансформаторлардың орамаларының жалғану түрін және оларды тізбекке қосу сұлбаларын тиімді түрде таңдап алу керек. Әдетте, трансформаторларды іске қосқанда Y –жұлдызша, – жұлдызша сұлбаның бейтарап нүктесі жермен қосылған және ∆ - үшбұрышыт сұлбалар қолданылады.

Кернеуі 110-1150 кВ электр қондырғыларда автотрансформаторлар кеңінен қолданылады. Себебі автотрансформаторларды жай күштік трансформаторлармен салыстырғанда, олардың бірнеше артықшылықтары бар.

Автотрансформаторлардың құндылығы:

  • Мыстың, болаттың және оқшауламаның шығыны аз

  • Массасы, мөлшері аз болса, сонда автотрансформаторларды үлкен номиналдық қуатқа дайындауға болады.

  • Шығыны аз және ПӘК үлкен

  • Салқындату шарты жеңілдірек

Автотрансформаторлардың кемшіліктері:

  • Бейтарап нүктесін жермен қосудың қажеттілігі. Соның салдарынан бір фазалы ҚТ тоғы көбейеді

  • Кернеу деңгейін реттеудің күрделілігі

  • Атмосфералық асқын кернеудің ЖК орамасынан ОК орамасына ауысуы мүмкін. Себебі бұл орамалар бір-бірімен электрлік байланыста.

35. Электр станциялардың және қосалқы станциялардың электр схемалары. Олардың түрлері. Ерекшеліктері.Мысал келтіріңіз.

Электр станциялары энергетикалық кәсіпорындарында, табиғи энергия көздер  электр немесе жылу энергиясына түрлендіреді. Жылу станцияларын-да, әдетте табиғи энергия көздері ретінде қолданылатын көмір, газ, мұнай, шымтезек, жанармайдың потенциалдық энергиялары бу ағынының жоғары температуралы және жоғары қысымды кинетикалық энергияларына, одан соң бу турбинасының механикалық энергиясына, ақырында, синхронды генераторлар арқылы электр энергиясына түрленеді.

Электр станцияларында өндірілетін электр энергиясы түрлендіріліп, тұтынушылар арасында таратылады және оны ұзақ аралықтарға жеткізу электр желісі мен электр қосалқы станциялары арқылы іске асады.

Табиғи энергия көздерінің қолдануына байланысты станциялар бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде:

а) конденсациялық бу турбиналы – КЭС;

б) бу турбиналы жылу электр орталықтары – ЖЭО(ТЭЦ);

в) газтурбиналық және бу-газдық қондырғылар – ГТ, БГҚ (ПГУ);

г) атом электрстанциялары – АЭС;

д) жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын  геотермалды станциялар;

е) күн сәулесі энергиясын пайдаланатын (КСЭС - СЭС)  электр станциялары болып бөлінеді.

Электр станцияның немесе қосалқы станция сұлбасын таңдау үшін келесі талаптарды орындау қажет:

а) оларды электрмен жабдықтау тұтынушылардың санаттарына сәйкесті сенімділігін;

б) қондырғы  жабдықтарының жұмыс сенімділігін; күту қауіпсіздігі, электрлік сұлбаның көрнекілігін жєне қарапайымдылығын;

в) ғимараттың және қондырғының жұмыс үнемділігін;

г) ұлғайту мүмкіндігін;

д) жүйедегі станцияның жұмыс шарттарын

.

1-сурет.Қосалқы станцияның женілдетілген сұлбасы.

а) Жеңілдетілген сұлбаның қосқыш құрылғысы күштік трансформатор жағынан орналастырылған. б)қосқыш құрылғысы электр желісі жағынан орналастырылған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]