Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

59 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары.

Елдің сыртқы экономикалық қызметін сипаттайтын төлем балансы- белгілі бір уақыт аралығындағы шетелдерге төлемдер мен шетелден түскен түсімдер арасындағы өзара қатынасытар.

Сауда балансы- тауар экспорты мен импорты арасындағы өзара қатынастар.

  1. Капиталды шығару және халықаралық несие – ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып басқа елдерде өндіріс процесіне араластыру. Оның мақсаты- капталды басқа елдегі тиімді өндіріске қатыстыру арқылы пайда табу. Шығарылатын капитал нысандары: кәсіпкерлік немесе ссудалық.

  2. Жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

  • экономикалық: елде білікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

  • сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б.

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі- қандай да бір елдің басқа елдерге сату мақсатымен тауарлар мен қызметтің қандай да бір түріне мамандануы. Бастапқыда бұл процесс елде минералды ресурстардың болуымен және оның географиялық ортасымен негізделді, 20 ғ. бастап, ол ҒТП және елдегі жұмыс күшінің деңгейімен байланысты болды.

  2. Халықаралық валюталық қатынастар.

Валюта- елдің ақша бірлігі. Халықаралық валюталық жүйе- орталық эмиссиялық банктердің сыртқы нарықтағы қызметін реттейтін ережелер, заңдар, тұжырымдар жиыны.

Елдер арасындағы есеп айырысу валюта курсы арқасында жүзеге асады. Валюта курсы- басқа елдің валютасының ақшалай құнымен берілген ұлттық валютаның ақшалай құнының бағасы. Валюта курсы қатаң және еркін болады: алтын стандарты кезінде орын алған қатаң курс орнына долларды алтынға айырбастауды ресми түрде тоқтатқаннан кейін (1971ж.) еркін курс келді, ол – алтынмен емес валютаға сұраныс пен ұсыныспен анықталатын валюта курсы.

Валюта курстарының өзара қатынастары екі әдіспен өзгертіледі:

  1. Девальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда төмендету.

  2. Ревальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда жоғарылату.

Ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға араластыру үшін ұлттық валюта конверттелінуші болуы керек.

Валютаның конверттелінушілігі- ұлттық валютаның әр түрлі халықаралық есептесуде еркін пайдаланылу мүмкіндігі.

Халықаралық валюталық жүйенің қызмет етуі- халықаралық қаржылық ұйымдармен жүзеге асырылады, олар: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық даму және реконструкция банкі, Дамудың халықаралық ассоциациясы, Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ұйымы.

60 Ұлттық есептер жүйесі. Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу ұлттық есеп жүргізу жүйесі (ҰЕЖ) арқылы жүргізіледі.

ҰЕЖ – бір жағынан бар ресурстар, екінші жағынан оны қолдану көрсетілген арнайы таблица мен баланстар.

ҰЕЖ бұл бір жақтан шаруашылық жүргізуші субьектілердің тауарлар сатып алуға жұмсалған шығындарын көрсететін екінші жақтан,олардың шаруашылық қызметтері нәтижесінде тапқан табыстарын көрсететін баланстық экономикалыө таблицалардың жиынтығы болып табылады.

ҰЕЖ негізінде мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер есептеледі:

Жалпы ұлттық өнім – бұл осы елдебір жыл ішінде өндірілген түпкі игіліктердің нарықтық құны.

Жалпы ішкі өнім - ел ішінде тек меншік өндіріс факторлерін пайдаланып өндірілген өнімдер мен қызметтер құны.

Таза ұлттық өнім – бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнім мен қызметтердің сомасы

Ұлттық табыс – таза ұлттық өнім жасауға қатынасы бар барлық өндірістік ресурстарды жеткізетіндердің табыстарының көлемін сипаттайды.

5