Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элмаш шпор распечатать.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

55. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принціпі.

Асинхронды машина негізгі екі бөліктен: қозғалмайтын бөлік-статордан және айналмалы бөлік-ротордан құрылады. Статор мен ротордың арасында ауа саңылау (0,2-3мм) бар. Ауа саңылауының шамасын үлкейткен кезде қуат коэффициенті (cos f) және қозғалтқыштың айналдыру моменті азаяды.

Статордың денесі сақина тәріздес жұқа электротехникалық болат табақтарынан жиналады. Статордың ішкі орамасын жатқызу үшін арнаулы ойықтар штампталады.

Статор орамасымен бірге машинаның қозғалмайтын табанына бекітіледі. Ротордың денесі де электротехникалық болат табақтардан жиналады да, машинаның білігіне бекітіледі.

Ротордың құрылысына қарай асинхрондық қозғалтқыш қысқа тұйық талған роторлы және фазалық роторлы болып екі түрге бөлінеді.

Статордың орамасына үшфазалы айнымалы токты жіберген кезде айналмалы магнит өрісі пайда болады, бұл өріс ротор мен статордың арасындағы ауа саңылауында тиісті жиілікпен айналады да, ротор орамасының өткізгіштерін кесіп өтеді. Орамада ЭҚК пайда болады. Егер де ротордың орамасы қысқа тұйықталған болса, онда ток жүре бастайды.

Ораманың өткізгіштеріндегі ток пен статордың айналмалы магнит өрісінің арасындағы өзара әрекеттесудің арқасында механикалық күш пайда болады, оның бағыты “сол қол” ережесі бойынша анықталады. Егер механикалық күшті Ѓ ротордың білігімен өткізгіштің осьтік сызықтары ара- қашықтығына (R) көбейтсек, айналдырушы моментті табамыз

 М=FR.

Ротордағы өткізгіштердің саны көп болады да, сол себептен қосында айналдырушы момент айналдырушы моменттердің қосындысына тең. Айналдырушы моменттің әсерімен қозғалтқыштың роторы айналмалы магнит өрісінің айналу жағына айналады.

56. Асинхронды қозғалтқыштың статор орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күштері.

Магнит ағыны өз айналасында стартор орамасы фазасының ораушы мөлшерінің өзгеруіне косинусоидалы тәуелділік болып енеді ж/е онда синусоидалы түрде ЭҚК генерацияланады.

Мұнда

Сонда стартор орамасындағы фаза орауыштарында индукцияның ЭҚК

E1=4,44Wk

57.Асинхронды қозғалтқыштың ротор орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күштері

58. Асинхронды қозғалтқыштың кернеулерінің теңдеулері.

Роторы қозғалыссыз кездегі үшфазалы асинхронды қозалтқыш

Асинхронды қозғалтқыштың ротор тізбегі ажыратылған және қозғалыссыз кезінде, ал статор кернеу және жиілігі электр желісіне қосылған болсын делік.

Статорға жататын барлық шамалар бірінші реттік деп аталады да, оларды “1” деген индекспен белгілейді, ал роторға жататын шамаларды екінші реттік деп атайды да, оларды “2” деген индекспен белгілейді.

U1 кернеуі әсерімен статордың орамасында бос жүріс тоғы I0 ағады. Осы ток құратын магниттеуші күш (МК) магнит өрісін тудырады, оның бір бөлігі Фm машинаның екі бөлігінің де орамаларымен, ал бір бөлігі Фm тек статор орамасымен ілініскен. Бірінші магнит ағыны негізгі, ал екіншісі сейілу магнит ағыны болып табылады.

Егер де р-асинхронды қозғалтқыштың полюстерінің жұп саны болса, онда МК  F1-дің айналу жиілігі n1-ге тең

.               

Негізгі ағын статор мен ротордың орамаларында Е1 және Е2 ЭҚК-терін тудырады         

;

мұндағы W1, W2-статор мен ротор орамаларының орам сандары; КОР1, КОР2-орамалардың орамалық коэффициенттері.

Қатынас      асинхронды қозғалтқыштың ЭҚК-терінің трансформация коэффициенті деп аталады. Оны тәжірибе жүзінде бос жүріс кезіндегі статор мен ротор орамаларының ЭҚК-терінің қатынасы ретінде анықтайды.

Сейілу магнит ағыны ФS1 әрбір статордың фазасында ĖS1=-jX1İ0 сейілу ЭҚК-терін индукциялайды. Сонымен бірге статор орамасының әрбір фазасында активтік кедергісі R1 бар. Бұл кедергіде R1İ0 кернеу түсуі болады.

Демек, статордың бір фазасы үшін ЭҚК-тердің тепе-тендік тендеуі мынадай болады

 

Асинхронды қозғалтқыштың осы тендікке сәйкес келетін орынбасу сұлбасы мен векторлық диаграммасы 7.2-суретте бейнеленген.

IО тоғы реактивтіек IОР және активтік IОА құрама бөліктерден тұрады. Реактивтік ток магнит өрісін қоздыруға, ал активтік ток статор мен ротордың өзекшелерінің болаттарындағы шығындарды өтеуге жұмсалады.

Орынбасу сұлбасына кіру үшін, яғни статор мен ротордың орамалары арасындағы электрлік байланысқа көшу үшін ротордың орамасын статордың орамасына келтіреді. Ол үшін шын мәнісіндегі ротор орамасы статор сияқты болады.

Осы кезде машинадағы энергетикалық қатынасты сақтау үшін екінші реттік ораманың параметрлері қайта есептелуі қажет.

Келтірген екінші реттік орама ЭҚК-і тең  

     Ротордың тізбегі ажыратылған кезде асинхронды қозғалтқыштың статорлық орамасында m1I2oaR1 статор мен ротордың өзекшелерінде pC1 және pC2 қуат шығындары болады. Осы қуат шығындарын өтеуге қозғалтқыш электр желісінен Р  қуат тұтынады

.