Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элмаш шпор распечатать.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

94.Фазалы ротордың құрылысы.

Фазалық ротор үш орамнан тұрады,олар өзара жұлдызшалап жалғанады.Орам ұштары білікке бекітілген мыс сақиналарға 1 жалғанған.Мыс сақиналар сырғымалы щеткілер 2 арқылы сыртқы тізбектегі реостататтарға 3 қосылады.Яғни ,асинхронды өозғалтқыштың негізгі конструкциялық бөліктері :ротор өзекшесі отырғызылғын білік,ртор білігі айналып тұрған подшипниктер орналасқан подшипник каналдары,статор өзекшесі бекітілген сыртқы қорап.

95.Қысқаша тұйықталған ротордың құрылысы.

Қысқа тұйықталған орамды ротор «тиін дөңгелегі» түрінде жасалып балқытылған алюминийден ыстық күйінде ротор өзекшесінің саңылауына қысыммен құйылады.

96. Асинхронды қозғалтқыштың айналу жиілігін жиілікті (f) өзгерту арқылы қалай реттейді ?

1 Электр желісінің жиілігін өзгерту арқылы айналу

жиілігін реттеу

Желістің жиілігін  f1 өзгерту үшін қозғалтқышты тәуелсіздік жиілік өзгерткіш арқылы қамтамасыз ету керек. Мұнда өзгерткіш ретінде қазіргі уақытта жартылай өткізгішті жиілік өзгерткіш қолданады.

Негізгі мынадай реттеу жағдайлар бар:

а) тұрақты момент кезінде, яғни M = Const кезде;

б) біліктегі тұрақты қуат кезінде, яғни P = Const кезде.

Механикалық сипаттамалардың қаталдығы жоғары болу үшін және жеткілікті жүктеу қасиетті сақтау үшін токтың жиілігі f1-мен бірге статор кернеуін UС да сәйкес өзгертіп тұру керек, яғни магнит өрісі тұрақты болу керек (Ф= UС/К f1= Const).

Жиілік және моменттің тәуелдігіне қарай кернеудің өзгерту заңы мынадай болады

,                                            (10.1)

мұнда жиілік сәйкес кернеу және момент.

Егер де қозғалтқыштың білігіндегі момент тұрақты болса, онда

(10.2)

яғни қозғалтқыштың кернеуі жиілікке пропорционалды өзгеру керек.

Қозғалтқыштың білігіндегі қуат тұрақты болғанда момент жиілікке қайта пропорционалды, яғни M//M=f1/f1/. Бұдан шығатын кернеу өзгерту заң

.                                                 (10.3)

Жиілік өзгерту арқылы реттеу қозғалтқыштардың тобын реттеу кезде қолданады (мысалы, тоқыма тармақта). Бұл реттеу түрі жылдамдықты кең диапазонда (10:1 20:1)  ырғақты өзгертуге мүмкіншілік береді.

97. Асинхронды қозғалтқыштың айналу жиілігін полюстер санын (р) өзгерту арқылы қалай реттейді ?

Статор орамасының полюстер санын өзгерту арқылы ротордың айналу жиілігін реттеу

Мұндай әдіс көп жылдамдықты деп аталатын арнайы асинхронды қозғалтқыштарға қолданады. Көп жылдамдықты қозғалтқыштар жылдамдықты баспалдақты (сатылы) өзгерткен кезде қолданады (металл өңдеу станоктар, лебедкалар, т.б.)

Полюсті – аударғыш ораманың жалғауы полюстердің санын 2:1 қатынасқа өзгерткенде өте жеңіл болады (10.1-сурет).

 Екі секция бір ізбен қосылғанда магнит өрісі төрт полюсті құрады (10.1 а – сурет); екі секцияны параллельді қоссақ, онда магнит өрісі екі полюсті құрайды (10.1 б-сурет).

Егер де статорда осындай екі ораманы орналастырсақ, онда төрт жылдамдықты қозғалтқыш болады. Мұндай қозғалтқыштар басқа сондай қуаты бар жалпы өнеркәсіп қозғалтқыштарға қарағанда көлемі және бағасы асырыңқы болса да кең қолданылады.