Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

10 Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.

Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды.

Экономикалық жүйені үш ірі блок құрайды:

  1. Өндіруші күш (өндіріс құралы және жұмыс күші).

  2. Өндірістік қатынастар (адамдар арасында қалыптасатын қатынастар, бөлу, материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну және айырбастау).

  3. Қондырма саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы.

Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады.

Ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы.

Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы.

.Экономикалық жүйелер шешетін негізгі мәселелер: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе осы мәселелерге қалай жауап беруімен ерекшеленеді. Экономикалық жүйені мынадай түрлерге бөледі:

  • ескі технологияға негізделген, қол еңбегі кең тараған, көп экономиканың тәртіпті және ғасырлық салт-дәстүрлері қалыптасқан, әлсіз дамыған елдерде кең тараған дәстүрлік жүйе. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа тарап нені, қалай, кім үшін өндірілетіні солармен анықталады. Уақытпен белгіленген және арнаулы ресімдермен қолданылатын дәстүр өндірісті, айырбастауды, бөлуді және табысты тұтынуды анықтайды;

  • әміршіл – бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімді мемлекет қабылдайды. Мемлекет диктаторлық болып табылады, оның жеке меншігі өндірістің барлығына және жерге тараған, қабылданған экономикалық шешімдер орталықтанған міндетті жоспарлауға негізделеді;

  • нарықтық экономикада шаруашылық шешімдерін әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды. Ол еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке және жеке меншікке негізделген. Нені өндіру қажет, ол, мына немесе басқа тауарға сұраныс беретін тұтынушымен анықталады. Қалай өндіру қажет, оны өндірістің ұстанымы мен табыстың жоғары болуын есептейтін өндіруші шешеді. Кім үшін шығарылуы қажет, кімнің ақшасы бар, соның пайдасына өндіруші шешеді;

  • аралас экономика - негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнайтын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйесімен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекет рөліне байланысты, аралас экономиканың моделі бөліп көрсетіледі. Мәселен, жапон моделі дамыған жоспарлауымен ерекшеленеді. Жоспар индикативті сипат-тамада болады, бірақ, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда айтарлықтай рөл атқарады. Аралас экономиканың швед моделі мемлекеттің экономикалық саясатында әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді.

11 Меншік және оның түрлері.

Меншік өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді. Меншік заңдық және экономикалық категория болып бөлінеді. Заңгерлік түсінік бойынша меншік формалдық және нақты құқықпен байланысты. Формалдық құқық немесе меншік атағы бұл – ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау. Нақты құқық – шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары.

Меншіктің экономикалық түсінігі иелену категориясымен байланысты. Иелену – адамдардың заттармен әрекеттерінің барлық қатынастарына тән және адамның қоршаған ортамен жалпыға бірдей әмбебап байланысы. Меншік, иелену процесі сияқты пайдалану, иелік ету және бұйыру түсініктерінің мәнін ашады. Иеленудің ең төменгі формасы заттардан пайдалы қасиеттерін алудың қысқамерзімдегі пайдалануы болып табылады. Пайдалану шаруашылық механизмі арқылы, яғни жұмысшы немесе ұжым тек қана жұмыс күні ішінде өндіріс құралдарына қатынастарын қолдану арқылы жүзеге асады. Иелік ету заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде алудың жиынтығы деп пайымдайды (құрту немесе меншік объектісінің мүлкін алу рұқсат етілмейді). Қожайын, негізінде меншік объектісін нақты қолданудағы меншіктің делдалы. Иеленуге арендалық қатынастар мысал бола алады. Иеленудің ең жоғарғы формасы бұйыру болып табылады. Мұнда еңбектенуші және меншік иесі бір адам ретінде ұсынылған. Меншік иесі мүлікті алумен қоса барлық құқықтармен үйлестірілген.

12 Тауар және оның қасиеттері. Тауарлы өндірістің маңызды категориясы бұл - тауар. Оның мәнін түсінуде әр түрлі бағыттар бар. Соның екеуін қарастырайық.

1. Маркстік теорияда тауар сату үшін арналған, адамға пайдалы, еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Осы анықтамадан, яғни:

  1. егер адамның қандай да бір қажеттігін не қанағаттандырса сол тауар болып саналады;

  2. тауар болып, еңбек арқылы қабылданған саналады; мысалы тоғайдағы жеміс оны жинаушыға тауар емес, ал оны жинау үшін еңбек шығындалса, содан соң ол тауарға айналады;

  3. не сатуға арналған, сол тауар болып саналады.

2. Австриялық экономикалық бағытта (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар, айырбас үшін өндірілген, ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

К.Менгер экономикалық игілікке, экономикалық қызметтің объектісі немесе нәтижесі болатынды жатқызады және оны қажеттікке қарағанда сандық жағынан шектелген мөлшерде алуға болады.

Осы екі анықтаманың арасындағы ортақтық бұның екеуінде де тауар еңбектің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ал айырмашы­лығы екінші анықтамада игілікке қажеттілік пен осы игілікке қол жетерлік арасындағы ара қатысы, байланысы ескеріледі, ал біріншісінде бұл ескерілмейді.

Бағыттарының әр түрлілігіне қарамастан екі мектептің де мойындайтыны: екеуінде тауар еңбек арқылы иеленген табиғат байлықтары мен әр түрлі қызметтер саналады.

13 Ақшаның мәні, атқаратын қызметтері. Ақша - бұл жалпылама эквивалент ролін орындайтын ерекше түрдегі тауар. Ақшаның қызметтері.

Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес түрлі қызметін анықтайды: құн өлшемі, айналым құралы, төлеу құралы, жинақтау құралы (қазына), дүниежүзілік ақшалар.

Ақша - өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға- тауар құнының ақшалай көрінісі. Ақша келесі қызметтер атқарады:

1. құн өлшемі- елдің ақша бірлігіне шағылатын алтын өлшемінің саны;

2. айырбас құралы- тауар айырбасы кезінде делдал ретінде туындауы;

3. жинақ құралы- нарық субъектісінде қаржылық актив түрінде сақталынуы;

4. төлем құралы- қарыз қайтару кезінде ақша төлем құралы туындайды.

Ақшаның мәнін оның атқаратын қызметтері айқындайды.

14 Кәсіпкерлік және оның түрлері. Қазақстан заңдарында: «кәсіпкерлік - азаматтар мен бірлестіктердің дербес, бастамалық іс-әрекеті», - деп түсіндіріледі және ол пайда түсіруге бағытталып, өзінің мүліктік жауапкершілігінің тәуекелге баруына негізделген.

Кез келген шаруашылық қызметін кәсіпкерлік деуге болмайды, ол тек тәуекелге, бастамашылыққа, кәсіпкерлік ойға, дербестікке, жауапкершілікке, белсенді ізденіске байланысты ғана саналады. Осылардың бәрі бірдей кәсіпкерліктің белгілері боп есептеледі.

Қызметтің мазмұнына қарай кәсіпкерліктің түрлері ажыратылады.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл тауар және қызметтер, ақпарат, рухани байлық өндірумен байланысты. Өндірістік қызмет бұл жерде негізгісі.

Коммерциялық кәсіпкерлік - өндіріспен байланысы жоқ тек операциялар мен өзара келісім арқылы тауарлар мен қызметтерді қайта сатуға негізделген. Кәсіпкердің пайдасы тауарды сатып алу бағасынан артық бағаға сату арқылы құралады. Егер де бұл операциялар заң жүзінде істелген болса, онда ол спекулятивтік болып саналмайды.

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі. Сауда-саттық объектісі болып бұл жерде ақша, валюта, құнды қағаздар есептеледі.

Делдалдық кәсіпкерлік - екі жақтың өзара келісімге ынтасын біріктіретін іс-әрекеттен тұрады. Мұндай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер пайда алады.

Сақтандырушы кәсіпкерлік – бұл қаржылық кәсіпкерліктің ерекше түрі, оның мәні мынада: кәсіпкер алатын сақтандыру жарнасы тек сақтандырылған жағдайдан соң ғана қайтып оралады. Жарнаның қалған бөлігі кәсіпкерлік пайдасын құрайды.

15 Нарық түсінігі, жіктелуі. Нарық бұл – ұдайы өндірістің барлық звенолары: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларында сату, сатып алу арқлы жүргізілетін ұйымдық-экономикалық қатынастар­дың жүйесі.

Нарық кең магынада тауарларды сату мен сатып алуга байланысты, экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын және тауар айналымының саласыи көрсетеді.

Нарық экономикасының субъектісі үй шаруашылыгы, фирмалар, мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылыгы - бұл қүрамында бір нсмесе бірнеше түлғасы бар экономикалық бірлік: 1) өз бетімен шешім қабылдайды; 2) қандай да бір ондіріс факторының меншігі болып табылады; 3) бар ресурстар шегінде пайдалылықтың жогарылығы жэне өз тұтынушыларын жогары қанағаттандыруға ұмтылуы;

Фирма - бүл экономикалық бірлік: I) өз бетімен шешім қабылдайды; 2) жогары пайда табуға ұмтылады; 3) мемлекетке, үй шаруашылыгына жәие басқа фирмаларга өиімдерді дайындауға және сатуга ондіріс факторларын пайдаланады.

Мемлекет деп, қогамдық мақсаттарға жету үшін, нарық пен шаруашылық субъектілеріне қажет жагдайда бақылау жүргізу ушін занды жэие саяси басшылық жүргізетін үкІмеггік мекемелерді түсінеді

16 Нарықтың атқаратын қызметтері, инфрақұрылымы. Нарық маңызды функцияларды орындайды:

  • біріншіден, нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүргізіледі, яғни кім үшін өндіру, қалай өндіру, не өндіру керек мәселелері шешіледі;

  • екіншіден, нарық арқылы өндіруші мен тұтынушының байланысы іске асады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде сатушы да сатып алушы да болады. Ол өзінің өміріне қажетті немесе өзі өндірген тауарды сатып алады, ал нарықта не өзі өндіргенді, не мүлкін не жұмыс күшін сатады;

  • үшіншіден, нарық арқылы өнімді өндіруге шыққан шығындар есебі жүргізіледі. Нарық не өндіру керек екенін ғана емес, сонымен қоса берілген өнімді алу үшін қоғам қандай шығындарға баруы қажет екенін анықтайды. Егер шығындар өте жоғары болса, онда оны сатып ала алмайды және келешекте ол өндірілмейді. Яғни, нарыққа өзінің шығындарын жаба алатын бағамен сатылатын өнімдер ғана түседі;

  • төртіншіден, нарықтық маңызды функциясы бағаны құру болып саналады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерімен ауытқиды. Егер нарықта қандай да бір тауардың саны сұраныстан артып тұрса, онда оған баға төмендейді, демек, осы тауарды өндіру және ұсыну да төмендейді. Керісінше, жоғарғы баға өндірісті ынталандырады, оның өсуі, сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдік орнағанша жалғасады, осының нәтижесінде тепе-теңдік баға құрылады.

бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциялайды (ажырату, айырмашылық). Бәсеке процесі кезінде өнімді өндіруге шығындары нарықтық бағадан төмен фирмалар ғана өмір сүре алады. Осы жағдайда фирма пайда алады. Егер шығындары бағадан жоғары болса, онда ол зиян шегеді. Өндірушілердің дифференциясы, демек тиімді фирмалардың дамуын, тиімсіздің ойсырауын (кедейленуін) білдіреді.

Нарықтың инфрақұрылымы деп нарықтық қатынастар­дың қажеттілігін қамтамасыздандыратын ететін мекеме­лер­дің, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.

Үш түрлі нарықтық инфрақұрылымды атап айтуға болады: тауарлық, қаржылық және еңбек нарқы.

Тауар нарығының инфрақұрылымы тауар биржаларынан, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарынан, аукцион, жәрмеңке, биржалық емес делдал фирмалардан құралады.

Қаржылық нарық инфрақұрылымы қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлардан тұрады.

Еңбек нарқы инфрақұрылымы еңбек биржасы, кадрларды жұмыспен қамтамасыз ету және қайта дайындау қызметі, жұмыс күші миграциясын реттеу, т.с.с. тұрады.

17 Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері. Нарықтың артықшылығы және кемшілігі болады. Жағымды ерекшеліктеріне жататындар:

  • өзгермелі жағдайға жоғары бейімделушілігі және икемділігі;

  • пайданы көтеру үшін және өндіріс шығындарын азайту мақсатында жаңа технологияларды оперативті қолдануы;

  • өндірушілердің және тұтынушылардың шешімді қабылдауда, келісімді жасауда т.б. тәуелсіздігі;

  • әр түрлі мұқтаждықтарын қажетті көлемде және жоғарғы сапамен қанағаттандыру қабілеттілігі.

Нарықтың жағымсыз жақтары, негізінен, әлеуметтік салаға қатысты:

  • нарық пайда алуға және еңбекке құқылық кепілдеме бермейді, сонымен қоса нарықтық жүйе елеулі теңсіздік туғызады;

  • нарық ұжыммен қолданылатын тауарлар мен қызметтерді (спорт, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) өндіруге жағдай жасамайды;

  • нарық әлеуметті қажетті тауарларды өндіруге емес, ол кімнің ақшасы бар соның тілегін қанағаттандыруға бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]