Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
427.88 Кб
Скачать

2. Деңгейдің кондуктометрлік сигнализаторлары.

Кондуктометрлік деңгей сигнализаторлары

Меншікті электрөткізгіштігі 10 См/м жоғары болатын сұйықтықтар мен сусымалы ортаның деңгейі жайлы сигнал беруге арналған

24 – билет.

1. Түстілік температурасы. Түстілік температураны өлшеу құрылғылары.

Спектрдің көзге көрінетін бөлігінде екі спектрлік интервалдағы энергетикалық жарықтыққа қатысты  түстілік температурасын өлшеу әдісі кең тараған. Т температурадағы нақты дененің түстілік температурасы деп λ1 және λ2 ұзындықтарында нақты дененің спектрлік энергетикалық жарықтықтарының қатынасы  абсолютті қара дененің спектрлік жарықтықтарының қатынасына тең болғандағы абсолютті қара дененің температурасын айтады.

 екені белгілі. (7.2), (7.3), (7.4) ескере отырып келесіні аламыз                  

                                                                      (7.6)

Сұр денелер үшін  λ1 = λ2  және  , онда .

Практикада нақты денелер сұр дене ретінде саналады: керамика, металл тотықтары, отқа төзімді материалдар, гранит және т.б. Түстілік әдістің артықшылығы айдан анық, өйткені жарықтық температура түстілік температураға қарағанда нағыз температурадан төменірек.

Спектрлік энергетикалық жарықтыққа қатысты жарықтық температурасын өлшейтін аспаптарды спектрлік қатынас немесе түстілік пирометрлері деп атайды.

Бұл пирометрлер екі толқын ұзындығына сәйкес спектрлік энергетикалық жарықтықтардың қатынасын өлшеу арқылы түстілік температурасын өлшеуге арналған.

Екі арналы және бір арналы түстілік пирометрлері  (ТП) бар.

Екі арналыда ТП-де әрбір сәулелену толқын ұзындығына сәйкес өлшенетін сигнал бір уақытта екі тәуелсіз арна бойынша жіберіледі. Осы сигналдардың қатынасынан объекттің түстілік температурасы ТТ анықталады.

Бір арналыда ТП-де екі әр түрлі монохраматты ағын оптикалық коммутатор көмегімен алма-кезек фотоэлектрлік қабылдауышқа жіберіледі.

 Екі арналы ТП көбінесе ТТ үлкен жылдамдықпен анықтау қажет болғанда зертханалық жағдайда қолданылады. Ал бір арналы ТП тұрақтылығы жоғары болғандықтан кең қолданыста болады.

 8.3 Сурет – Бір арналы ТП сұлбасы

 Суреттегі белгілеулер: Т–телескоп; 1–өлшеу объектісі; 2–оптикалық жүйе; 3–обтюратор (екі тесігі бар диск, біреуі қызғылт жарық фильтрі, екіншісі көк); 4–фотоэлемент; 5–алдын-ала күшейткіш; 6–сигналдар түрлендіру блогы ТБ (оның ішінде: дифференциалды тізбек, пик-детектор, RC тізбекті логарифмдік түйін,   амплитудалық кернеу шектегіш, фильтр); 7 – синхронды ауыстырып-қосқыш; 8–синхронды қозғалтқыш;  9–автоматты потенциометр.

Синхронды қозғалтқыш көмегімен обтюраторды бұрағанда фотоэлементке кезктесіп қызғылт және көк спектрлік жарықтық сәулесі  түседі, нәтижесінде фотоэлементте фототок импульстері қалыптасады, олар спектрлік жарықтыққа тура пропорционал.

Фототоктың импульсы 5 күшейткіште күшейтіліп, трапеция формасындағы кернеу импульстері түрінде  ТБ-ға келіп түседі.

ТБ шығысындағы автоматты потенциометр тоқтың тұрақты құрамын өлшейді: , онда ТП =>ТТ => Т қатынасын өлшейдіі.

ТП диапазоны  1400-2800 оС, дәлдік классы 1,0.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]