Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

40 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.

Макроэкономика /грек тілінен-үлкен/- жалпы ұлттық экономиканың әрекетіменг даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бөлігі.

Макроэкономика - экономиканы тұтас жүйе ретінде қарастырады, ондағы субъектілер: мнмлекет /үкімет/, Ұлттық Банк және т.б.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, ЖҰӨ, ҰТ және т.б., олар жаопы халық щаруашылық сипаттайды.

Макроэкономика экономикалық теориядан 20ғ. 30-жылдарында бөліріп шықты, оған Дж. М.Кейнстің ғылыми еңбектері әсер етті. Кейнс теориясы экономиканы жүйе ретінде мемлекеттік реттеу қажеттілігіне негіз берін, макроталдау қажеттілігін көрсетті.

Макроталдау әдісі - модель құру. Модель- негізгі факторлерді ғана көрсететін қарапайым теориялық кесте. Модельдер қысқа мерзімді – /1 жылға дейін/, және ұзақ мерзімді / 1 жыодан артық уақытқа/ болады.

Макроэкономикалық саясат – қоғамның стратегиялық даму жне жаңару міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін экономикалық мақсаттар мен шаралар жүйесі.

Ұлттық экономиканың дамуын сипаттайтын негізгі көлсеткіш – ұлттық байлық.

Ұлттық байлық – қоғамда жинақталған тұтынушылық құндардың жиынтығы. Оған мүлік /негізгі және айнымалы қорлар, үй мүлігі/, табиғи ресурстар /жер оның қойнауы, орман/, заттандырылмаған байлық /ұлттың денсаулығы, рухани байлығы, білім және ғалыми потенциал/.

41 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

Жалпы тепе-теңдік- барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдайы.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.

Жиынтық сұраныс (AD) - тұтынушылар, кәсіпорындар мен мемелекет бағаның әр түрлі деңгейлерінде сатып алуға дайын ұлттық өндірістің шынайы көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: еңбек ақы, мемлекеттің фискалды саясаты –салық және несие саясаты, тұрғындардың жинақтауға бейімділігі.

42 Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Макроэкономикалық тепе-теңдік- қоғамдық ұдайы өндірістің негізгі мәселесі, экономикалық процестердің теңділігін сипаттайттын категория. Тепе-теңдік- қоғамның жағдайы, бұл жағдай оның барлық мүшелерін қанағаттандырады.

Тепе-теңдік жағдайы тек жетілген бәсекенің идеалды жағдайларында ғана мүмкін.

Тепе-теңдік жартылай және жалпы болады:

Жартылай тепе-теңдік- жеке нарықта қалыптасады, ол тауар, қызмет, өндіріс факторлері нарығындағы тепе-теңдік.

Жалпы тепе-теңдік- барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдай

43 Экономикалық өсу, оның типтері.

Экономикалық өсу- барлық елдер алдында тұрған орталық экономикалық мәселе. Экономикалық өсу динамикасы бойынша ұлттық экономиканың даму деңгейін, тұрғындардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің ортақ анықтамасы жоқ. Кейбір экономикстер ЭӨ-ді екі әдіспен есептеуге болады дейді:

  • ЖҰӨ есептеу арқылы.

  • ЖҰӨ-ң жан басына шаққандағы өсімін есептеу арқылы.

Экономикалық өсу екі түрлі болады:

Интенсивті өсу- ұлттық өнімді техника мен технологияны жэетілдіру арқылы ұлғайту.

Экстенсивті өсу- қосымша өндіріс факторлерін пайдаланғаннан ұлттық өнімнің артуы.

Аралас өсу (нақты)- өндіріс факторлерін азайту және жаңа техникамен технологияны еңгізу арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру.

Экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен %- пен есептелінеді.

Экономикалық өсудің мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту болы табылады. Экономикалық өсудің жағамсыз салдады да бар:

  • қоршаған ортаның ластатуына әкеледі;

кейбір тұрғындарда болашаққа деген сенімсіздікті тудырады

44 Экономикалық өсу қарқыны және модельдері. Экономикалық өсу бұл ұлттық өнімнің сандық көбейтілуі және сапалық жетілдірілуі.Экономикалық өсудің типтері:интенсивті сапалық өсу-бұл техника мен технологияны жетілдіру есебінен ұлттық өнімнің көбейтілуі.Экстенсивті сандық өсу-бұл өндірістің қосымша факторларын тарту есебінен ұлттық өнімнің көбейтілуі.Аралас нақты өсу-бұл қолданылатын факторлар санын көбейту және техника мен технологияларды жетілдіру есебінен ұлттық өнімнің көбейтілуі.Экономикалық өсудің моделі:1көп факторлы модель:факторлардың барлығыных

45 Экономикалық цикл және оның фазалары. Барлық елдердің экономикалық дамуы циклділікпен сипатталады.Циклділік экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.Экономикалық фаза 4 фазадан тұрады.1-фазада:еңбекке сұраныс азаяды,тауарлар бағасы төмендейді,пайда азаяды,несиеге сұраныс азайып ,пайыз мөлшерлемесі төмендейді.2-фазада:тоқырау-жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі,ол бірнеше жылға созылады.Тоқырауға тән-өндіріс көлемі азаймайдй,өспейдіде,тауар артықшылығы азаяды,бірақ сауда жүрмейді.пайыздық мөлшерлеме ең төменгі деңгейде.3-фаза:нарықтың жаңа жағдайларына бейімделген кәсіпорындар тауа өндірісін арттыра бастайды.,жұмыссыздық қысқара бастайды,баға және пайыз мөлшерлемесі артады.4-фаза-өрлеуге келесілер тән:ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны,жұмыссыздық толығымен жойылажы,баға және пайыз мөлшерлемесі артады.

46 Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері. Инфляция бұл ақшаның құнсыздануы,сондай ақ оның сатып салу қабілетінің төмендеуі.Инфляцияның пайда болу себептері-мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ,мемлекеттің өндірістік емес шығындары деңгейінің жоғарылауы,тауар тапшылығы,жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқа да бірқатар себептер.Инфляцияның бірнеше түрлері бар.Баяу инфляция-баға 1 жыл ішінде баяу өседі.Қарқынды инфляция баға 1 жыл ішінде екі еселеніп өседі.Ұшқыр инфляция-баға 1 жыл ішінде астрономиялық қарқында өседі.

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

  • Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

  • Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

  • Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

  • Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

  • Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

  • Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

  • Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

  • Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

  • Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

  • Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.