Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элмаш шпор распечатать.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

27.Қысқаша тұйықтау тәжрибесі бойынша қандай шығынды анықтайды?

Қ.т.кезінде трансформатордың тұтынатын қуаты Рк, электрлік шығындарды өтеуге жұмсалады.

28.Қысқаша тұйықтау кернеуі деген не ?

Қысқа тұйықталған трансформатордың орамасында номинал ток тудыратын кернеуді қысқа тұйықталу кернеуi (UҚ) деп аталады. Мұны, әдетте номинал кернеу U –нің пайызы түрінде көрсетеді uҚ

(3.4)

29.Келтірілген трансформатор деген не ?

Трансформациялау коэффициенті K=W1/W2-ге тең транcформатордың орнына орам саны W1W2/ -ге тең балама трансформатор пайда болады. Мұндай трансформатор келтiрiлген деп аталады.   Трансформатордың параметрлері келтірілген кезде, оның энергетикалық көрсеткіштері: қуаттары, қуат шығындары, параметрлері және арасындағы фазалық ығысулар өзгермеуі, яғни нақты трансформатордағыдай  болуы керек.

Нақты трансформатормен келтірілген трансформатордың электрмагниттік қуаттардың теңдігінен  (Е2 І2 = Е2/ І2/)

    табылады.

Бұған келтірілген екінші реттік токтың мәнін  қойғаннан кейiн табатынымыз

(2.І5)

Екінші реттік ораманың келтірілген кернеуі осыған ұқсас табылады

U2/=KU2

Екінші реттік ораманың активтік кедергісіндегі шығындардың теңдігінен  келтірілген активтік кедергіні табамыз

 Екіншілiк ораманың келтірілген реактивтік кедергісі ұқсас табылады

X2/=K2 X2. (2.17)

Екіншілiк ораманың келтірілген толық кедергісі

Z2/=K2 Z2.

31.Трансформатордың орынбасу схемасы.

Келтірілген трансформатордың ЭҚК-терінің және токтарының теңдеулері

Бірінші және екінші реттік тізбектер арасындағы магниттік байланыс электрлік байланыспен ауыстырылған, келтірілген трансформатордың орынбасу сұлбасын электр магниттік процестерді зерттеуге және қуат шығындарын анықтауға жеңілдік беретін әдіс деп тануға болады.

Келтірілген трансформатордың трансформациялау коэффициентi К=1-ге, яғни Е2= Е2/ -ке тең болғандықтан, А және а, X және x нүктелерінің потенциалдары бірдей болады, сол себептен бұл нүктелерді электрлік біріктiру арқылы орынбасу схемасын аламыз (3.1- сурет).

Бұл сұлба келтірілген трансформатордың ЭҚК-тері токтарының теңдеулеріне (2.І8) сәйкес құрылады және мына үш тармақтың жиынтығы болып табылады: кедергісі  Z1 = R1+jX1тоғы  İ1 – бірінші реттiк тармак, кедергiсi Z0=R0+jX0, тоғы  İ0 магниттеушi тармақ, кедергiсi Z2/ = R2/ +X2/, тоғы  İ2/-екiншi реттiк тармақ.

Орынбасу сұлбасындағы кедергi Zж –тiң шамасын өзгерту арқылы трансформатордың бүкiл жұмыс тәртiптерiн қарастыруға болады.

Z1, Z2/ және Z0 параметрлерi тұрақты болады; оларды бос жүрiс және қысқа тұйықтау тәжiрибелерi арқылы табуға болады.

32.Активті-индуктивті жүктеме кезіндегі трансформатордың векторлық диаграммасы.

Векторлық диаграмма (3.2-сурет) орынбасу сұлбасына және теңдеулерге сүйенiп тұрғызылады, ол арқылы токтардың, ЭҚК-тердiң және кернеулердiң ара қатысын көрнекі көруге болады