Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

35 Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.

Еңбек ретіндегі өндіріс факторы еңбек ақы түрінде табыс әкеледі. Еңбек ақы тұтынушылар табысының басым бөлігін туындайды, демек тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге сұранысқа үлкен әсер тигізеді.

Еңбек ақы - жұмыс күшінің бағасы мен құнының нысаны. Еңбек ақы деңгейін еңбек ұсынысы мен оған сұраныс анықтайды. Екеуі тең болған жағдайда тепе-тең еңбек ақы көлемі қалыптасады. Еңбекке сұраныс еңбек ақы деңгейін жоғарлатады және керісінше. Егер еңбекті пайдаланғаннан алынатын шекті өнім көлемі жоғары болса, еңбекке сұраныс артады және керісінше.

Еңбек ұсынысына келесі жағдайлар әсер етеді:

1. елдегі жұмысқа қабілетті тұрғындар саны;

2. жұмыс күнінің ұзақтығы;

3. тұрғындардың мамандылығының және біліктілігінің деңгейі.

Еңбек ақы нақты және номиналды түрде болады.

Номиналды еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін алатын ақша сомасы.

Нақты еңбек ақы- алынған ақшаға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі. Ол номиналды еңбек ақыға тура байланысты, ал тауарлар мен қызметтер бағасына кері байланысты.

Еңбек ақы екі нысанда болады.

1. уақытылы- еңбек ұзақтығына байланысты анықталатын еңбек ақы.

2. даналы немесе келісімдік – өндірілген өнім көлеміне тәуелді болатын еңбек ақы.

36 Макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық байлық – қоғамның бүкіл Ұлттық байлық мынаны қамтиды: мүлік (негізгі және айналым қорлары, үй мүлігі), табиғи байлық (жер, минерал және орман қорлары), заттай емес байлық (ұлт денсаулығы потенциалы, оның рухани байлығы, білім және ғылым потенциалы, интеллектуалдық меншік құраушылар).

Бір жылғы шаруашылық іс-қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші болып қоғамдық өнім есептеледі. Оны бірнеше анықтамалар арқылы көрсетуге болады: Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

Жалпы ұлттық өнімді бір жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны ретінде анықтайды. Келесі көрсеткіш - ұлттық табыс. Ұлттық табыс - бір жыл ішінде жасалған жаңа құны бар өндіріс нәтижесі. таза ұлттық өнім. Ол еңбекақының, пайданың, рентаның, пайыздың және жанама салықтың жиынтығымен есептеледі. Таза ұлттық өнім – ұлттық табыс пен жанама салықтың қосындысы. Олар ұлттық табысты нарық бағасы арқылы анықтау үшін қосылады.

Тағы бір көрсеткіш - жалпы ішкі өнім. Ол берілген мемлекет аумағында жатқан фирмалардың қай ұлтқа жататынына қарамастан материалдық өндіріс салалары мен қызметтер саласының соңғы өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді.

Жалпы ішкі өнім тек ел ішінде ғана өндірілген, тек өз өндіріс факторларын ғана пайдаланғандағы өнімдер мен қызметтерді қамтиды. Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке адамдар мен жанұялардың алатын табысы.

Ол алынған табыс пен трансферттік төлемдердің қосындысы, оны жанұялар мен жеке

адамдар мемлекет тарапынан алады: зейнетақы, стипендия, жұмыссыздық жәрдемақысы т.б. Олар тұтынуға, жинақтауға, салық төлеуге жұмсалады.

Қолдағы бар таза табыс – салықтарды төлегеннен кейін қалатын табыс.

37 Жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері. ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар: елдегі жасалған өнімге («шығындар легі») кеткен шығынға байланысты; не өнімді өндіру нәтижесінде алынған табыстың сомасына («табыс легі») байланысты.

Бірінші әдіс – «шығындар легін» қарастырайық. Егер бар шығындарды қоссақ, оны пайдалана отырып, біз ЖҰӨ көлемін табамыз.

Шығындар мынадан тұрады:

  • үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтер (нан, киім, машина т.б.) алуға кеткен шығыны;

  • жабдық, станок, ғимарат, үй т.б. алуға керекті инвестиция;

  • тауар мен қызметті өндіруге (мектеп, аурухана, электроэнергия т.б.) және трансферттік төлемдерге баратын (зейнетақы, жәрдемақы т.б.) мемлекет шығындары;

  • таза экспорт немесе экспорт пен импорт көлемдерінің арасындағы айырма.

Ұлттық өндірістің көлеміне, осы елдегі өндірілген нәрсе ғана кіретіндіктен, басқа елдердің шығынын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда шығарылған автомобильді Қазақстанға әкеліп сатады. Бұл жағдайда, автомобильді өндіруге кеткен шығынды Жапонияның шығындарына жатқызады, ал әкеліп, сатуға кеткен шығынды Қазақстан шығынына жатқызады.

Екінші әдіс – «табыстар легін» қарастырайық. Егер бүкіл табысты қоссақ, біз ЖҰӨ-ді аламыз. Табыстарға мыналар кіреді: жалақы, рента, пайыз, пайда, жанама салықтар, амортизациялық төлемдер. Екінші рет қайталанған есеп болмас үшін ЖҰӨ кірмейтіндер:

1) аралық тауарлар немесе келесі қайта өңдеуге жіберілетін өнімдер. Оларға шикізат отын, көмекші материалдар т.б. жатады. Мысалы, ЖҰӨ-ге бидайдың, ұнның, ашытқының, наубайхана өндірісінің соңғы тауарларын алуға керекті заттардың құны кірмейді. Егер біз оларды ЖҰӨ-ке кіргізсек, онда ЖҰӨ-ның құнын қосылған құнның көлеміне өсірген болар едік, соңынан екі жақты есептеу пайда болар еді;

2) барлық өндірістік емес келісімдер немесе өндірілген өнім санының өсуіне ықпал етпейтіндер. Оларға: а) трансферттік төлемдер (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, т.б.); б) бағалы қағаздарды сату-сатып алу келісімдері; в) ұсталған заттарды сату-сатып алу.

Акселератор =

осы жылғы инвестицияның 

өткен жылғы ҰТ 

38 Нақты және номиналды жалпы ұлттық өнім. Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы. Көрсетілген (номиналдық), нақты дәйекті (фактылық) және потенциалды ЖҰӨ түрлерін ажыратады.

Өндірілген жылғы бағалармен есептелген ЖҰӨ-ді номиналды деп айтамыз. Бірақ бағалар өзгеріп отырады. Сондықтан, әр түрлі жылдардағы ЖҰӨ салыстыру үшін, баға индексімен берілетін баға деңгейін есептеу керек.

Осы жылғы баға индексі

=

Осы жылғы тауар бағасы

х 100 %

тура осындай тауардың базалық жылғы бағасы


Тұтыным тауарлары арқылы ғана есептелген баға индексі (тұтыну корзинасы) - тұтыным бағалары индексі (ТБИ) деп аталады.

Тұтыным бағалары өзгерісін ғана емес, сонымен бірге, инвестициялық және басқа да тауарларға қатысты бағалар индексі - ЖҰӨ-нің дефляторы деп аталады. Ол нақты ЖҰӨ-ді өлшеу үшін ақшалай (номиналды) ЖҰӨ корреляциялауға пайдаланылады.

Нақты ЖҰӨ

=

Номиналды ЖҰӨ

х 100 %

ЖҰӨ дерляторы (баға индексі)

Потенциалды ЖҰӨ - толық жұмыстылық кезіндегі өндірістің көлемі.

Дәйекті ЖҰӨ - циклдық жұмыссыздық жағдайындағы өндірістің көлемі.

39 Мультипликатор және акселератор түсініктері. Мультипликатор (лат. Multiplico – көбейтемін) – инвес­ти­ция өзгерісі мен табыс көлемі өзгерістері арасындағы байланысты көрсететін коэффициент.

Инвестиция өскен жағдайда ЖҰӨ-ң өсуі алғашқы қосымша инвестицияларға қарағанда анағұрлым үлкен көлемде жүреді. Осы көбейтуші, өсуші эффект (ЖҰӨ - көлемінде) мультипликациялық эффект деп аталады.

Мультипликатор МР =

өсірілген ЖҰӨ

=

 ЖҰӨ

өсірілген инвестиция

инвестиция

Мультипликатор – инвестицияның көлемінің өсуі кезін­де ЖҰӨ-ң өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент.

Айталық, инвестицияның өсімі 10 млрд. теңге болса, ЖҰӨ 20 мллр. Теңгеге өсіреді. Яғни, мультипликатор = 2.

 ЖҰӨ = МР х  инвестициялар,

Немесе, инвестицияның өсірілуіне көбейтілген мультипликатор ЖҰӨ өсірілуін көрсетеді.

Инвестицияның өсуіне табыстың өсу әсерін білдіру үшін акселератор қолданылады.

Акселератор (лат. ACCELERO - тездету) – берілген осы жылдағы инвестицияның өсуін, өткен жылдағы ұлттық табыстың өсуіне сандық қатынасын көрсететін коэффициент.

Ол инвестицияның өсуіне табыстық өсу әсерін білдіреді.

1Елдің тұтынымға қосымша шығыстары көбейген сайын, мултипкликатордың да мөлшері артады, яғни, берілген көлемде инвестицияның өсуі ЖҰӨ де өсіреді.

2. Халықтың қосымша жинақтаулары артқан сайын, мульти­пликатор мөлшері кемиді, яғни, берілген көлемде инвести­цияның өсуі ЖҰӨ де өсіреді.