
- •1 Экономикалық теорияның даму эволюциясы.
- •2 Экономикалық теория пәні және атқаратын қызметтері.
- •3 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
- •4 Экономикалық категориялар, заңдар.
- •5 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
- •6 Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7 Өндіріс факторлары және экономикалық ресурстар.
- •10 Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.
- •11 Меншік және оның түрлері.
- •18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.
- •23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.
- •24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.
- •26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.
- •27 Негізгі капитал және оның айналымы.
- •28 Негізгі капиталдың тозуы және амортизация.
- •29 Айналмалы капитал және оның айналымы.
- •30 Инвестиция түсінігі және оның түрлері.
- •31 Өндіріс шығындары және олардың жіктелуі.
- •33 Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері.
- •34 Жер рентасы және оның түрлері.
- •35 Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.
- •40 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.
- •41 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
- •42 Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •43 Экономикалық өсу, оның типтері.
- •47 Инфляцияға қарсы саясат.
- •50 Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
- •52 Экономиканы реттеу әдістері.
- •59 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары.
- •Халықаралық валюталық қатынастар.
47 Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады.
мемлекет фискалдық саясат әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып,
Ақша несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы)
48 Жұмыссыздық түсінігі, себептері. Жұмыссыздық дегеніміз елде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу деңгейі жағдайында жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы Біріншіден, адамдар бір жерден екінші жерге үнемі көшіп жүреді, бір қызметтен екіншісіне ауысып, жұмысты тосып, іздеп жүреді.
Осы себептерге байланысты жұмыста жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне деген сұранымға құрылымдық өзгерістер әкеледі. Жұмыс орындарының жаңа құрылымы бұрынғы жұмыс күші құрылымына сәйкес емес, ал ол құрылымдық жұмыссыздықты құрайтын жұмыскерлердің бір бөлегін өндірістен шеттетуге әкеледі.
Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күші құрылымының жұмыс орны құрылымына сәйкес еместігінен пайда болған жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың - циклдық жұмыссыздық деп аталатын (нарық шаруашылығының циклдығына байланысты) түрі бар.
Циклдық кезеңдік жұмыссыздық - бұл экономиканың төмендеуінен туатын жұмыссыздық.
Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталады.
49 Жұмыссыздық түрлері. Оукен заңы. Жұмыссыздық дегеніміз елде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу деңгейі жағдайында жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы. Жұмыссыздықтың түрлері:Уақытша жұмыссыздық.' Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандыөтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі маңызды.
Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.
Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы пайдаланылады, ол Заң бойынша, жұмыссыздықтың ағымдағы деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен 1 % артса, онда ол мүмкін ЖҰӨ-мен салыстырғанда ЖҰӨ-нің 2,5 % -ға құлауына әсер етеді.
Жұмыссыздық деңгейі нормамен сипатталады. Ол жұмыссыздардың жалпы санының жұмыс күші санына шаққандағы процентпен алынған қатынасы арқылы есептеледі:
Жұмыссыздық деңгейі |
= |
жұмыссыздар саны |
х 100 % |
жұмыс күші саны |