Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
427.88 Кб
Скачать

12 Билет

1-сурак

Нормалды термоэлектрод.

Қалыпты термоэлектрод

Әртүрлі екі термоэлектродтардан құрылған ТЭТ­-тің қасиетін бағалау үшін термоэлектродтың қалыпты термоэлектродпен бірге жұптасып түзетін термоЭҚК-ін білсе жеткілікті. Стандарт бойынша қалыпты термоэлектрод ретінде таза платина электроды қарастырылады.

Егер әртүрлі А,В,.....,N термоэлектродтық материалдармен платина П жұптасып түзетін термоЭҚК-і белгілі болса, онда Вольт заңы бойынша термоэлектродтардың кез-келген комбинациясы үшін жұмысшы ұшы және бос ұштарындағы белгілі температураға сәйкес термоЭҚК-ті анықтауға болады.

П платина термоэлектродына қатысты екі А және В өткізгішінің термоЭҚК-і белгілі болсын делік (жұмысшы ұшының температурасы tоС және бос ұштарындағы toоС): А термоэлектроды мен қалыпты термоэлектродпен бірге ЕАП(t, tо) түзеді, В термоэлектроды мен термоэлектродпен бірге ЕВП(t, tо) түзеді.

ТЭТ-тің басты теңдеуі

ЕАП(t, tо) = еАП(t) - еAП(tо) (3.6)

және

ЕВП(t, tо) = еВП(t) – еВП(tо). (3.7)

(3.7) және (3.6) айырмасын есептегенде

ЕАП(t, tо) - ЕВП(t, tо) = [еАП(t) - еВП(t)] – [еAП(tо) - еВП(tо)] =

= [еАП(t) + еПВ(t)] – [еAП(tо) + еПВ(tо)] = еАВ(t) - еАВ(tо) = ЕАВ(t, tо).

Осыдан

ЕАВ(t, tо) = ЕАП(t, tо) - ЕВП(t, tо). (3.8)

(3.8) теңдеуінен келесі белгілі, екі А және В өткізгіштің үшінші қалыпты өткізгішпен жұптасып түзетін термоЭҚК-і белгілі болса, онда А және В өткізгіштен құрылған ТЭТ-тің термоЭҚК есептеп анықтауға болады.

(3.8) формуласында ЕАВ(t, tо) оң болуы, ал А термоэлектроды В-мен жұптасқанда оң болатынын көрсетеді. Ал мәні ЕАВ(t, tо) теріс болса А термоэлектрод теріс болатынын көрсетеді.

Анықтама кітаптардан t=100оС және t=0оС кезіндегі әртүрлі материалдардың платинамен жұптасқандағы термоЭҚК-ін табуға болады.

Әртүрлі материалдарың термоЭҚК-ін анықтаудың қарастырылған әдісі құнсыз металдардан ТЭТ құрастырғанда қолданылады.

Тақырып бойынша қосымша мағлұматты [1, 4-7] алуға болады.

2- сурак

Оптикалық газталдауышы.

Оптикалық газталдауыштар.Оптикалық газталдауыштарда анықталып жатқан компоненттің концентрациясы газдық қоспаның оптикалық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты анықталады. Оптикалық қасиеттері: сыну көрсеткіштері, спектральді жұтылу мен сәулелену, спектральді тығыздық және т.б.

Оптикалық газталдауыштарды үш топқа бөлуге болады: инфрақызыл және ультракүлгін – жұтылу; спектрфотометрикалық; фотокалориметриялық. Оптикалық газталдауыштар үлкен рұқсаттық қасиетке ие, осыған байланысты оны кәсіпорын ғимараттарында және атмосферада ауаны бақылау кезінде өндірістік газдардағы токсикалық және жарылыс қаупі жоғары қоспалардың микроконцентрациясын талдаған кезде қолданады.

Әрбір газ белгілі жұтылу спектрімен сипатталады: өзінің құрамында екі не одан көп әртүрлі атомдары (СО, СО2, СН4, NН3) бар газдардың жұтылу спектрі инфрақызыл ИҚ бөлігінде. Біратомды газдар спектрдің ультракүлгін бөлігімен сипатталады.

Мұндай талдауыштардың өлшеу диапазоны 0 –1%  бастап 0 – 100% дейін. Дәлдік класы 2,5-10 (өлшеу диапазонына байланысты).

Кәсіпорындарда шығарылатын инфрақызыл спектр бөлігіндегі оптико-акустикалық газталдауыштардың типтері: ГИП 10МБ-1 – СО, ГИП 10МБ-2 – СО; ГОА–4 – СО; СО2; С2Н2; СН4 т.б.; спектрдің ультракүлгін бөлігінде: УФА 1 – Сl2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]