Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
427.88 Кб
Скачать

2. Көлемдік санауыштар. Овалды шестернясы бар санауыштар.

Көлемдік санағыштың жұмыс істеу принципі көлемі белгілі камераның көмегімен көлем өлшеуге және санағыштан өткен порция санын санауға негізделген.

Көлемдік санағыштар босатылатын және ығыстырылатын болып бөлінеді. Босатылатын санағыштың көлемдік камералары қатаң бекітілген, оның ішінен өлшенетін орта еркін ағып кете береді. Олар газ мөлшерін өлшеуге жарамсыз. Көлемдік санағыштардың осы түріне барабандық және аударылмалы санағыштар да жатады. Ығыстырылатын көлемдік санағышта камераны келесі порция үшін босату мақсатында өлшенген фазаны ығыстыратын жылжымалы қабырғалары болады. Көлемдік санағыштың бұл түріне жататындар: бір поршеньді; көп поршеньді; сақиналы; ротациондық;  құрғақ газды; ылғал газды; дискті.

11.1.1  Сопақ тісті доңғалақтан тұратын көлемдік санағыштар

Сопақ тісті доңғалақтан тұратын көлемдік санағыштар әртүрлі сұйықтарды, соның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін өлшеу үшін қолданады (11.1 сурет).

1 – корпус; 2,3 – сопақ тісті доңғалақ

11.1 Сурет - Сопақ тісті доңғалақтан тұратын көлемдік санағыштар

 Артықшылықтары: өлшеу дәлдігі жоғары, өлшеу мәнінен (0,5 1,0)%, қысым шығындары елеусіз, көрсетуі тұтқырлыққа тәуелсіз. Кемшіліктері: өлшенетін ортаны механикалық қоспалардан жақсылап тазарту қажет. Өлшеу шектері: 0,01 250 /сағ. D=12 250 мм

26 – билет.

1. Оптикалық пирометр.Сұлбасы, жұмыс істеу принципы.

Жұмыс істеу принципі градуирленген сәулелену көзінің спектрлік жарықтығын нақты дененің спектрлік жарықтығымен салыстыруға негізділген. Спектрлік жарықтықтардың сәйкестігін анықтайтын сезгіш элементтің рөлін адамның көзі атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

8.1 Сурет – Көрінбей кететін жібі бар оптикалық пирометрдің сұлбасы

 

Суреттегі белгілеулер: 1 – аспап объективі; 2 – жұтқыш жарық фильтрі; 3 – кіріс диафрагма; 4 – оптикалық лампа; 5 – шығыс диафрагма;     6 – қызғылт жарық фильтрі; 7 – окуляр; ӨО – өлшеу объектісі.

Объект температурасын өлшеу үшін 1-ді ӨО-не  бағыттағанда 4 оптикалық лампаның жібі 7 окулярда көрінуі тиіс. ӨО және 4 лампа жібінін  спектрлік жарықтықтарын салыстыру 0,65 мкм толқын ұзындығына жүреді, ол үшін окуляр алдында 6 қызғылт жарық фильтрі орнатылған. 3 және 5 диафрагма пирометрдің кіріс және шығыс бұрыштарын шектейді, олардың тиімді мәнінің арқасында ӨО мен объектив ара қашықтығының өзгеруі аспап көрсетуіне әсері болмайды.

         RБ  реостат көмегімен жіп жарықтығы өлшеу объектісінің көрінетін жарықтығына (ТжО = Тжж ) тең болғанша батареядан лампа жібіне баратынын тоқ күшін өзгертеді. Берілген теңдік орындалғанда  жіп объект фонында көрінбей кетеді (8.1 сурет). жетістігі жоғалып фондағы сурет объективті өлшеуде қарастырылады. Осы моментте лампа жібінің Тжж  жарықтық температурасы бойынша градуирленген миллиамперметр  көмегімен объекттің  ТжО жарықтық температурасын өлшейді. Содан кейін ТжО және ελ бойынша объекттің нақты Т  температурасын анықтайды (7.5 формула).

Оптикалық лампадағы жіп вольфрамнан жасалған, сондықтан 1400 оС-тан жоғары температурада аса қызбас үшін лампа алдына әлсіретуші немесе 2 жұтқыш жарық фильтрін орнатады. Жарық фильтрінің арқасында ӨО-нің көрінетін жарықтығы азаяды, бұл жіпті аса қыздырмауға және пириометрдің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Оптикалық пириометрде екі шкала пайдаланылады, біреуі жұтқыш жарық фильтрін қолданбағанда (800—1200 оС), екіншісі жұтқыш жарық фильтрін қолданғанда (1200—2000 оС) қарастырылады.

Оптикалық пириометрлердің өлшеу диапазоны 800-1200оС, дәлдік класы 1,5-4,0.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]