Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
S_R_S_RyoR_R_R_RiRyoS_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.9 Кб
Скачать

1.Әлеуметтік рөлдің құрылымы.

Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы әр алуан қырынан қарастырылады. Мәселен, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық (детерминшілдік) байланысы, бір-біріне бағыныстылық тәртібі анықталар кезде, қоғам, әдетте (мысалы, марксшілдік социологияда) негізгі төрт арна — экономика, әлеуметтік саяси және рухани (идеологиялық) саланы біріктіретін тұтас жүйе ретінде алынады. Осы салалардың әрқайсысы қоғамға қарым-қатынасы бойынша оның жүйешесі (подсистема) ретінде де қарастырылады. Мұндай кезде бұл жүйелердің әрқайсысы өзінен кейінгілерге елеулі ықпалын тигізеді; ал олар өз кезегі келгенде алдыңғыларына қайыра әсер етіп отырады.

2.Конфликтология (р. Дарендорф).

Конфликт (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы.

Қазіргі заманда Тартыс мәселесін зерттейтін ғылым саласы – “Конфликтология” деп аталады.

Конфликтология конфликттердің басталуы мен аяқталуы жайындағы кейбір бағыттарын қарастыратын көптеген теориялардан дамуын табады. Конфликтологияның зерттеу нысанына конфликттің барлық түрі жатады, конфликтология құралын конфликтке әкеп соқтыратын топтың немесе тұлғаның әрекеті жатады. Конфликттерді зерттей келе ғалымдар қоғам өмірінде конфликттер жағымды рөл атқарады деген шешімге келді. Қазіргі уақыттағы конфликт теориясының бастамасы бірқатар социолог ғалымдардың зерттеулері жасады. Солардың ішіндегі танымалы – Г.Зиммель, конфликттің функционалдық теориясының авторы ХХ ғасырдың 60 жылдар ортасында неміс оқымыстысы Р.Дарендорф, соңынан “қоғамның конфликттік моделі” атанған әлеуметтік конфликт теориясын айтып өтті.

3.Индикаторлар

Индикатор, әлеуметтік объектілердің көрсеткіші, олардың күйлерін , қызмет ету процестерін және дамуын көрсетеді, салыстыру құралы болып табылады.

4.Моралдік санкциялар-қоғамның этикалық құндылықтарын қолдауға бағытталған ықпал ету шаралары.

Билет №12

1.Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы.

Отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Ал, неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып табылады. Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Отбасының негізгі қызметтеріне: 1. Жыныстық қатынастарды ретттеу. 2. Репродуктивті функция. 3. әлеуметтендіру қызметі. 4. Эмоционалды қанағаттандыру функциясы. 5. Статустық қызмет. 6. Қорғау функциясы. 7. Экономикалық қызмет.

2.Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).

Американ социологиясының классигі Т.Парсонс социологияны мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі. Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді. Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады. Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды.

3.Интервалдық шкала – «белгілі бір бірліктер санынан көбірек-белгілі бір бірліктер санынан азырақ» принципі бойынша классификацияланатын шкала. Шкала пункттер арасындағы өлшенген интервалдарды толығымен реттелген қатарларды көрсетеді. Әрбір белгінің мүмкін мәндері басқадан тең қашықтықта тұрады. Мұндай шкаланы құрудағы қиындық-тең болуын негіздеу немесе пунктер арасындағы дистанцияның айырмашылығын көрсету керек. Егер тапсырманы шешу уақытын секундпен өлшейтін болсақ, онда бұл интервалдар шкаласымен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]