
- •1 Экономикалық теорияның даму эволюциясы.
- •2 Экономикалық теория пәні және атқаратын қызметтері.
- •3 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
- •4 Экономикалық категориялар, заңдар.
- •5 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
- •6 Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7 Өндіріс факторлары және экономикалық ресурстар.
- •10 Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.
- •11 Меншік және оның түрлері.
- •18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.
- •23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.
- •24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.
- •26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.
- •27 Негізгі капитал және оның айналымы.
- •28 Негізгі капиталдың тозуы және амортизация.
- •29 Айналмалы капитал және оның айналымы.
- •30 Инвестиция түсінігі және оның түрлері.
- •31 Өндіріс шығындары және олардың жіктелуі.
- •33 Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері.
- •34 Жер рентасы және оның түрлері.
- •35 Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.
- •40 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.
- •41 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
- •42 Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •43 Экономикалық өсу, оның типтері.
- •47 Инфляцияға қарсы саясат.
- •50 Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
- •52 Экономиканы реттеу әдістері.
- •59 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары.
- •Халықаралық валюталық қатынастар.
50 Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
инфляция қағаз ақшаның құнсыздануын және тауар бағасының өсуін білдіреді. Инфляцияны ашық және қысымды (подавленная) деп бөледі. Біріншісі баға өсуімен көрінеді, екіншісі тауардың жоғалуымен ерекшеленеді.
Номиналды еңбекақы мен жұмыссыздық арасында байланыс орнатудың ең алғашқы жолын Филлипс (1958 ж.) жасауға тырысты.
Оның қорытындысы бойынша, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі баға мен еңбекақының өсуімен қоса жүреді оны АD қисығы (Филлипс қисығы) арқылы көреміз.
Бірақ, практика көрсеткендей, бұл қорытынды тек қысқа мерзімге ғана тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) тіпті жұмысбастылықтың төмен деңгейі инфляция өсуінен құтқара алмайды, оған кәсіподақтар мен фирмалар бағаны, жалақыны көтеру арқылы итермелеп отырады.
Статисканың көрсетуінше, инфляцияны 1 % төмендету үшін, жұмыссыздық бір жыл бойына өзінің табиғи деңгейінен 2 % жоғары болуы керек. Жұмыссыздықтың көмегімен инфляцияны төмендету идеясымен экономистердің көбі келіспейді. Әзірше бұл мәселе өз шешімін тапқан жоқ.
51 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық іс-шараларының жүйесі. Оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен байланысты:
1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;
2-шісі қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.
Мемлекеттің негізгі қызметтері:
нарықтың құқықтық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:
бәсекені қорғау, шағын бизнесті қолдау;
табыс пен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;
инфляция мен жұмыссыздықты бақылау;
экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;
тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.
Мемлекеттік реттеу құралдары:
Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп пайызын бақылау.Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.
тікелей: салаларды дотация, субсидия, жәрдемақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
жанама: несие-ақша, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттар арқылы реттеу.
52 Экономиканы реттеу әдістері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық іс-шараларының жүйесі. Оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен байланысты:
1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;
2-шісі қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы өзгеріп тұратын жағдайларға бейімдеу.
Мемлекеттің негізгі қызметтері:
нарықтың құқықтық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:
бәсекені қорғау, шағын бизнесті қолдау;
табыс пен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;
инфляция мен жұмыссыздықты бақылау;
экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;
тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.
Мемлекеттік реттеу әдістері:
Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп пайызын бақылау.
Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.
Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.
тікелей: салаларды дотация, субсидия, жәрдемақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
жанама: несие-ақша, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттар арқылы реттеу.
53 Ақша- несие саясаты. Ақша-несие саясаты ҚР ұлттық банкінің нарықтық механизм элементтеріне және ең алдымен ақша айналымының тиімділігіне жанама әсер ету әдісін пайдалануды көздейді Ақша-несие саясатын қолданып, мемлекет инфляция және жұмыссыздық деңгейі төмен болатын экономиканы жасауға ынталанады. Бұл мәселені шешу үшін мемелекет ақша ұсынылуын бақылап отыруы керек.Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеу құралдары пайдаланылады: 1.Ашық нарықтағы операциялар 2.Міндетті резервтер нормасын өзгерту 3.Есеп мөлшерлемесін өзгерту Арзан ақша саясаты (жұмыссыздық, экономиканың құлдырауы кезінде жүзеге асырылады).
1) ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу,
2) міндетті резервтер нормасын жоғарылату,
3) пайыздық есеп мөлшерлемесін төмендету.
Салдары:
Ақша ұсынысы өседі, Пайыздық мөлшерлеме төмендейді,
Инвестициялар өседі,
Іскерлік белсенділік көтеріледі,
Жұмыссыздық қысқарады.
Қымбат ақша саясаты (инфляция жоғары болғанда жүзеге асырылады).
1) мемлекеттік құнды қағаздарды сату, 2) міндетті резервтер нормасын төмендету, 3) пайыздық есеп мөлшерлемесін жоғарылату.
Салдары
ақша ұсынысы қысқарады, пайыздық мөлшерлеме өседі, инвестициялар қысқарады, іскерлік белсенділік төмендейді, инфляция қысқарады.
54 Қазақстан Республикасындағы ақша - несие саясатының негізгі құралдары. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
55 Қаржылық жүйе және оның құрылымы. Қаржылық жүйесі келесі субъектілердің қаржыларынан құралады:
-мемлекет және оның институттары;
-фирмалар- кәсіпорындар, компаниялар, қоғамдар және т.б.;
-тұрғындар-үй шаруашылықтар.
Мемлекет бюджеті қаржы жүйесінің басым бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.
Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.
Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға кететін шығындар құрайды.
56Мемлекеттік бюджет және оның тапшылығы. Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады
Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды. Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама - профициті болып табылады
57 Әлеуметтік саясат. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі. Әлеуметтік саясат - мемлекеттің қоғам өмірінің әлеуметті-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша қызметінің бағыты. Әлеуметтік саясаттың мәні: қоғамдағы әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу, тұрғындардың өмір сүру жағдайлары мен әлеуетін жақсарту, әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету. Тұрғындардың “өмір сүру деңгейі”- адамдардың физикалық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесін сипаттайды.
Тұрғындардың “өмір сүру деңгейі”- материалды игіліктерді тұтыну деңгейі (тұрғындардың өнеркәсіптік тауарлармен, азық-түлікпен, тұрғын үймен және т.б. қамтамасыз етілгендігі).
Тұтынудың деңгейлері:
минималды - минималды қажеттіліктіерді қанағаттандыру.
рационалды (тиімді)- адамның қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыру.
физиологиялық – бұл деңгейден төмен адам физиологиялық өмір сүре алмайды.
58 Табыстардың бөлінуіндегі теңсіздік. Лоренц қисығы. Табыстың қалыптасуының жалпы қағидалары бойынша: алынатын табыстар тең бөлінбейді, нәтижесінде кедейшілік және байлық пайда болуының экономикалық механизмі күшейеді.
Табыс теңсіздігін сандық бағалау үшін Лоренц қисығы және Джини коэффициенті пайдаланылады.
А
100
80
60 III
40 II I
20
0 В
20 40 60 80 100
Табыс шоғырлануының қисығы
(Лоренцтің).
Егер табыстар тепе-тең бөлінсе, онда әр отбасы тобы өзінің үлес салмағына сәйкес табыс алуы керек, ал табыстарды бөлу графигі ОА биссектрисасымен ұсынылады, табыстардың нақты бөлінуі І, ІІ, ІІІ қисықтарымен бейнеленеді. Нақты бөлу қисықтары ОА биссектрисасына неғұрлым жақын болса, соғұрлым шындығында табыстардың тепе-тең бөлінуі орын алады.
Нақты бөлу қисықтар түрінің айырмашылығы онда І – салық алынғанға дейін, ІІ – салық алынғаннан кейін, ІІІ- трансферттік төлем есебімен табыстар есептелуіне байланысты болады. График түрінде көрсетілген табыстың (байлық) салыстырмалы шамасы мен оны алушылар саны арасындағы кері тәуелділік шоғырлану қисығы немесе Лоренц қисығы деп аталады. Тепе-теңсіздік дәрежесі (немесе шоғырлану дәрежесі) математикалық түрде Джинни индексі – ОАВ үшбұрышының ауданымен қатыстырылған, нақты бөлу қисығы үстіндегі фигура ауданымен бейнеленеді. Берілген әдістеме әр түрлі уақыт аралығында, әр түрлі елдер және халық топтары арасында табыс бөлінуінің тепе-теңсіздік дәрежесін бағалау үшін пайдаланылады.
Мемлекеттің әлеуметтік шаралары табыстың теңсіз бөлінуін жеңілдетеді, экономикалық теорияда мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын екі тұрғыдан қарастыруға болады:
Әлеуметтік тұрғыдан- қоғам әр мүшесіне кедейшілікке ұшыратпайтын табысты қамтамасыз етуі керек.
Нарықтық тұрғыдан- мемлекеттің міндеті табысты қамтамасыз ету емес, қоғам мүшелеріне табысты табуға жағдайлар туғызу.
Аралас экономикада табысты қайта бөлудің әдістері:
тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулары, ол кәсіпкерлерге тұрақты сату нарығын және пайда табуды кепіл етеді, жұмыссыздық мәселелрін шешеді;
мемлекеттік субсидиялар және несиелер;
табысты салық арқылы қайта бөлу -табысты жанама реттеу құралы;
әлеуметтік төлемдер және бағдарламалар- нарықөтық экономиканың циклді дамуымен негізделеді, сондықтан мемлекет әр түрлі трансферттерді төлейді.