Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

4 Экономикалық категориялар, заңдар.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

  • микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

  • макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Экономикалық заңдар – бұлар экономикалық қатынастардың көріну формасы. Олар адамдардың қоғамдық қызметінің заңдары болып есептеледі.

Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады, табиғат заңдарынан айырмасы да осында. Екінші айырмасы экономикалық заңдар тарихи шектеулі сипатта болады, ал табиғи заңдар мәңгілік.

Экономикалық заңдар өз әрекетінің ұзақтығына байланысты ерекше және жалпы боп бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар әрбір жеке алынған формацияға тән. Мысалы, құл иеленуші немесе феодалдық дәуірдегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формация­ларға тән. Мысалы, еңбек өнімділігін өсіру заңы, уақытты үнемдеу заңы, т.б.

5 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

Өндіріс- адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Қажеттілік- адамның бір нәрсеге мұқтаждығы. Өндіріс нәтижесінде игіліктер алынады.

Игілік-қажеттілікті қанағаттандаратын құрал. Игіліктер тікелей- тұтыну құралдары және жанама - өндіріс құралдары болып бөлінеді. Сонымен қоса игіліктер материалды қызмет және материалды емес қызмет деп бөлінеді. Материалды қызметке- заттың кеңістікте жылжуын қамтамасыз ететін қызметтер, мысалы: тасымалдау, ал материалды емес қызметер адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандарады, мысалы: адвокат қызметі, білім беру және т.с.с.

Демек, өндіріс процесі материалды тауарлармен қызметтер және материалды емес тауарлармен қызметтер өндірісінен тұрады. Сәйкесінше, материалды және материалды емес өндіріс түрлерін айырады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінде қоғамдық өнім алынады, ол өз қозғалысында келесі кезеңдерден өтеді: өндіріс - бөлу - айырбас - тұтыну.

Өндіріс- материалды игіліктер мен қызметтер пайда болатын бастапқы кезең. Бөлу- қоғамдық өнімнің нарықтық шаруашылықта бөлінуі. Айырбас- қоғам байлығының ұлғаюына ықпал етеді. Тұтыну- өндіріс нәтижесін- игіліктерді қажеттілікті қанағаттандару үшін пайдалану. Тұтыну: жеке және өндірістік болып табылады. Жеке- адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен игіліктерді тұтынуы, мысалы: киім, азық- түлік және т.с.с. Өндірістік- жаңа игіліктерді өндіру мақсатымен өндіріс құралдарын тұтыну, мысла: шикізат, материал және т.с.с.

6 Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз жаңару процесі, ол екі түрлі болады: жай және ұлғаймалы.

Жәй ұдайы өндірісте өндіріс жылдан жылға тұрақты көлеммен жаңарап отырады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс кезінде өндіріс процесінің көлемі ұлғайтылып отырады.

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің нәтижесінде қоғамдық өнім көлемі ұлғаяды. Бірақ қоғамды тек өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сол өнім өндірісіне кеткен шығындардың тиімділігі де толғандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]