
- •1 Экономикалық теорияның даму эволюциясы.
- •2 Экономикалық теория пәні және атқаратын қызметтері.
- •3 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
- •4 Экономикалық категориялар, заңдар.
- •5 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
- •6 Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7 Өндіріс факторлары және экономикалық ресурстар.
- •10 Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.
- •11 Меншік және оның түрлері.
- •18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.
- •23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.
- •24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.
- •26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.
- •27 Негізгі капитал және оның айналымы.
- •28 Негізгі капиталдың тозуы және амортизация.
- •29 Айналмалы капитал және оның айналымы.
- •30 Инвестиция түсінігі және оның түрлері.
- •31 Өндіріс шығындары және олардың жіктелуі.
- •33 Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері.
- •34 Жер рентасы және оның түрлері.
- •35 Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.
- •40 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.
- •41 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
- •42 Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •43 Экономикалық өсу, оның типтері.
- •47 Инфляцияға қарсы саясат.
- •50 Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
- •52 Экономиканы реттеу әдістері.
- •59 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары.
- •Халықаралық валюталық қатынастар.
23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.
Сұраныс және ұсыныстың өзара байланысын олардың қисықтарын графикте көрсету арқылы байқауға болады.
Р
Q
Сұраныс және ұсыныстың қисықтары М нүктесінде қиылысады, ол нүкте тепе-теңдік нүктесі деп аталынады, немесе сұраныс және ұсыныстың кездесу орны дейді. Осы нүктеде сұраныс және ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді, демек нарық тепе-тең жағдайда. Сұраныс және ұсыны қисықтарының қиылысуы Маршалл кресті деп аталынады. Нарықтық тепе-теңдік орнаған баға- тепе-тең баға деп аталынады. Тепе-теңдік жағдайында нарық балансты, басқа баға жағдайынды ол балансты емес. Егер баға тепе-тең бағадан жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артық болады. Ұсыныстың сұраныстан артық болуы - тауар артықшылығына әкеледі. Ал тепе-тең бағаның төмендеуінен сұраныстың ұсыныстан артық болуы- дефицитке әкеледі
24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.
Бәсеке дегеніміз латын-тіресу нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру сату мен сатып алушылар арасындағы күресі.
Түрлері
1.сала ішіндегі- пайда алу үшін бір саладағы кәсіпорын арасындағы күрес
2.сала аралық-әр түрлі сала арасындағы кәсіпорын арасындағы күрес
3.жетілген бәсекелестік
4.жетілмеген бәсекелестік
Жетілген бәсекелестік сипаттамасы
-фирмалар саны өте көп,өнім түрлері біркелкі,бағаға бақылау жасау жоқ,салаға ену шарттары кедергілер жоқ,бағадан тыс бәсекелестік жоқ.
Жетілмеген бәсекелестік сипаттамасы
Фирмалар саны біреу немесе бірнешеу,өнім түрі сараланған,бағаға бақылау жасалынған,салаға енуге тосқауылдар басым,бағадан тыс бәсекелестік басым.
25 Жетілген және жетілмеген бәсеке. Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:
нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;
айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;
сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;
нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.
Жетілген бәсекеге толығымен жету мүмкін емес, оған тек жақын болуға болады,
жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландыру процесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияның пайда болуына әкелді.
Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.
Жетілмеген бәсеке нарығы- еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.
Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:
Монополиялық бәсеке
Олигополиялық бәсеке
Таза монополия.
Э.Чемберлин Дж. Робинсон, Дж.Хикс жетілмеген бәсеке механизмін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Талицада бәсеке түрлері мен нарықтық құрылымдар берілген.
26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.
Монополия жекеленген өндіруші нарықты үстемдік етіп ,осы тауар нарығын бақылауға алғанда пайда болады.
Түрлері –табиғи,жасанды,кездейсоқ монополия
Монополияға қарсы заңнамалар АҚШ-та салынды.1Шермек заңы-монополияларды,сөз байласуларды жасауға қарсы қабылданған ,осы мақсатпен сауда еркіндігі шектелді.2Клейтон заңы-үкіметке қосымша өкілеттік беріп,осы заңға сәйкес монополияларға жеке соттық талап беруге рұқсат етті.3Үкіметке сауда комиссиясының заңы-антитрестік заң әрекетін күшейту мақсатымен комиссия құрылды.4.Цеплер Кефорер заңы-әр түрлі типті компаниялар қосылуына қарсы заң.
ҚР монополияға қарсы заң1Табиғи монополия туралы.2.Жасанды бәсекелестік туралы.3.Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы.Бұл заңдарда жасанды бәсекелестікті және оның салдарының алдын алу және жою механизмі бекітіледі.сонымен қатар ҚР арам бәсекелестік түрлері бекітілген.-фирма атауын заңсыз қолдану.-жарнамада тауардың шынайы қасиеттері мен сапасын әдейі өзгерту не жасыру.-бәсекелес тауарының сыртқы рәсімдеуін көшіру.