- •1.Қазіргі заманғы өлшеу техникасының орны.
- •1)Өлшенетін технологиялық параметрлер. Технологиялық үрдістерді үздіксіз және дискретті сипаттамалары қатысатын өндіріс.
- •2)Теңестірілген және теңестірілмеген көпірлер
- •1)Температураны өлшеу. Жалпы мағұлмат. Температуралық шкалалар.
- •2)Бірорамды құбырлы серіппесі бар өлшеу аспабы
- •Температураны өлшеу құрылғылардың классификациясы. 8 билеттің 1 cұрағы
- •Қысымды деформациялық өлшеу құрылғының сезгіш элементтері
- •1)Манометрлік термометрлер түрлері, жұмыс істеу принципі.
- •Өлшеу аспаптардың абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателіктері. Өрнектері, анықтамалары
- •Термоэлектрлік термометрлер теориясы. Тэт негізгі теңдеуі.
- •Өқ сынауы және калибровкасы. Анықтамалар
- •1)Ұзартқыш термоэлектродтық сымдар
- •2) Өқ негізгі метрологиялық мінездемелері. Олардың классификациясы.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •Емтихан билеті № 15
- •1.Өлшеудің компесациялық әдісі.
- •2. Өлшеулер. Өлшеудің негізгі заңы. Өлшеу объекттері.
- •1.1 Кесте – Технологиялық процестің сипатына байланысты өлшенетін көрсеткіштердің түрлері
- •Емтихан билеті № 16
- •Тұрақты жұмыстық ток күші бар потенциометрдің сұлбасы.
- •2. Концентрацияны өлшеу. Жалпы мәліметтер. Концентрацияны өлшеу құрылғылардың классификациясы.
- •Емтихан билеті № 17
- •Жылулық саулелену. Теориялық кіріспе.
- •2.Айнымалы жұмыстық ток күші бар потенциометрдің сұлбасы.
- •Емтихан билеті № 18
- •1. Кедергі термотүрлендіргіштер (ктт). Металдық және жартылайөткізгіштік ктт.
- •2. Электромагниттік шығынөлшеуіштер. Сұлбасы және жұмыс істеу принципы.
- •Емтихан билеті № 19
- •1. Деңгейді өлшеу. Жалпы мәліметтер. Деңгей өлшейтін құрылғылардың классификациясы.
- •Емтихан билеті № 20
- •Тэт тізбегіне өлшеу аспабын қосу.
- •Сұйықтың, газдың, будың мөлшерін және шығынын өлшеу. Жалпы мәліметтер. Мөлшерін және шығынын өлшеу құрылғылардың классификациясы. Сұйықтықтар мен газдар тығыздығын өқ
- •13.2 Сұйықтықтардың тұтқырлығын өқ
- •Емтихан билеті № 21
- •1. Қысымды өлшеу. Жалпы мәліметтер. Қысым өлшеу құрылғылардың классификациясы.
- •9.2 Пьезоэлектрлік қысым өлшегіш түрлендіргіштер
- •9.3 Дифференциалды-трансформаторлы қысым өлшегіш түрлендіргіш
- •2. Акустикалық деңгей өлшеу құрылғылар.
- •1. Абсолютті қара дене. Планк заңы.
- •2. Деңгейдің кондуктометрлік сигнализаторлары.
- •1. Түстілік температурасы. Түстілік температураны өлшеу құрылғылары.
- •2. Жылулық шығынөлшеуіштер.Сұлбасы және жұмыс істеу принципы.
- •1. Жарықтық температура. Жарықтық температураны өлшеу құрылғылары.
- •2. Көлемдік санауыштар. Овалды шестернясы бар санауыштар.
- •1. Оптикалық пирометр.Сұлбасы, жұмыс істеу принципы.
- •2. Электрлік деңгей өлшеу құрылғылары.Сыймдылық деңгейөлшеуіштер.
- •1. Сильфонды дифманометр. Сұлбасы, жұмыс істеу принципы.
- •2. Айнымалы қысым құламасын шығынөлшеуіштер.
- •1. Оптикалық пирометр.Сұлбасы, жұмыс істеу принципы.
- •2. Электрлік деңгей өлшеу құрылғылары.Сыймдылық деңгейөлшеуіштер.
10 Билет
1-сурак
ТЭТ тізбегіне өлшеу аспабын қосу.
ТЭТ тізбегіне өлшеуіш құралды қосу
ТЭТ-тің термоЭҚК-ін өлшеу үшін оның тізбегіне өлшеуіш құралды ӨҚ көрсетілген екі сұлба бойынша қосу керек.
Екі сұлбада да өлшеуіш құралды тізбекке С өткізгіші арқылы қосылған деп қарастыруға болады (4.2 сурет).
Бірінші сұлбада (4.2 сурет, А) ТЭТ-те бір 1-жұмысшы дәнекер және 2, 3 екі бос дәнекер бар. Мұндай тұйық тізбектің термоЭҚК-і мынаған тең
ЕАВC(t, tо, to) = еАВ(t) + еВC(tо) + еCA(tо). (4.4)
немесе t = tо (яғни, дәнекердің температуралары бірдей), онда
ЕАВC(tо, tо, to) = 0 = еАВ(tо) + еВC(tо) + еCA(tо), (4.5)
еВC(tо) + еCA(tо) = еВА(tо)
болғандықтан
ЕАВC(t, tо, to) = еАВ(t) + еВА(tо) = еАВ(t) - еАВ(tо) (4.6)
(4.6) теңдеуі – ТЭТ-тің негізгі теңдеуі.
А) |
Б) |
||
|
|
||
4.2 Сурет – ТЭТ тізбегіне өлшеу құралын қосу сұлбалары |
|||
Екінші сұлбада (сурет 4.2, Б) ТЭТ-тің 1- жұмысшы дәнекер, 2-бос дәнекер, 3,4 екі бейтарап дәнекер. 3 және 4 ұштарының t1 температуралары бірдей болуы тиіс. t1 тұрақты температурасы болса
ЕАВC(t, t1, to) = еАВ(t) + еВC(t1) + еCВ(t1) + еВA(tо). (4.7)
еВC(t1) = - еCВ(t1) және еВA(tо) = - еAВ(tо) болғандықтан,
ЕАВC(t, t1, to) = еАВ(t) - еAВ(tо) (4.8)
(4.8) теңдеуі - ТЭТ-тің негізгі теңдеуі.
Сонымен, егер де А және В термоэлектродтары бірдей болса, және де жұмысшы және бос ұштарының температурасы бірдей болса, онда ТЭТ тізбегіне ӨҚ-дың қосылу сұлбаларының айырмашылығына қарамастан, термоэлектрлік термометрлер арқылы түзілетін термоЭҚК екі жағдайда да бірдей болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, егер өткізгіштің ұштарының температурасы бірдей болатын болса, онда термометрдің термоЭҚК-і сол тізбекке жаңа С өткізгішін енгізген жағдайда да өзгермейді.
Тақырыпқа байланысты қосымша мағлұматтарды [1,4-7] қарауға болады.
2- сурак
Эталондар, үлгі және жұмыстық өлшеу құрылғылары.
Үлгілі ӨҚ – жұмыстық өлшеу құралдарын тексеру және өлшемдеу үшін арналған ӨҚ. Үлгілі ӨҚ өлшеулерінің жоғарғы шегі тексерілетін аспаптың өлшеуінің жоғарғы шегінен жоғары немесе оған тең болуы қажет. Үлгілі ӨҚ рұқсат етілетін қателігі сынаққа түсетін аспаптың рұқсат етілетін қателігінен елеулі ( 4-5 есе) аз болуы қажет.
Жұмыстық ӨҚ мемлекеттік бақылау Мемстандартында тексеріледі. Үлгілі ӨҚ 1-разрядты мемлекеттік бақылау зертханаларында тіптен дәлірек үлгілі өлшеуіштермен, аспаптармен, түрлендіргіштермен тексеріледі. Үлгілі 2-разрядты ӨҚ сәйкесті жұмыс эталондары бойынша салыстыру жолымен 1-разрядты үлгілі ӨҚ, ал 1-разрядты ӨҚ өлшеуіштер мен өлшеу аспаптардың Мемлекеттік институттарында сәйкестік жұмыстық эталондармен (п.6.1) тексеріледі.
Эталон – жоғары дәлдік өлшеуіш, шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін тағайындалған, оның өлшемін басқа ӨҚ беру мақсатымен. Эталондарды жасау, сақтау және қолдануының жалпы талаптарын, классификациясын, және тағайындалуын орнататын МЕСТ 8.057-80 «МӨҚ. Физикалық шама бірліктердің эталондары. Негізгі ережелер».
Эталондардың келесі түрлерін ажыратады:
- біріншіреттік эталон – физикалық шама бірлігін қазіргі ғылыми-техникалық мүмкіндікке сай аса жоғары дәлдікпен жаңғыртатын эталон. Біріншіреттік эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін.
Ұлттық эталон метрология бойынша ұлттық органы мен ел үшін бастапқы ӨҚ сапасында бекітіледі.
Халықаралық эталондарды өлшеулер және таразылардың халықаралық бюросы сақтайды және қолдайды (ӨТХБ). Оның міндеті әртүрлі елдердің ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен, сондай-ақ өзара жүйелік түрде халықаралық салыстыру болады. ӨҚ жүйесінің негізгі шамалардың және туынды шамалардың эталондары салыстыруға жатады. Салыстырудың белгіленген кезеңдері тағайындалған: метр және килограмм эталоны әр 25 жылда; электр және жарық эталондары – 3 жылда бір рет;
- екіншіреттік эталондар – бірлік өлшемін сақтайды, сәйкес физикалық шаманың біріншіреттік эталонымен салыстыру жолымен алынады. Өзінің метрологиялық тағайыны бойынша екіншіреттік эталондар келесілерге бөлінеді:
- эталон-көшірме – бірлік өлшемін жұмыстық эталондарға беру үшін тағайындалған;
- салыстыру эталоны – кейбір себептері бойынша бір-бірімен тікелей салыстыруға мүмкіндігі жоқ эталондарды салыстыру үшін тағайындалған;
- эталон-куә – мемлекеттік эталонның өзгермегенін және сақталғанын тексеру және оны бұзылған немесе жоғалған жағдайда ауыстыру үшін тағайындалған. Кәзіргі заманда тек қана килограмм эталонның эталон-куәсі бар;
- жұмыстық эталон – жұмыстық өлшеу құралдарына бірліктер өлшемдерін беру үшін тағайындалған. Бұлар ең жиі таралған эталондар. Жұмыстық эталондар қажетті жағдайда разрядтарына бөлінеді. Біздің елімізде «жұмыстық эталондар» термині орнына «үлгілі өлшеу құралдары» термин пайдаланылады, ол басқа елдердің көбісінде пайдаланбайды.
Ең бірінші эталондар Францияда 1799 жылы ресми бекітілді және Францияның ұлттық мұрағатына сақтауға берілді (п.1.2.1).
