- •1 Экономикалық теорияның даму эволюциясы.
- •2 Экономикалық теория пәні және атқаратын қызметтері.
- •3 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
- •4 Экономикалық категориялар, заңдар.
- •5 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
- •6 Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7 Өндіріс факторлары және экономикалық ресурстар.
- •10 Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.
- •11 Меншік және оның түрлері.
- •18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.
- •23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.
- •24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.
- •26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.
- •27 Негізгі капитал және оның айналымы.
- •28 Негізгі капиталдың тозуы және амортизация.
- •29 Айналмалы капитал және оның айналымы.
- •30 Инвестиция түсінігі және оның түрлері.
- •31 Өндіріс шығындары және олардың жіктелуі.
- •33 Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері.
- •34 Жер рентасы және оның түрлері.
- •35 Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.
- •40 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.
- •41 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
- •42 Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •43 Экономикалық өсу, оның типтері.
- •47 Инфляцияға қарсы саясат.
- •50 Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
- •52 Экономиканы реттеу әдістері.
- •59 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары.
- •Халықаралық валюталық қатынастар.
2 Экономикалық теория пәні және атқаратын қызметтері.
Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.
Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.
Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті ресурстар шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.
Экономикалық теорияның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, болжамдық, дүниетанымдық, әдістемелік
Танымдық қызметі – қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс; Тәжірибелік қызметі – шаруашылықты ұтымды жүргізудің нақты тәсілдері мен негіздерін жасайды, мемлекеттің тиімді саясатын ғылыми тұрғыдан негіздейді; Дүниетанымдық қызметі – экономикалық құбылыстар сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды; Болжамдық қызмет – ғылыми болжам жасап, қоғамдық дамудың болашағын айқындайды; Методикалық қызмет – экономикалық ғылымдар жүйесінің теориялық және әдістемелік негізі болып табылады.
3 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Ғылыми абстракция әдісі- зерттеу объектісін кездейсоқ, уақытша жағдайлардан оқщаулап, оның тұрақты, өзіне тән сиптаттарын зерттеу. Осы әдіс көмегімен зерттелінетін объектінің маңызды жақтарын сипаттайтын ғылыми категориялар қалыптасып, экономикалық модельдер құрылады.
Кез- келген объект өзара – байланысты жүйеде әрекет етеді, сондықтан оларды зерттеу үшін дедукция және индукция әдістері пайдаланылады.
Индукция- жеке ойдың жалпы қортындыға қозғалысы.
Дедукция- ойдың жалпы жағдайдан жекеге қозғалысы.
Позитивті талдау- экономикалық құбылыстардың өзара байланысын өз күйінде зерттейді, мысалы тауарлардың бағасының өсуі оған деген сұранысты азайтады.
Нормативті талдау- процесс немесе құбылысты қандай түрде болу керек деген тұрғыдан зерттейді, мысалы нарықтық шаруашылықтағы табыстардағы теңсіздік -әділетсіз.
Экономикалық- математикалық модельдеу- экономикалық құбылыстардың өзгеру себептерін, бұл өзгерістердің заңдылықтардың анықтайды және экономикалық процестерді болжауға мүмкіндік береді.
Экономикалық эксперименттер- макро- және микроэкономика көлемінде тиімділікті арттырудың әдістерін іздеу.
